ОЦЕНИТЕ РАБОТУ АКИМА
14 июня 2021 | 15:23

Жарқанаттан жаңа вирустар табылып жатыр. Ғалымдар зерттеу жүргізді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Global Look Press Фото: Global Look Press

Конавирустың нақты қалай шыққанын ғалымдар әлі зерттеп жатыр. Ең жиі айтылатын болжам - бұл вирус жарқанаттардан тарады. Таяуда Қытай ғалымдары жарқанаттарды зерттеген. Нәтижесінде жарқанаттардан коронавирустың жаңа түрлері анықталды. Tengrinews.kz тілшісі жарқанаттарға жасалған кейінгі зерттеулер туралы баяндайды.


Иконка комментария блок соц сети

Конавирустың нақты қалай шыққанын ғалымдар әлі зерттеп жатыр. Ең жиі айтылатын болжам - бұл вирус жарқанаттардан тарады. Таяуда Қытай ғалымдары жарқанаттарды зерттеген. Нәтижесінде жарқанаттардан коронавирустың жаңа түрлері анықталды. Tengrinews.kz тілшісі жарқанаттарға жасалған кейінгі зерттеулер туралы баяндайды.

Қытай ғалымдарының зерттеуі

Таяуда Қытай ғылым академиясы мен Шандун университетінің ғалымдары SARS-CoV-2 және соған ұқсас вирустардың қалай пайда болғанын анықтау үшін зерттеу жүргізді. Зерттеу Cell журналында жариялады. 

Мамандар 2019 жылдың мамырынан 2020 жылдың қарашасына дейін жиналған 342 жарқанаттың сілекейі мен қалдықтарын зерттеді. Нәтижесінде коронавирустың 24 геномын тапты. 


Фото: Pixabay.com

Олардың ішінде COVID-19 пандемиясына себеп болған SARS-CoV-2-ге ұқсас төрт коронавирус анықталды. RpYN06 деп аталған сынаманың тек масақ ақуызында ғана айырмашылық болған: вирус оны жасуша қабырғасына жабысып алу үшін қолданады және әйгілі "тәж" осыдан құрылады.

Осы зерттеуден кейін ғалымдар қандай қорытындыға келді? SARS-CoV-2-мен тығыз байланысты вирустар жарқанаттар популяциясын жалғастырады. Ғалымдардың айтуынша, осы жарқанаттар адамға ауру алып келетін түрлі патогенді тасылмайды.

"Жарқанаттар адамдарда ауыр ауру тудыратын және Гендра вирусының, Марбург вирусының, Эбола вирусының және, ең алдымен, коронавирустың таралуымен байланысты әр түрлі патогеннің табиғи резервуары ретінде белгілі. Коронавирустар жарқанаттар мен адамдардан басқа көптеген үй және жабайы жануарларға, соның ішінде шошқа, ірі қара, тышқан, мысық, ит, тауық, бұғы және кірпіге жұғуы мүмкін", - деді ғалымдар.

Жапон ғалымдарының зерттеуі

Жапония қоғамдық телевизиясының мәліметінше, жарқанаттарды жапон ғалымдары да зерттеді. Токио университетінің ғалымдар тобы жарқанат қалдығынан геномы SARS-CoV-2 коронавирусына өте ұқсас вирус тапты.

Ветеринария медицинасы кафедрасының доценті, зерттеу жүргізген университет қызметкері Син Муракамидің айтуынша, жарқанаттардың биоматериалдары осыдан жеті жыл бұрын Жапонияда жиналған. Оларда кездесетін вирустың геномы коронавирус тудыратын SARS-CoV-2 геномымен 81,5 пайызға сәйкес келеді.


Фото: Reuters

Бірақ жапондар анықтаған вирустың адамға қаупі жоқ. Себебі ғалымдар тағы бір клиникалық зерттеу жүргізген, сонда бұл вирустың жарқанаттан адамға жұқпайтыны анықталған. 

Таиланд ғалымдарының зерттеуі

Жыл басында коронавирусқа ұқсас вирус Таиланд шығысындағы жарқанаттардан анықталған. Ғалымдар вирусты тай үңгірлеріндегі жарқанаттардан алынған үлгілерден тапты. Зерттеушілер адамға қауіпті вирустар Азияның кең аумағында тарауы мүмкін деген қорытындыға келді. Олардың зерттеуі Nature Communications журналында жарияланды.

Тайландта табылған вирусқа RacCS203 деген атау берілген. Оның геномы SARS-CoV-2-ге 91,5 пайызға ұқсас.


Фото: Reuters

Ғалымдардың пікірінше, коронавирустың пайда болуының негізгі гипотезасы - вирус жарқанаттар ағзасынан басқа жануар арқылы адамдарға тараған. Қытайдың Ухан қаласында коронавирус тараған базарда жануарлар көп, сол кезде вирус жарқанаттан панголинге жұққан болуы мүмкін.

Панголиннің ағзасында вирус жаңа ортаға бейімделіп, аздап мутацияға ұшыраған, кейін ол адамдарға жұққан деген болжам айтылды.

Ресей ғалымдарының зерттеуі

"Московский комсомолец" ақпаратына сүйенсек, Ресейде де ғалымдар жарқанатты зерттеген. Ресейлік ғалымдар Сочи мен Адлер арасындағы үңгірлерден екі жаңа коронавирус тапқан - Хоста-1 және Хоста-2. Бұлар SARS-CoV-2-нің ең жақын туыстары саналады екен.

Ғалымдардың айтуынша, олар тапқан вирустар басында Қытай жарқанаттарынан тараған вирустарға ұқсас.

Вирусолог, биотехнологиялық зертхананың жетекшісі Сергей Альховскийдің сөзінше, бір топ ғалым коронавирустың тасымалдаушылары өмір сүретін бес үңгірді - Музейная, Хоста 1, Колокольная, Партизанская, Красноалександровскаяны аралаған. Олар бұл үңгірлерде өмір сүретін жарқанаттарды зерттеген.


Фото: Сергей Альховский

Сараптама үшін жарқанаттардың қалдығы мен ауыз қуысынан жұғынды үлгілерін жинаған. Кейін оларды ПТР көмегімен зерттеген. Нәтижесінде екі жаңа вирус анықтаған.

РИА Новости мәліметінше, биология ғылымдарының кандидаты Илья Артюшин жарқанаттан адамға вирус жұғуына қатысты пікір айтқан. Оның сөзінше, бүгінде жүзге жуық коронавирус бар, алайда оның үшеуі ғана адамға қауіпті.

"Сондықтан, жарқанаттан дәл осы үш коронавирустың бірін жұқтыру мүмкіндігі аз деп айтуға болады. Әр түрлі жағдайлар болуы мүмкін екені анық, біз көп нәрсені білмейміз", - деді ол.

Артюшиннің айтуынша, адамзатқа белгілі коронавирустар жарқанаттардан жұққан. Бұл жануарлардан COVID-19 жұқтыру үшін "ерекше бір нәрсе" жасау керек. Мысалы, шикі жануарды жеу немесе оның қалдықтарымен ұзақ уақыт жұмыс істеу.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Курс валют

 494.98   521.17   4.92 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети