ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
28 декабря 2021 | 16:44

Коронавирусқа қарсы таблетка: Қазақстанға қашан келеді және қай елдер қолдана бастады?

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Көрнекі сурет: elements.envato.com Көрнекі сурет: elements.envato.com

Pfizer компаниясы коронавирусқа қарсы таблетка түріндегі дәрілік зат аралық зерттеу нәтижесі бойынша өлім-жітімнен 89 пайызға қорғайтынын мәлімдеген болатын. Компания мәліметінше, зерттеуге қатысқан науқастар ішінде 28-ші күні ешқандай өлім жағдайы тіркелмеген. Зерттеу барысында 1219 ересек адамның мәліметі қолданылған. COVID-19-ға қарсы таблеткалар бүгінде қай елдерде қолданыла бастады және ол Қазақстанға жеткізіле ме? Tengrinews.kz тілшісі шолу жасады. 

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Pfizer компаниясы коронавирусқа қарсы таблетка түріндегі дәрілік зат аралық зерттеу нәтижесі бойынша өлім-жітімнен 89 пайызға қорғайтынын мәлімдеген болатын. Компания мәліметінше, зерттеуге қатысқан науқастар ішінде 28-ші күні ешқандай өлім жағдайы тіркелмеген. Зерттеу барысында 1219 ересек адамның мәліметі қолданылған. COVID-19-ға қарсы таблеткалар бүгінде қай елдерде қолданыла бастады және ол Қазақстанға жеткізіле ме? Tengrinews.kz тілшісі шолу жасады. 

Сарапшылар таблетка жағдайы нашар елдерге жетпей қала ма деп алаңдаулы

Денсаулық сақтау бойынша халықаралық сарапшылар тобы Merck компаниясы дайындаған коронавирусқа қарсы препараттар алаң тудырып отырғанын мәлімдеген болатын. Бұл туралы коронавирусқа қарсы дәрілердің қолжетімді болуын жеделдету бойынша дайындалған есепте айтылған. Сарапшылар дәрілер вакциналардың оқиғасын қайталауы мүмкін екенін айтады - яғни вирусқа қарсы таблеткаға мұқтаж елдер кезекте тұрып қалуы мүмкін.

Reuters мәліметінше, қазандағы жағдай бойынша, Африкада халықтың 5 пайызы ғана вакцина салдырған. Салыстырмалы түрде, жағдайы жақсы көптеген елде халықтың 70 пайызы вакцина салдырған. Сарапшылар таблеткалар жағдайы төмен елдерге жетпей қала ма деп алаңдаулы.

Фото: REUTERS

Жалпы жыл соңына дейін Merck компаниясы таблетканың 10 миллион курсын, ал келесі жылдың соңына дейін 20 миллион дозасын шығаруды жоспарлап отыр. Айта кетейік, таблетканы күніне екі рет бес күн бойы ішу қажет екен. 

Қай елдер қолдана бастады?

Коронавирусқа қарсы таблеткаларды қолдануды мақұлдаған алғашқы елдердің бірі - Ұлыбритания. Елде америкалық Merck және Ridgeback Biotherapeutics компаниясы дайындаған таблетканы қолдануға рұқсат берілді. Қазанда жүргізілген зерттеу бойынша, таблетка коронавирус жұқтырып, тәуекел тобында жатқан адамдарда өлім жағдайын екі есе азайтатыны анықталған. Ұлыбритания мен Merck 480 мың курсын жеткізуге келіскен.

Қазанда АҚШ Pfizer фармацевтикалық компаниясының коронавирусқа қарсы "Паксловид" (Paxlovid) таблеткасының 10 миллион тәжірибелік дозасын алуға келісім жасады. Келісімге сәйкес, таблеткаларды сатып алуға 5,29 миллиард доллар бөлінген. Курстан өтетін науқастар "Паксловидтің" екі таблеткасын және тағы бір вирусқа қарсы дәрі - "Ритонавирді" ішетін болады.


Фото: REUTERS

Жапония коронавирусқа қарсы таблеткаларды сынақтан өткізуді шілдеде бастады. Елде "Сионоги" (Shionogi & Co) компаниясы өндірген дәрілер сынала бастаған. Компания директоры Исао Теширогидің сөзінше, күніне бір рет қолдануға арналған таблеткалар іс жүзінде вирустың көзін бес күн ішінде жояды. Препарат протеазаның белсенділігін төмендетеді. Бұл адам ағзасындағы жасушаны көшіретін ферменттер.

РИА Новости мәліметінше, сынақ келесі жылға дейін жалғасады. Бүгінде Жапонияда тәжірибеден өтіп жатқан препараттар адамды аурудың асқынуынан қаншалық құтқаратыны белгісіз.

Ал Азияда америкалық Pfizer компаниясының COVID-19-ға қарсы таблеткаларын шұғыл қолдануды мақұлдаған алғашқы ел - Оңтүстік Корея. Елде Азық-түлік және дәрі-дәрмек қауіпсіздігі министрлігі "Паксловид" препаратын коронавирусты емдеу үшін қолдану керек деген қорытындыға келген сарапшылар тобының отырысы өтті.

Сынақтың бастапқы деректері оның ауыр аурудан зардап шегетін науқастарды ауруханаға жатқызбауға, өлім қаупін айтарлықтай төмендететінін көрсетті. "Паксловид" 12 жастан асқан науқастарды емдеу үшін қолданылады.

Қазақстан үкіметі қандай шешім қабылдады?

24 қарашада Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанға коронавирусқа қарсы препараттарды жеткізу туралы сұрақтарға жауап берді. Ведомство мәліметінше, Денсаулық сақтау министрлігі Pfizer компаниясымен құпиялық туралы келісім жасаған және "препаратты жеткізу туралы ақпарат жария етуге жатпайды".

"Бүгінде Paxlovid таблеткасын қолдануға рұқсат жоқ. Сондықтан дәріні жеткізу туралы сұрақтар коронавирус жұқтырып, емделгендегі тиімділігіне байланысты болады", - деді денсаумин өкілдері Tengrinews.kz тілшісінің ресми сауалына берген жауабында.

Министрлік өкілдері бүгінде препарат клиникалық зерттеуден өтіп жатқанын атап өтті. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 522.58  course up  549.54  course up  5.08  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer