ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
23 сентября 2021 | 13:14

"Студенттерге еркіндік берілді" - Гарвард профессоры пандемиядағы оқу туралы айтты

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Томико Браун-Нагин - АҚШ-тың ең көне әрі ең атақты оқу орны Гарвард Рэдклифф институтының деканы. 51 жастағы профессор Америка ғылым академиясының, Заң институтының және АҚШ адвокаттар бірлестігінің тұрақты мүшесі ретінде тіркелген. Кейінгі онжылдықта ЖОО-да білім беру реформасы бағытында ғылыми еңбек жазып жүрген Браун-Нагин Tengrinews.kz тілшісіне сұхбат беріп, Гарвардтың жаһандық пандемия кезеңіндегі қашықтан оқыту жүйесіне қалай икемделгенін әңгімелеп берді. 

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Томико Браун-Нагин - АҚШ-тың ең көне әрі ең атақты оқу орны Гарвард Рэдклифф институтының деканы. 51 жастағы профессор Америка ғылым академиясының, Заң институтының және АҚШ адвокаттар бірлестігінің тұрақты мүшесі ретінде тіркелген. Кейінгі онжылдықта ЖОО-да білім беру реформасы бағытында ғылыми еңбек жазып жүрген Браун-Нагин Tengrinews.kz тілшісіне сұхбат беріп, Гарвардтың жаһандық пандемия кезеңіндегі қашықтан оқыту жүйесіне қалай икемделгенін әңгімелеп берді. 

Ол 2018 жылдан бері Гарвардқа қарасты Рэдклифф институтында конституциялық құқық және заң пәндері бойынша дәріс оқып, жетекшілік етіп келеді.

"Заң саласындағы мамандардың басым бөлігі ЖОО-дан гөрі жеке компанияларда жұмыс істегенді жөн санайды. Бұл менің жеке ойым емес, АҚШ статистика қызметінің дерегі осыған саяды. Алайда, екінің бірі Гарвард университетінде оқытушы бола бермейді. Мұндағы талап пен тәртіптің орны ерекше. 30 жылдан астам кәсіби тәжірибемдегі жеткен ең басты жетістігімді осы оқу орнымен байланыстырамын", - деп бастады ол сөзін.


Профессор Томико Браун-Нагин әріптестерімен бірге

"Коронавирусқа қарамастан Гарвард өз шыңында"

Оның айтуынша, қазіргі таңда COVID-19 індетінің таралуына байланысты 400 миллионнан астам студентке онлайн оқуға тура келді.

"Бұл біз үшін ешкім күтпеген, ешкім дайын болмаған тәжірибе болды. Десе де, өте аз уақыт ішінде студенттер мен мұғалімдердің қауіпсіздігін сақтап, ұтымды шешім қабылдауға жол аштық. Оқу ошақтары дәстүрлі білім беру жүйесінен алшақтаған сайын бізге сын көзбен қарайтындардың қатары көбейді. Гарвард университі үшін коронавирус жағдайындағы өмір салтына жедел әрі сәтті бейімделуден басқа жол қалған жоқ. Нәтижесі жаман емес: QS даярлайтын әлем университеттерінің 2021 жылғы рейтингінде 98,4 ұпаймен үздік үштікке қайта ендік", - дейді Браун-Нагин.

"Қашықтан оқытуға, ең алдымен, мұғалімдерді дайындадық"

Томико Браун-Нагин Гарвардта 3000-нан аса оқытушы сабағын онлайн өткізіп жүргенін айтты. Олардың арасында заманауи технологиялардың тілін жетік меңгермеген мамандар да бар.

"Оқытушылар үшін IT саласы қызметкерлерін жалдап, бүгінде ең тиімді деп танылған платформалардың қыр-сырын үйреттік. Мұғалімдер блогы үшін арнайы call-орталық құрып, кез келген уақытта керек ақпаратын алуға жағдай жасадық. Кейіннен университет мұғалімдері өз модульдерін және қосымша құжаттарын электронды жолмен кодтауды меңгеріп шықты. Сонымен қатар, оқытушыларымыз жыл басында бекітілген оқу жоспарын өзгертіп, цифрлық форматқа сәйкестендірді. Дәл осы жағдайда Университет басшылығы студенттерден бұрын мұғалімдердің дайындығына көңіл бөліп, жан-жақты сараптама жүргізді. Осы тұста білім беру ісіндегі жаңашылдыққа ерекше қызығушылық танытып, оның ауыртпашылығына мойынсұнбаған ұстаздарымызды ерекше атап өткім келеді", - деді профессор.    

Профессор Томико Браун-Нагин әріптестерімен бірге

COVID-19 кезінде студенттерге қандай жағдай жасалды?

"Біріншіден, студенттер үшін кітапханамыздың басым бөлігін цифрлап үлгердік. Бұл 10 миллион томға жуық еңбек бұрынғыдан да қолжетімді бола түсті дегенді білдіреді. Екіншіден, Академия қызметтерінің санын арттырып, кері байланыс сапасын жақсарттық. Үшіншіден, студенттердің электронды үлгерімін қадағалау жүйесін жетілдіріп, ақпарат алмасу форматын мультимедияға айналдырдық. Бір сөзбен айтқанда, жаңа мобильді қосымша іске қосылды", - деп атап өтті Томико Браун-Нагин.

Сондай-ақ, Гарвард деканы университеттегі вакцинация және студенттердің қауіпсіздігі турасында баяндап берді.

"Оқушыларымыздың басым бөлігі 2 компонентті вакцина салдырды. Қандай да бір себеппен екпе алмаған студенттерімізді ешқандай да санкцияға іліктірмей, олардың үйден қажетті деңгейде білім алуына жағдай жасадық. Университетке келіп оқитын студенттер міндетті түрде маска тағып, аптасына бір рет коронавирусқа тест тапсырады. Дәріс залдары күніне 3 рет санитарлық шараларға сай дезинфекциядан өтеді. Кампустағы тәлімгерлерімізге де ерекше көңіл бөлінген. Жатып оқитын студенттер күнделікті медицина қызметкерлерінің бақылауында тұр. Тіпті, оларға тамақ жеткізу қызметіміз де бар", - дейді ол.

Томико Браун-Нагин мінберден сөйлеп тұр

"Онлайн оқыту бойынша Гарвардтағы ерекшеліктер"

"Біздің мақсатымыз - көзбояушылыққа жол бермеу. Студенттерге еркіндік берілді. Олардың игілігі үшін оқу бағдарламасын бірнеше күнтізбеге келтірдік. Студенттердің оқу кестесін өздерінің ыңғайына сай қып құрғанын қаладық. Енді тәлімгерлер видео және аудиосабақтармен, ғылыми семинарлармен қалаған уақыттарында таныса алады, өйткені материалдар алдын ала жүктеліп қойған. Көптеген лекциялар подкастқа жазылды. Бұл да бөлек платформа десек болады", - деді Гарвард деканы.  

Radcliffe Day шарасында

Томико Браун-Нагинның сөзінше, енді студенттер жан-жақтылыққа бейімделіп, оқытушылардан тәуелділігін азайтты.

"Осы уақыт аралығында қол жеткізген ерекшелігіміз деп студенттердің сан алуан білім көзін өз кәдесіне асырып, ғылыми ізденіске мұғалімнің көмегінсіз келгендерін айтар едім", - деді ол.

Әңгімелескен Мұхтар Жәмішжанов
Суреттер профессордың жеке мұрағатынан

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer