Таяуда NASA көлемі Жермен бірдей және өз жұлдызының орналасу аймағындағы алғашқы экзоғаламшарды ашқан. Бұған дейін де Жерге ұқсас, тіршілік белгісі бар ғаламшардың бірнешеуі анықталған. Tengrinews.kz порталы соңғы жылдары ашылған экзоғаламшарларға шолу жасайды.
Таяуда NASA көлемі Жермен бірдей және өз жұлдызының орналасу аймағындағы алғашқы экзоғаламшарды ашқан. Бұған дейін де Жерге ұқсас, тіршілік белгісі бар ғаламшардың бірнешеуі анықталған. Tengrinews.kz порталы соңғы жылдары ашылған экзоғаламшарларға шолу жасайды.
Биыл 7 қаңтарда NASA сайтында жаңа ғаламшар табылғаны хабарланған. Планета TOI 700 жұлдызының жүйесінен ашылды. Бұл жүйеде үш ғаламшар бар. Ғалымдар TOI 700 d деп атаған ғаламшарда су болуы мүмкін екенін айтады. Оның көлемі Жерден 20 пайызға үлкен. TOI 700 b ғаламшарының көлемі Жерге ұқсас, оның беті жартас деп болжанып отыр. Тағы бір планета TOI 700 c газдан құралған деген болжам бар.
Жұлдыздар жүйесіндегі үш планетаны да ғалымдар TESS спутнигінің көмегімен тапқан.
NASA видеосының кадры
Онда судың сұйық формадағы баламасы бар болуы мүмкін. Ғаламшар Алтын балық жұлдыздар тобында, 100 сәулелі жыл қашықтықта орналасқан.
Түсінікті болу үшін айта кетсек, астраномияда сәулелі жыл деп сәуленің жердің бір жылында өтетін қашықтықты айтады. Яғни, бір сәулелі жыл - шамамен, 10 триллион шақырым.
Жақында ашылған экзоғаламшар - М спектр деңгейіндегі суық ергежейлі планета. Оның массасы Күн массасының 40 пайызына тең.
TESS спутнигі былтыр да жерге ұқсас бір ғаламшар тапқан болатын. GJ 357d деген атау алған ғаламшар GJ 357 жұлдыздар жүйесінде орналасқан. Ол Жерден 31 сәулелі жыл қашықтықта жатыр. Ғаламшар туралы мәліметтер алғаш рет Astronomy & Astrophysics журналында жарық көрді. НАСА сайтында да ғаламшар туралы мәліметтер жарияланды.
Ғаламшарды тапқан неміс ғалымдарының мәліметі бойынша, оның массасы Жерден алты есеге көп. Бірақ зерттеушілер планетаның нақты көлемі мен құрамын әлі анықтамаған. Егер ғаламшар Жер секілді тасты болса, оның көлемі екі есе үлкен болуы мүмкін.
GJ 357d ғаламшарының иллюстрациялық суреті. © NASA
Ғаламшар өз жұлдызынан 56 күнде айналып өтеді. Ғалымдардың пікірінше, GJ 357d-де орташа ауа температурасы - Цельсий бағаны бойынша -50 градус. Бұл көрсеткіш бойынша ол Марсқа ұқсас. Бірақ ғалымдар ғаламшарда тірі организмнің өмір сүруіне қолайлы жерлер болуы мүмкін екенін айтады.
Былтыр израильдік ғалымдар Амри Вандель мен Лев Таль-Ор Тигарден жұлдызын айналып тұратын екі экзопланетаны зерттеуін аяқтап, нәтижесін жариялаған.
Тигарденнің B және C ғаламшарлары былтыр маусымда қызыл ергежейлі планеталарды іздеу барысында анықталған. Екі ғаламшар да өз жұлдыздарына жақын орналасқан. Олар жұлдызды 4,9 және 11,4 күннің ішінде айналып шығады.
Тигарден жүйесі © UNIVERSITY OF GÖTTINGEN, INSTITUTE FOR ASTROPHYSICS
Ғалымдардың пікірінше, ғаламшарларда су формасындағы сұйықтық болуы мүмкін. Екі планета да көлемі бойынша Жерге ұқсас. Ғалымдардың есептеуінше, Teegarden В ғаламшарында ауа температурасы 0-50 градус арасында. Ал Teegarden С температурасы Марс секілді деген болжам бар.
Тигарден жұлдызы Жерден 12,5 сәулелі жыл қашықтықта жатыр.
2017 жылы қарашада еуропалық ғалымдар жерге өте ұқсас және тіршілік иесінің өмір сүруіне қолайлы жаңа планета тапқанын мәлімдеді. Ғалымдар оған "Росс 128 B" деп ат қойған еді. Жаңа ғаламшарды HARPS технологиясы арқылы анықтаған. Зерттеу нәтижесі Astronomy & Astrophysics журналында жарияланды.
"Росс 128 B" ғаламшарының иллюстрациялық суреті.
Экзоғаламшар ғалымдарды бірнеше себеппен қызықтыра алды. Біріншіден, оның көлемі Жермен бірдей. Екіншіден, "Росс 128 В" Күн жүйесінен 11 сәулелі жыл қашықтықта орналасқан. Яғни, жаңа экзопланета тым алыста емес. Үшіншіден, ғаламшар өмір сүруге қолайлы белдеуде орналасқан.
Ғалымдардың мәліметіне сүйенсек, экзоғаламшарда ауа температурасы Жерге ұқсас болуы әбден мүмкін. Ол өз орбитасын 10 күннің ішінде айналып өтеді.
"Кеплер" телескопы ғалымдарға көптеген ғаламшарды ашуға көмектескен. 2014 жылы астрономдар көлемі жерге пара-пар, әрі тірі ағзаның өсіп жетілуіне қолайлы сызықшада орналасқан бөлек ғаламшардың барын анықтады. Оны "Кеплермен" тапқандықтан Kepler-186F деп айдар тағылған.
Kepler-186F ғаламшары. Фото nasa.gov сайтынан алынды
Жаңа ғаламшар жерден 500 сәулелі жыл қашықтықта орналасқан екен. Зерттеушілер жаңа табылған ғаламшар Kepler-186 жұлдызшасын өзіндегі тірі организмдердің өсіп жетілуіне қолайлы ара қашықтықта айналып жүретінін айтып отыр. Ғалымдар сондай-ақ, ол ғаламшарда судың сұйық формадағы баламасы бар болуы мүмкін деген де болжамдар айтылған.
"Kepler-186f ғаламшарының табылуы Жер планетасына ұқсас ғаламшарларды анықтауда қол жеткізілген үлкен жетістік болып саналады", - деді НАСА өкілі Пол Херц. Ғалымдар жуырда ғана табылған бұл ғаламшардың көлемі жерден сәл-ақ үлкен екенін айтуда. Сол себепті оны атомсферасы жердегіден өзгешелеу деп болжайды.
Былтыр астраномдар Гонджи Ли мен Ютонг Шан Kepler-186f ғаламшарын зерттеп, оны "екінші Жер" деп атаған. Бұл планетада да Жердегідей мезгіл бойынша ауа райы өзгертіп тұрады екен. Бұл да тұрақты климаттың, тірлішік белгісі бар екенін білдіреді. Профессорлар өз еңбегін астраномиялық журналда жариялаған.