ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
29 июня 2020 | 09:39

"10 миллион адамның бірімін". Әнші Айқын Төлепберген коронавирус жұқтырды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© instagram.com/aikyn © instagram.com/aikyn

Әнші Айқын Төлепберген COVID-19 жұқтырды. Бұл туралы ол Instagram желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Әнші Айқын Төлепберген COVID-19 жұқтырды. Бұл туралы ол Instagram желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Мына жаңа пневмония деген бәле маған да жетті. Екі күн дене қызуым көтеріліп жатып қалдым. Парацетамол іштім, дәрі іштім, капельница қойдым, ақыры қоймады. Амал жоқтан ауруханаға жатқызды. ПТР-ға тапсырдым, әлі дайын болмады. Мені қайта аяққа тұрғызып, тәубетімді қайтарған барша медицина қызметкерлеріне алғысым шексіз. Шынында, осы жерде ғана олардың тынбай, науқастардың жанын сақтауда еңбек етіп жатқанын көресің", - дейді әнші.

Төлепберген аурудың барына сенбейтіндерге үндеу жасады. 

"Барша сенбегіштерге айтарым, үйде отырыңыздар. Екі-үш жетіде Алла қаласа басыла бастайды деп ойлаймын негізгі толқын. Себебі жан-жақта бәрі не ауырып жатыр, не ауырып шықты. Мен сияқты жас жігітті аяқтан жеңіл жығып құлатқан бұл дерт өте қауіпті! Ең қуантарлығы, толық жазылған соң "смело" жүре беруге болады", - дейді әнші. 

Ал кеше әнші Instagram желісіндегі Stories функциясы арқылы оқырмандарының "Коронавирус жұқтырдыңыз ба?" деген сұрағына, ауруды жұқтырғанын растады. 

"Өкінішке қарай, мен де коронавирустың жаңа түрін жұқтырған 10 миллион адамның бірімін. Бірақ жағдайым дәрігерлердің арқасында жақсарып келе жатыр", - дейді әнші. 

Айта кетейік, бұған дейін Айқын Төлепберген коронавирусқа өзі де алғашында күмәнмен қарағанын жеткізген. 

"Достарым, таныстарым ауыра бастады. Ауруханаларда орын жоқ. Арақашықтықты сақтаңыздар", - дейді әнші. 

Еске салайық, бұған дейін әнші, актриса, продюсер Әсел Сәдуақасованың коронавирус жұқтырғаны хабарланды. 

"Мен де ауырып қалдым. Бәріміз бұл ауру мені айналып өтеді деп үміттендік, бірақ айналаңдағы адамның бәрі ауырып жатқандықтан қиын. Өзіңізді сақтаңыз, маған дұға жасап қойыңыз, аурудың қалай өтіп жатқанын xабарлап тұрамын. Сыртқа шыға бермей, өзіңізді сақтаңыз", - дейді актриса. 

Ал Қазақстанда 29 маусымдағы жағдай бойынша, жалпы 21 327 адам коронавирус жұқтырса, оның 12 933-і аурудан айыққан, 178 адам қайтыс болды. 

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer