ОЦЕНИТЕ РАБОТУ АКИМА
29 декабря 2020 | 12:00

"1000 адамға 27 500 теңгеден көмек". Танымал әншілер қазақстандықтарға алаяқтық туралы ескертті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Желіде отандық танымал тұлғалардың атынан парақша ашып, жалған ұтыс ойынын жасайтындар шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Иконка комментария блок соц сети

Желіде отандық танымал тұлғалардың атынан парақша ашып, жалған ұтыс ойынын жасайтындар шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Бүгін, 29 желтоқсанда продюсер, әнші Қыдырәлі Болман мен Қарақат Әбілдина екеуінің атынан алаяқтар парақша ашып, "ақша таратып жатқанын" айтты. 

Ұтыс ойынында "Қыдырәлі мен Қарақаттан көмек. Алғашқы 1000 адамға 27 500 теңгеден көмек", - делінген. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Кыдырали Болманов (@kydyrali_bolman)

"Өтірік ақпарат! Біз ешқандай ұтыс өткізіп жатқан жоқпыз! Алаяқтарға алданып қалмаңыздар!", - деп жазды әнші. 

Әншінің оқырмандары жалған ақпарат тарататын адамдарды жазалауды ұсынған. 

"Осындай өтірікшілерді қатаң жазалау керек, елді,өз халқын алдаған алаяқтар, күннен күнге көбейіп барады!!!", "Иә, өте дұрыс, елді жылатуға болмайды, онсыз да жағдай мүшкіл", "Халыққа ескертіп жатса да, жоқ, бар ақшаларын алаяқтарға береді. Аяғы көлгөсір болып жылайды", - деп пікір жазды әншінің оқырмандары. 

Бүгінде әншілердің атынан ашылған парақшада барлық ақпарат алып тасталған. 

Алаяқтар әнші Мейрамбек Бесбаевтың да атынан парақша ашып алған.

"Сенбеңіздер!", - деп жазды әнші.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ????????? ??????? (@m_besbaev)

"Шынайы байқау" парақшасындағы мәлімет бойынша, Мейрамбек Бесбаев 3 миллион ойнатып жатыр-мыс. Оған қатысушылар саны да аз емес: парақшадағы соңғы жазбаға 115 адам лайк басылып, 130 пікір жазылған.

Бесбаевтың Instagram-парақшасындағы оқырмандары әншіні оның атынан жалған парақша ашып, ұтыс жасағандарды анықтап, жазалауға шақырған. 

"Сенбеңіздер" деп жаза салғанша аяғына дейін кімдер ұйымдастырып отырғанын тауып жазалатпайсыз ба? Мүмкін содан кейін тоқтар бұлар", - дейді Жаңагүл есімді қолданушы. 

"Осыларға шынымен сот жоқ па? Әрбір танымал адамның 1-2 "фейк" парақшасы болады...", "Осындай әнші атын жамылып алдайтындар көбейді. Бір шектеу қою керек. Заман да, адам да азып бітті", - дейді Желі қолданушылары. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!  

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Курс валют

 494.98   521.17   4.92 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети