Үндістанда TikTok пайдаланушылары арасында қазақстандық әнші Бейбіт Қорғанның "Шоқ қыздар" әні танымал болды. Қазақ тіліндегі әнге 25 мыңнан аса видео түсірілген. Tengrinews.kz тілшісі әннің орындаушысы Бейбіт Қорғанмен сөйлесіп, осы челлендж туралы пікірін білді.
Үндістанда TikTok пайдаланушылары арасында қазақстандық әнші Бейбіт Қорғанның "Шоқ қыздар" әні танымал болды. Қазақ тіліндегі әнге 25 мыңнан аса видео түсірілген. Tengrinews.kz тілшісі әннің орындаушысы Бейбіт Қорғанмен сөйлесіп, осы челлендж туралы пікірін білді.
Бейбіт Қорған бұл челленджді көргенін айтады. "Шоқ қыздарды" төрт-бес елде әншілер өз тіліне аударып орындап жүр екен.
"TikTok желісіндегі үндістандықтардың челленджін көрдім. Бұл мен үшін өте үлкен жаңалық болды. Қуандым! Өйткені әнім 10 жылдан кейін қайта хит болып жатыр. Оның үстіне, үнді елінде, яғни, мен үшін, музыканың отанында ерекше бір жаңғырғанына қуаныштымын. Үнді халқының музыкаға деген ерекше сезіммен қарайтынын бала кезімізден көрдік. "Танцор диско", "Танцуй Танцуй" деген киноларындағы әндерге ерекше құмарлығымдыайта кетпесем болмайды! Сондықтан үнді халқына алғысымды білдіремін!", - дейді Бейбіт Қорған.
Бейбіт Қорған бұл челленджді кім бастаған адамға алғысын айтты.
"Менің естуімше, бұл челенджді Мұхаммед деген мотоциклшы шығарған екен! Атының өзі мұсылман бауырымыз екенін көрсетеді! Сондықтан ол жігітке өз атымнан, үнді халқына өз халқымнан алғысымды білдіремін", - дейді әнші.
Енді ол алдағы уақытта "Шоқ қыздардың" жаңа нұсқасын шығаруы мүмкін екенін сөз етті.
"Негізінде бұл әнді Алланың өзі сыйлаған деп санаймын. Өйткені анам бұл жалған өмірден кеткенінен көп ұзамай келді қолыма. Егер үнді елінен маған осы әнді өңдеуге ұсыныс келсе, онда мен қуанар едім!. Өйткені, олардың музыкасы тереңінен зерттелетін секілді. Осы әннің композиторы И. Абдыразақов, сөзін Р. Зайытов жазды. Аранжировкасын жасаған Қалдыбай, Ермек бауырларыма да алғысым шексіз!", - дейді әнші.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
TikTok-та үндістандықтар түсіріп жатқан видеоны жинап, ең қызығын Instagram желісінде qumash_kz парақшасы жариялаған.
"Енді Бейбіт Қорғанның "Шоқ қыздар" әні үндістандық "Тиктокта" хитке айналды. Тек ол жақта оны Nah na ney деп атайды", - делінген жазба астында.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Кейбір дерекке сүйенсек, бұл әнге роликті әлеуметтік желіде алғаш болып мотоцикл жүргізушісі Muhammed Roshan есімді пайдаланушы жариялаған. Қазір оның 600 мыңға жуық оқырманы бар. Блогер видеода түрлі трюк жасайды.
@tengrinewskz Хит "Шоқ қыздар" Бейбіт Қорғана стал популярен у тиктокеров Индии. ##индия ##индиятикток ##шок ##топ ##рек
♬ оригинальный звук - Tengrinews.kz