Әнші Луина бүгін некесін мешітте қиды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Әнші Луина бүгін некесін мешітте қиды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұл туралы әнші Instagram желесіндегі парақшасында хабарлаған. Жас жұбайлар некелерін Алматыдағы Байкен мешітінде қиған.
"Құттықтай берсеңіздер болады. Мен енді бақытты жармын", - дейді әнші. Мәліметті әншінің Аслан есімді көмекшісі де растады. "Иә, Луина бүгін некесін мешітте қиды", - деді телефон арқылы әншінің көмекшісі.
Посмотреть эту публикацию в InstagramМожете меня поздравить ???? Я теперь жена ???? #luina #невеста #обряд #шариат #жена
Әншінің болашақ жары Артем Обухов есімді азамат. Ол Луинадан жеті жас кіші. Сондай-ақ үйлену тойы 19 қыркүйекте өтетіні белгілі.
© instagram.com/luinaofficial
Әншінің өзі сүйіктісінің ұсыныс жасағанын 29 шілдеде Instagram желісіндегі парақшасында жариялаған.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Айта кетейік, Луина лақапатымен белгілі Луиза Қарынбаева - Маңғыстау облысының тумасы. Ол Еуразия музыкалық жүлдесінің шешімімен 2013, 2014 жылдары "Үздік әнші" атанған. Әншінің репертуарындағы Hey Lo, "Қалайша", "В интернете", "Кешір мені" әндері жұртшылыққа кеңінен танымал.