ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
23 июля 2020 | 17:36

Әнші Маржан Арапбаева тізгінде отырып Stories түсіргені үшін жазаланды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: instagram.com/arapbayevamarzhan Фото: instagram.com/arapbayevamarzhan

Әнші Маржан Арапбаева тізгінде отырып Stories түсіргені үшін жазаланды. Ол қауіпсіздік белбеуін де тақпаған болып шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Әнші Маржан Арапбаева тізгінде отырып Stories түсіргені үшін жазаланды. Ол қауіпсіздік белбеуін де тақпаған болып шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Тәртіп сақшылары әншінің ҚР әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің екі бабы бойынша - 593 және 591-баптары бойынша жауапкершілікке тартылғанын хабарлады.

"Ағымдағы жылғы 22 шілдеде әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережесін бұзу фактісін анықтады, атап айтқанда елорда тұрғыны қауіпсіздік белбеуін тақпастан көлік құралын жүргізген және көлік құралын басқару кезінде телефонды пайдаланған.
Полиция қызметкерлері құқық бұзушыны анықтап, ол ҚР ӘҚБтК 593-бабы және 591-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаменті Жол қозғалысы ережесін және жылдамдық режимін қатаң сақтау қажеттілігі туралы жүргізушілерді ескертеді. Бұл жол қозғалысына қатысушылардың барлығы, яғни жүргізушінің өзі, сондай-ақ жолаушылары және жаяу жүргіншілер үшін өте маңызды", - деді Нұр-Сұлтан қаласы полиция өкілдері.

Әнші өз әрекетіне қатысты пікір білдірді.

"Бүгін таңертең айыппұлын төледім, заң бойынша. Заңға қарсы шықпаймыз. Мен өзімді ақтамаймын. Видео менің үйімнің жанындағы паркингте түсірілген. Бағдаршамнан енді өте бергенде сол видеоны түсіріп, бірден қауіпсіздік белдігін тақтым. Ол әрине ақталғаным емес. Бірақ солай болып қалды", - дейді әнші. 

Әншінің айтуынша, ол бүгін шамамен 18 мың теңгедей айыппұл төлеген. Яғни, көлікте қауіпсіздік белгісін тақпағаны үшін және ұялы телефон қолданғаны ұшін айыппұл тағайындалған. 

"Мінсіз көлік жүргізушісі болмайды ғой. Әрине, бұған дейін де ондай жағдайлар болды. Айыппұл төлемеген жүргізуші жоқ шығар. Бірақ күнде балаларым болсын, өзім болсын қауіпсіздік белдігін тағамын. Себебі қауіпсіздік бірінші орында. Бірақ сол күні қайырымдылық акциясына асығып бара жатқандықтан солай болып қалды. Біреу үшін емес, өзім үшін жауап беру керекпін", - дейді Маржан Арапбаева. 

Маржан Арапбаева өзінің бұл әрекеті басқаларға үлгі болса дейді. 

"Ол видеоның тарап кеткені дұрыс болды. Бұл жағдай басқаларға үлгі болды. Егер әр адам өзінің жасаған ісіне жауап берсе елде тәртіп орнайды деп ойлаймын. Барлығы ұсақ нәрседен басталады. Сондықтан бір шеті басқаларға тәрбие болады", - деп түсіндірді әнші. 

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer