Әнші Салтанат Бақаева үшінші ұлын дүниеге әкелді

03 марта, 11:54
4
© instagram.com/y_li_photography1
© instagram.com/y_li_photography1

Әнші Салтанат Бақаева үшінші ұлын дүниеге әкелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы Instagram желісінде әнші Мәдина Сәдуақасова сүйіншілеп жазды. "Сүйінші!! Салтанат қыздарыңыз үшінші ұлын дүниеге әкелді!!! Бауы берік болсын @nurzone007 @saltanat_bakaeva ! Отбасыңды үлкен қуанышпен шын жүректен құттықтаймын!", - деп құттықтады әнші. 


© instagram.com/sadvakasovamadina

Сонымен қатар, бұл қуанышты жаңалық жайлы әнші Қайрат Нұртастың жары Жұлдыз Әбдукәрімова да жазды. "Нұржан, @saltanat_bakaeva дүние есігін ашқан сәбиіміздің бауы берік болсын! Маңдайы жарқыраған ұл болып ер жетіп, бүкіл елінің мақтаныш етер Азаматына айналсын!", - деп тілек білдірді Әбдукәрімова. 

Айта кетсек, 2011 жылы Нұржан есімді жігітке тұрмысқа шыққан Салтанат Бақаева 2015 жылы екінші ұлын дүниеге әкелген. Тұңғышының есімі - Әмір де, екінші ұлы - Әділ.


© instagram.com/y_li_photography1

Салтанат Бақаева 1987 жылдың 24 қыркүйегінде Алматы облысында дүниеге келген. 5 жасар Салтанат Күләш Бәйсейітова атындағы музыка мектебіне түсіп, жалпы домбыра мен фортепиано сыныбын тәмамдаған. Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясын музыкалық театр мен кино мамандығы бойынша білім алған. Ғабит Мүсірепов атындағы жасөспірімдер театрында актриса болған. Қазіргі уақытта ол Мұхтар Әуезов академиялық драма театрының актрисасы. Осы күнде ата-енесімен бірге тұратын Салтанат жолдасы екеуі екі ұл тәрбиелеп отыр.

Получить короткую ссылку


Нравится
Поделиться
Хотите больше статей? Смотреть все
Показать комментарии (4)
Читают
Обсуждают
Сегодня
Неделя
Месяц