КРУШЕНИЕ САМОЛЕТА БЛИЗ АКТАУ: ХРОНИКА АВИАКАТАСТРОФЫ
16 августа 2019 | 13:22

Арзан той әндері сахнаға шығарылмауы керек - Сәкен Майғазиев

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Сәкен Майғазиев. © instagram.com/saken_maigaziyev Сәкен Майғазиев. © instagram.com/saken_maigaziyev

Жанды дауыспен ән салып, халықаралық ән байқауларынан жүлдемен оралған жас әншілерді қабылдаған Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова мәдениет туралы заңға өзгеріс енгізуді ұсынған болатын. Министрдің сөзінше, қазақ эстрадасында әндер жанды дауыста айтылуы қажет. Осыған  байланысты Tengrinews.kz тілшісі өнер адамдарының фонограммаға деген көзқарастарын сұрап көрді. 

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Жанды дауыспен ән салып, халықаралық ән байқауларынан жүлдемен оралған жас әншілерді қабылдаған Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова мәдениет туралы заңға өзгеріс енгізуді ұсынған болатын. Министрдің сөзінше, қазақ эстрадасында әндер жанды дауыста айтылуы қажет. Осыған  байланысты Tengrinews.kz тілшісі өнер адамдарының фонограммаға деген көзқарастарын сұрап көрді. 

Мәдение министрінің айтуынша, Димаш Құдайбергеннің ізімен өзге елдегі жарыстарда жүлделі орын алып жүрген жастарымыз ән айтудың өзектілігін көрсетіп отыр. "Фонограмманың түрлері көп. Біздің министрліктің көзқарасы: өнер таза болу керек және эстрадада жанды дауыспен айтылу керек", - деді Ақтоты Райымқұлова.

Қалдыбек Құрманәлі, композитор 

 

"Тыйым салынса әншілер жоғалып кетпейді"

Композитор Қалдыбек Құрманәлінің айтуынша, бұл мәселені көтеріп жүргеніне осымен 15 жылдай уақыт болған. Композитор фонограмманы қолданатын және қолданбайтын жерлер болады дейді.

"Жалпы фонограмманы бағдарламаны сапалы түрде жазып алу үшін, яғни телевизиялық нұсқа үшін ғана қажет болған. Ал қазір заман дамыды ғой. Мысалы, үлкен стадиондарда, мерекелік орындарда фонограмманы қолдануға тура келеді", - дейді композитор. 

Қалдыбек Құрманәлінің сөзінше, концерттік залда, әншінің жеке шығармашылық кешінде жанды дауыста айтылуы қажет. 

"Мен жанды дауыста айта алмаймын, фонограммамен айтып үйреніп қалдым" дейтін әншілеріміз көп. Сол үшін шынайы әнші қайсы екенін анықтай алмай қаламыз. Қазір көршілес Ресей мен Қытайда фонограммамен өнер көрсетуге тыйым салынып жатыр. Дамыған елдерден осы жағынан да үлгі алуымыз керек қой", - дейді композитор. 

Сондай-ақ, композитор "егер фонограммаға заңды түрде шектеу қойылса, қазақ эстрадасы жойылады" деген пікірмен келіспейтінін айтты. 

"Ол - далбаса әңгіме. Қайта осы фонограммаға шектеу қою арқылы шынайы, талантты әншілер шығады. Яғни нағыз талантты адамдарға жол ашамыз. Қазақ өнеріне деген адалдық сол кезде басталады", - дейді композитор. 

Қорытындылай келе композитор жалпы қазақ эстрадасында фонограмманы қолдануға қарсы екенін жеткізді. 

"Менің ұстанымым - фонограмманы тоқтатуымыз керек. Тек белгілі жерлерде ғана айту керек. Әсіресе әншілердің жеке концертінде 100 пайыз жанды дауыста болуы керек. Біз халықты сыйлауымыз керек. Соншама концерттерге билет алып келгеннен кейін халық жанды дауыста ән тыңдауы керек", - дейді Қалдыбек Құрманәлі.

"Көрермен талап қоя білуі керек"

"МузАрт" тобының әншісі Сәкен Майғазиев әншілердің фонограмманы жаппай қолдануының себебі - көрерменнің талап қоймауы деп түсіндірді. Әншінің сөзінше, фонограммаға заңды түрде шектеу қойғанның өзінде бұған елдің техникалық деңгейі әлі дайын емес.

 

Сәкен Майғазиев,

"МузАРТ" тобының әншісі 

"Мысалы мен Өзбекстанда болып қайттым. Ол жерде халыққа концерт қандай түрде болатыны алдын ала ескертіледі. Яғни концерттің бірінші бөлімі фонограммамен, ал екінші бөлімі оркестрдің сүйемелдеуімен деген сияқты. Сосын халық өзі таңдайды. Тиісінше билет құны да соған сәйкес болады", - дейді әнші.

Сәкен Майғазиевтің айтуынша, телеарналар - xалықтың көзі, айнасы. Тойларда қойылып жүрген арзан әндер сахнаға шығарылмауы керек. 

"Әрине ондай той әндеріне мен де билеймін. Тойға билеуге лайықты әндер болады. Себебі тойдың көңіл-күйі бөлек. Бірақ ондай әндерді сахнаға шығармау керек деп есептеймін", - дейді әнші.  

Фонограммаға заңды түрде шектеу қойған күнде көптеген әнші "нансыз" қалуы мүмкін деген пікірлер бар. Әнші бұл пікірмен мүлдем келіспейтінін айтты.

"Нансыз қалады деп айту артық болар. Тыңдарманын жоғалтып алуы мүмкін деп айтсақ ақылға сияды", - дейді әнші.

Фонограммамен ән айтуға тыйым салынған елдер

Әлемнің дамыған елдерінде фонограмманы қолдану мәселесі заңды түрде шешілген. Мысалы, Америка құрама штаттарында фонограмманы заңсыз қолдану, концерттік іс-шараларды рұқсатсыз өткізу алаяқтық болып есептеледі және заңмен қудаланады. Сондай-ақ, өнер адамдары халықты концерт фонограмма арқылы өтетінін билет бетінде ескерту керек. Себебі халық қандай концертке бара жатқанын алдын ала білуі тиіс. 

Қытайда фонограмманы қолданған әншіге айыппұл салынады. Айыппұл құны - 100 мың юань. Қытайда екі жылда бір реттен көп фонограмма қолданған әнші сахнадан шеттетілуі мүмкін. Сондай-ақ, фонограммамен өткен концертті ұйымдастырушыларға да 10 мың юань көлемінде айыппұл салынады. Заң бұзушылық қайталанған кезде мерекелік шараларды ұйымдастыруына шектеу қойылады. Фонограмма арқылы өткен концертке келген халық та әншіден билет құнын қайта өндіріп алуға құқығы бар. 

Түрікменстанда фонограммамен ән айтуға 2005 жылдың тамызынан бері шектеу қойылған. Бұл заңды бұрынғы президент Сапармурат Ниязов қабылдаған. Президент тіпті үйлену тойларда да фонограммамен айтуға тыйым салған. Фонограммаға шектеу қоюдың басты себебі - "ән және музыка өнерінің дамуына дыбыстық жазба фонограммаларын қолданудың теріс әсері" деп түсіндірді билік өкілдері. 

Көршілес өзбек елінде 2015 жылдың шілде айының аяғынан бері фонограмманы қолдануға тыйым салынған. Өзбекстандағы  жаңа заңға сәйкес вокалдық өнерін жалғастырғысы келетін әншілер комиссияның алдында өнер көрсетуі қажет. Содан кейін ғана әншіге лицензия беріледі. Заң қабылданға дейін лицензияны алу үшін арнайы дискіге жазылған әнді ғана ұсыну жетіп жатқан. 

Ұлыбритания, Малайзия, Индонезия мемлекеттерінде  әншінің деңгейі лицензиялау арқылы шешіледі. 

Фонограмманы жаппай қолдану талай өнерден алыс адамдардың сахнаға шығуына жағдай туғызды. Бұл көпшіліктің ойында жүрген әңгіме. Танымал аға буын мен әншілердің пікірі осы.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 515.11  course down  535.94  course down  5.16  course down

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer