Әскерге бармаған отандық жұлдыздар анықталды

10 Мамыр 2018, 07:25
13
Әскерге бармаған отандық жұлдыздар анықталды - Нұржан Керменбаев пен Айқын. © Saz-Alemi
Нұржан Керменбаев пен Айқын. © Saz-Alemi

Әскерге бармаған отандық жұлдыздар анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Жетінші арнадағы "Өз ойым" бағдарламасының сюжетінде айтылады.

Сонымен, борышын өтемеген шоу-бизнес өкілдерінің тізімі мынадай екен: "Жігіттер" тобының әншісі Бағлан Әбдірайымовтың әскерге бару туралы ойы болмаса , "Диета KZ" тобындағы Жасұлан Базарбаев денсаулығы шыдамаған, "еріншек" әншілердің қатарында Мақсат Базарбаев та бар, сондай-ақ, "Өнер қырандары" театрының актері Мадияр Серікбаев әскерге бармауының себебін - ақша деп түсіндіріпті.

"Чип-чип-чип" әнімен танылған Асхат Тарғын әскери өмірді көрмесе де, запастағы офицер екенін айтады. Әнші Нұржан Керменбаев майтабан болғандықтан борышын өтей алмапты. Отан алдындағы борышын өтемегендердің ішінде әнші Жұбаныш Жексенұлы да бар болып шықты. Айқын мен Ерлан Орынбасаров та әскер көрмеген. 

Айта кетейік, "Өз ойым" ток-шоуында жүргізушілер жанжалдасып қалған тараптарды ашық диалог арқылы татуластыруға тырысады, ал көрермендерге жағдайдың анық-қанығына көз жеткізуге көмектеседі. Сонымен қатар, айтылғанның барлығын кесіп-пішіп, шешілмейтіндей көрінген түйінді мәселені тарқатуға тырысады.

Бір жарым сағаттық ток-шоу сейсенбіден жұмаға дейін сағат 15:00-де көрсетіліп жүр. Телеарна студиясы мен сайтындағы интерактив кезінде көрермендердің дауыс беруі жүреді. 

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (13)
Читают
Обсуждают
Сегодня
Неделя
Месяц