ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
09 сентября 2019 | 15:35

"Әттең, 300 мыңға ми сатылмайды". Кредит кешіру туралы Желіде қалай әзілдеп жатыр

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Биыл 26 маусымда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтардың банк алдындағы берешегіне қатысты жарлыққа қол қойған. Бұл көмек 500 мыңға жуық қазақстандыққа көрсетіледі. Желіде несиені жабуға қатысты қызу талқы жүрді. Арасында әзілдегендер де бар. Tengrinews.kz тілшісі қазақстандықтардың бұл жаңалыққа қатысты тапқыр әзілдері мен оқиғаларын жинады. 

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Биыл 26 маусымда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтардың банк алдындағы берешегіне қатысты жарлыққа қол қойған. Бұл көмек 500 мыңға жуық қазақстандыққа көрсетіледі. Желіде несиені жабуға қатысты қызу талқы жүрді. Арасында әзілдегендер де бар. Tengrinews.kz тілшісі қазақстандықтардың бұл жаңалыққа қатысты тапқыр әзілдері мен оқиғаларын жинады. 

Желідегі kris_p парақшасы банк алдында берешегі бар адамның шотына мемлекеттен түскен қаражаттың скриншотын жариялап, "Президент айтты, Президент уәдесінде тұрды" деп жазыпты.

Ал Facebook желісінің қолданушысы Бейбіт Қазыбеков несие өтелетіні жайлы дүрбелеңде қазақстандықтар банк мамандарының қоңырауына жауап бермесе, енді өздері сол мамандарға қол жеткізе алмай отыр деп әзілдепті. 

Белгілі блогер Дәулет Төлеутайұлы өзіне келген хаттардың бірін жариялапты. Онда хат авторы 300 мың теңге кредит алғанын және оны мемлекет қашан төлеп беретінін сұрайды. "Кей адамдарға дауа жоқ. Тоқаев кредит жабады екен деп, бәріміз күн сайын 300 мыңнан ала берейік. Әттең, 300 мыңға ми сатылмайды", - деп әзілдепті Төлеутайұлы.

Ал танымал пародист Асқар Көмекбаев досымен вайн түсіріпті. Онда өнерпаз кредитін төлей алмай жүрген досының жағдайын сұрайды. Әңгіме соңында 4 баласы бар отбасыларға ғана кредитті жауып беретінін білген досы жұбайына хабарласады.

Ал продюсер Асхат Садырбай әпкесін үйіне дейін тегін әкеліп тастаған такси жүргізушісінің оқиғасын баяндапты. Оның айтуынша, несиесі өтелген такси жүргізушісі қуанғанынан әкеле жатқан жолаушысынан жолақы алмай қойыпты.

Ал Қызылорда облысында тұратын Ақжан Әділхан кредиттің өзге тілдерде бірдей де, қазақ тілінде "несие" деп айтылатынына назар аударып, әзіл видео түсіріпті.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Оцените????? #tiktok #кредиты #несие

Публикация от ???????????????????????? ???????????????????????????????????? (@_m.milashkaa_)

Made In Qaz парақшасы жариялаған видеода үнді фильмінің кейіпкерлері кредиті өтелмегені үшін өкінгендей. "Несиесі өтелмегендер түсінеді", - делінген ролик сипаттамасында. 

Дәулет Төлейтайұлының тағы бір жазбасында Сарыағаш қаласында тұратын Тәжібаевтар отбасы несиені жауып бергені үшін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс білдірген. 

Ал желіде тарап жүрген мына видеода әйел адамның көңілді музыкаға қуанышы қойнына сыймай көше бойымен жүгіріп жүргені көрінеді. Роликте "Кредиттен құтылған клиент" деген жазу бар.

Бұл жаңалыққа танымал вайнер Мейіржан Төребаев басқа қырынан әзіл түсірген. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Turebayev Meirzhan (@meirzhach_tv)

Оқи отырыңыз:

Қазақстандықтардың кредиттері мен өсімпұлдары қалай кешіріледі - Түсіндіреміз

Кредитті кешіру туралы Президент жарлығы. Бүгінге дейін не білу керек

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer