ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
20 февраля 2020 | 11:46

Айқын: Жұлдыздардың Желіде лотерея ойнатуы алдау да емес, ұят та емес

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Айқын Төлепберген. © instagram.com/aikyn Айқын Төлепберген. © instagram.com/aikyn

Әнші Айқын Төлепберген Аман Тасығанның "Talk Like" жобасына берген сұхбатында эстрада жұлдыздарының әлеуметтік желілерде лотерея ойнатуы туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Әнші Айқын Төлепберген Аман Тасығанның "Talk Like" жобасына берген сұхбатында эстрада жұлдыздарының әлеуметтік желілерде лотерея ойнатуы туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Алдау емес (лотерея ойнату туралы - Авт.) Бірақ салық төлемеу - ұят. Егер сен өзіңнің Mercedes-іңді лотерея ойнатып, сатып, одан пайда тауып, бір адам ұтты - соған бердің, бірақ салық төлемесең, ол қылмыстық жауапкершілік. Мен келіспеймін. Заңды түрде болуы керек", - деп пікірін айтты әнші.

Сондай-ақ, ол өзінің жылына 500 мың теңгедей қаражатын салық төлеуге жұмсайтынын айтты. Алайда ол заңға бағынбай кеткен кездері болғанын мойындады.

"Жемқорлық туралы айтып отырсыз ғой. Сатып алған кездер болған жоқ, бірақ бағынбай кеткен кездер болды.  Мен жемқорлық деп жол полицейлеріне кезексіз өтіп кеткенің үшін берген азын-аулақ тиынды айтпаймын. Жемқорлық деген жоғары жақтағы белгілі бір, мысалы мұнай кен орнын шетелге арзанға және пайызын Қазақстанға аз қылып, ал шетелдіктерге көп қылып, сату - жемқорлық. Немесе бір мемлекетке Қазақстанның пайдасын азайтып, өзіне ғана алып қою - жемқорлық", - деді ол.

Еске салайық, өткен аптада Мәжіліс отырысында мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова қазақстандықтарға әлеуметтік желіде арнайы келісімшартсыз лотерея өткізуге тыйым салынатынын айтқан. Алайда ол лотерея мен ұтыс ойындарын шатастырмау керек деген пікір білдірген.

Заң жобасын ұсынғаннан кейін Ақтоты Райымқұлова лотерея мен ұтыс ойындарының айырмашылығын түсіндірді. "Лотерея - белгілері бар қызмет түрі. Негізгі белгісі - егер лотерея операторы бар болса және ақша салушы лотерея қатысушысы болса. Бұл қаражат топтала келе аппарат кешені бойынша ойнатылады. Қатысушылардан жиналған қаражат, біреулер ұтып жатады. Егер бұл белгілері болмаса, ол онда лотерея деп аталмайды", - деп түсіндірген еді министр.

Кітап сатып, бірден 5 көлік ойнатқан әнші мәлімдеме жасады: Бұл - лотерея емес! 

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer