ОЦЕНИТЕ РАБОТУ АКИМА
30 декабря 2020 | 15:14

Биылғы baby-boom. 2020 жылы перзент сүйген танымал қазақстандықтар

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz коллажы © Tengrinews.kz коллажы

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, биыл елімізде алғашқы жартыжылдықта 197 265 бала өмірге келген. Түркістан облысы бірінші орында - 27 512 бала, екінші орында - 25 361 бала өмірге келген Алматы облысы және үшінші орында Алматы қаласы - 16 547 бала туған. Шоу-бизнес әлемі де биыл қуанышты жаңалықтарға толы болды. Tengrinews.kz тілшісі биыл перзент сүйген жұлдыздарға шолу жасады.


Иконка комментария блок соц сети

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, биыл елімізде алғашқы жартыжылдықта 197 265 бала өмірге келген. Түркістан облысы бірінші орында - 27 512 бала, екінші орында - 25 361 бала өмірге келген Алматы облысы және үшінші орында Алматы қаласы - 16 547 бала туған. Шоу-бизнес әлемі де биыл қуанышты жаңалықтарға толы болды. Tengrinews.kz тілшісі биыл перзент сүйген жұлдыздарға шолу жасады.

Аша Матай

Биыл әнші Аша Матай екінші баласын дүниеге әкелді. Айта кетейік, Аша Матай мен Арман Қоңырбаев 2015 жылдың 15 қыркүйегінде шаңырақ құрған. Бүгінде олардың Асылым және Айым есімді қыздары бар. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Asha Matai❤❤❤❤❤KZ (@asha_matai)

Динара Сұлтан 

Ақпан айында әнші Динара Сұлтан ұлды болып, алты баланың анасы атанды. Әншінің бесінші баласы 2018 жылы наурызда дүниеге келген еді. Жары Ерлан Қожасбаймен үш ұл, үш қыз тәрбиелеп отыр.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Dinara Sultan (@dinara_sultan1)

Кенжебек Жанәбілов

7 ақпанда "МузАРТ" тобының солисі Кенжебек Жанәбіловтің жұбайы төртінші баласын дүниеге әкелді. Сүйінші хабарды әнші әріптесі Сәкен Майғазиев Instagram желісіндегі парақшасында жеткізді. 

Кенжебек Жанәбілов 1982 жылы 14 шілдеде Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданындағы Шу ауылында дүниеге келген. Әнші отбасындағы 18 баланың кенжесі.


Кенжебек Жанәбілов отбасымен © instagram.com/kenzhebekmuzart

Әнші 2007 жылы шаңырақ құрған. Кенжебек Жанәбіловтің айтуынша, ол жарымен отбасылық кеште танысқан. Көпбалалы әке атанған әншінің Ахмет есімді ұлы мен Карима және Калима есімді егіз қызы бар. 

Дильназ Ахмадиева

Биыл наурызда әнші Дильназ Ахмадиева ұлды болды. 

"Құттықтауларыңызға рақмет! Ұлымыз осы елдің азаматы! Құттықтаулар қабылдаймыз! Бұл біздің бірге істеген ең жақсы нәрсеміз", - деп жазды әнші Instagram желісіндегі парақшасында.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Dilnaz Akhmadiyeva (@dilnaz_akhmadiyeva)

Луина

Ана атанған әншілердің қатарында - Луина лақапатымен белгілі әнші Луиза Қарынбаева. Ол 2019 жылдың қыркүйегінде өзінен жеті жас кіші Артем Обуховқа тұрмысқа шыққан. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Артём Обухов (@_obukhov_)

Серік Ибрагимов 

Биыл 3 желтоқсанда әнші Серік Ибрагимов қызды болды. Бүгінде әнші жары Айнамкөзбен бір ұл, бір қыз тәрбиелеп отыр. Тұңғышының есімі - Хамза. 

Айта кетейік, Серік Ибрагимов 2016 жылдың 12 қазанында үйленген.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Serik Ibragimov 🇰🇿 (@ibragimovserik)

Қыдырәлі мен Қарақат

Биыл Қыдырәлі мен Қарақаттың алтыншы баласы дүниеге келді. Сүйінші хабарды Қыдырәлі Болманов Instagram желісіндегі парақшасында жеткізді.

Жұлдызды жұп 1999 жылы отбасы құрған. Олар осымен алтыншы сәбиін сүйіп отыр. Төрт ұл мен екі қыз тәрбиелеп отыр. 2017 жылы Қыдырәлі мен Қарақаттың бесінші баласы дүниеге келген болатын. Жұлдызды жұп қызына Аяла есімін берген еді.

Қайрат Әділгерей мен Бақыт Тұрман

Ал 7 қарашада тележүргізуші әрі актер Қайрат Әділгерейдің төртінші баласы дүние есігін ашты. Көпбалалы әке атанған актер қызына Елігай деп ерекше есім берген.  

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Бакыт Турман (@bakyt_turman)

Мектепте бірге оқыған Қайрат Әділгерей мен әнші, ұстаз Бақыт Тұрман бүгінде үш қыз, бір ұл тәрбиелеп отыр. 

Ернар Айдар 

Эстрада әншісі Ернар Айдар 11 қарашада қызды болды. Қуанышты хабарды әншінің өзі Instagram желісіндегі парақшасында хабарлады. Ернар Айдар қызының есімін Айым деп қойған. Әншінің қызының кіндік әкесі - танымал әнші Мейрамбек Бесбаев. Ал кіндік шешесі - Бесбаевтың жары Мархабат Бесбаева. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от 𝔼ℝℕ𝔸ℝ 𝔸𝕀𝔻𝔸ℝ 🇰🇿 (@ernaraidar_kz)

Жеке өмірі туралы ақпарат жариялай бермейтін Ернар Айдар 2017 жылы үйленген. 2019 жылы әншінің тұңғыш қызы өмірге келген. 

Абай Бегей

11 қазанда әнші Абай Бегейдің алтыншы баласы өмірге келді. Әншінің алғашқы некесінен үш қыз, бір ұлы бар. Абай Бегейдің жары 2015 жылы дүниеден өткен еді. 


© instagram.com/abai_begei

Ал 2018 жылдың шілде айында әнші екінші рет шаңырақ көтерді. 2019 жылы әншінің жары ұл босанды. 

Ерлан Көкеев

Ал күні кеше, 29 желтоқсанда әнші Ерлан Көкеевтің бесінші баласы өмірге келді. Көкеев пен жары ұлды болды. 

"Бүгін бес баланың әкесі атандым. Бұл мен үшін үлкен жауапкершілік. Ұлымның атын Керей-Хан деп қойдым. Сүйіктіме мың алғыс. Ұл сыйлағаның үшін рақмет, жаным" , - деп жазды Көкеев. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Erlan Kokeev (@erlankokeev)

Бүгінде Ерлан Көкеев жары Анармен үш қыз, екі ұл тәрбиелеп отыр. Одан бөлек, әншінің айтуынша, олардың Амур есімді өгей ұлы бар. 

"Ол тұңғышымыз. Бұл ұзақ әңгіме. Амур - біздің өгей ұлымыз. Балалар үйінен шыққан. Анар екеуміз үйлену тойында ата-анасы ретінде қатысамыз деп айттық. Менің немерем бар. Сәттілік, ұлым!", - деп жазды ол.   

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Курс валют

 494.98   521.17   4.92 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети