"Біраз композитормен сөйлесіп жүрген" - әріптесі Жанар Хамитованың жарыққа шықпаған әндері жайлы

20 Қыркүйек, 14:09
1
"Біраз композитормен сөйлесіп жүрген" - әріптесі Жанар Хамитованың жарыққа шықпаған әндері жайлы - Әбубәкір Ужазов және Жанар Хамитова © жеке архивінен
Әбубәкір Ужазов және Жанар Хамитова © жеке архивінен

16 қыркүйекте әнші Жанар Хамитованың қаза тапқаны туралы хабарланған. Ал 18 қыркүйекте әншіні Қарағанды облысында жер қойнына тапсырды. Жанардың әріптестерінің айтуынша, ол әлі біраз ән шығаруды жоспарлаған екен. Tengrinews.kz тілшісі бұл мәселені әнші жақын араласқан өнер адамдарынан анықтап көрді. 

Жанар өнерге қайтып келер алдында, оған алғашқылардың бірі болып қолдау көрсеткен жас әнші Әбубәкір Ужазов екен. Ол Жанарға көмектесу мақсатында "Армандаймын" әнін ұсынған екен. Әбубәкірдің айтуынша, ән Жанарға бірден ұнаған.

"Армандап шығарған ән"

"Қасымдағы достарым мен бауырларыммен Жанардың ыңғайына қандай ән келеді екен деп ойланып көрдік. Бұл әнді Жанарға тыңдатып көрген кезде, ол бірден ұнатып, "хит болатын ән ғой" деді. Сөйтіп, өзімізше жорамалдап, армандап шығарған әніміз ғой. Әнін Әли Жорабеков деген досым, ал сөзін Ерболат Қарақойшы деген атыраулық ақын бауырымыз жазған", - дейді Әбубәкір. 

Әншінің айтуынша, олар бірнеше ән жазып, бейнеклип түсіруі керек болған.

"Әрине, оның бәрі бірден бола қоятын нәрсе емес қой. Бірінші әнді халық қалай қабылдайды екен деген оймен ұсындық. Одан кейін "Астарлы ақиқат" бағдарламасы бейнеклип түсіріп беруі керек болған. Ол жұмыс та аяқталмай қалды. Жанармен тағы екі-үш әнге дуэт орындауымыз керек болған. Осы әндер арқылы біздің ара-қатынасымыз жақсы екенін, халық ойлағандай арамыз суып кетпегенін дәлелдегіміз келген. Сөйтіп жүрген кезде Жанар Қарағандыға кетіп қалып жүрді. Арасында өзімнің де жеке жұмыстарым болды. Ол әндерді Жанар қарап, дайындалып жүрген. Өзі де біраз композитормен сөйлесіп жүрген. Сол кісілерден ән аламын деп айтқан", - дейді әнші. 

Ауыл-аймақтарды аралап, концерт өткізгілері келген

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Сене алар емеспін. Ардақты Ағайын... Қайғылы хабар естіп төбемнен мұздай су құйып жібергендей болып отырмын. Бірер сағатта қаншама хат келді, Жанарға не болды деп. Мән жайды анықтап ағасына хабарластым. Өкінішке орай сіздер де менде естіген суық хабар шын болып шықты. Ерке ақ көңіл, сүйкімді ЖАНАРДАН айырылып қалдық... Арамыздан ерте кетті өкінішті. Жаратқан өз панасына алсын! Мен сені шын жақсы көрем әпкетай! Сенің жарқын жүзің есімізде мәңгі қалады. Иманың жолдасың болсын. Біз сені жақсы көреміз ЖАНАР ХАМИТОВА! Ата-анасына жақын туыстарына қайғырып көңіл айтамын... #ӨміргеКелгеніңРасКеткеніңРасҚалғаныӨтірік #ЖанарХамитова #ЖаныңЖаннаттаБолсын

Публикация от ????????????.???????????? ????'???????????????????????????????????????????????? ???????????????????????? (@abu.kai)

Әбубәкір мен Жанар Қазақстан бойынша ауыл-аймақтарды аралап, концерт өткізгілері келген екен. 

"Астарлы ақиқаттың екінші бағдарламасынан кейін, халық біздің ара-қатынасымызға сызат түсті деп ойлаған. Сол пікірлерді жоққа шығару үшін қасымыздағы бауырларымызбен концерт ұйымдастырып, елді аралағымыз келген. Бәріміз бірге Ақтөбе өңірінен бастап концертке шығамыз деп келіскен болатынбыз. Қыркүйектен бастаймыз деп жоспарлағанбыз. Бір кездескенде солай деп келіскен болатынбыз", - дейді Әбубәкір. 

Әбубәкір Жанармен ән студиясында танысқан екен. Кейіннен екеуі "Армандаймын" әнін жазып, дуэт ретінде халық алдына шыққан.

"Той-томалақта 30-40 мыңға болсын ән айтса деп едім"

Жанардың өнердегі тағы бір әріптесі, әнші Алтынбек Тәшімбетовтің айтуынша, ол "Астарлы ақиқат" бағдарламасындағы кездесуден кейін оған тойда бірге өнер көрсетуді ұсынған. 

"Жанардың мәселесін естіген кезде көмектессем деген ой болған. Той-томалақта 30-40 мыңға болсын әнін айтса деп ойлағанмын. Әр тойдан солай тауып жүрсе жаман емес қой. Менің қолымнан келетіні сол деп айтқанмын. Бірақ оған дейін барған жоқ. Себебі, Сивидің қол астында жеке жоба ретінде жұмыс бастап кетті ғой. Жалпы өз басым Жанармен ең алғаш Нұржанмен қыз-жігіт болып жүрген кезінен таныспын", - дейді Алтынбек Тәшімбетов.


instagram.com/altynbek_tashimbetov_official

Сонымен қатар Жанар Сиви Махмудидің қоластында болған кезде әнші Рысбек Аташпен "Айтқым келеді" және "Күннен күнге" атты әнге дуэт жазып, бейнеклип түсірген. 

Еске салайық, Жанар Хамитова шығармашылық карьерасын Нұржан Керменбаевпен бірге "Арнау" тобында бастап, қазақстандық тыңдармандар арасында танымал болған еді. Бұған дейін ол Super Star KZ жобасына қатысқан болатын. 

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Читают
Обсуждают
Сегодня
Неделя
Месяц