Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
31 июля 2019 11:11

Біреу плагиат, ал біреу бағын ашты дейді. Қазақша хит әндер неге шетелден алынады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазіргі таңда плагиат әндердің саны күннен күнге көбейіп жатыр. Өнер адамдары тіпті орындап жүрген әндерінің плагиат екенін де жасырмайды. Шетелдік әннің бағын қазақ әншісі ашты ма, әлде керісінше ме? Tengrinews.kz тілшісі қазақ эстрадасындағы плагиат деп танылған әндерге шолу жасады.


Қазіргі таңда плагиат әндердің саны күннен күнге көбейіп жатыр. Өнер адамдары тіпті орындап жүрген әндерінің плагиат екенін де жасырмайды. Шетелдік әннің бағын қазақ әншісі ашты ма, әлде керісінше ме? Tengrinews.kz тілшісі қазақ эстрадасындағы плагиат деп танылған әндерге шолу жасады.

Дастан Оразбеков "Көк аспан" - Мирбек Атабеков "Сени Корбой"

Бұл ән, қырғыз композиторы Мирбек Атабековтің туындысы екен. Бірақ, қазақ-қырғыз өнерпаздарының өзара достығы бар дейді Дастан.

Отандық арналардың біріне берген сұхбатында ол қырғыз композиторынан әнді өзінше жазуға рұқсат алғанын айтқан. Ал Мирбек Атабеков Дастанның бұл ұсынысына келіскен.

"Плагиат деп кінәлаудың қажеті жоқ шығар деп ойлаймын. Өйткені біздің Мейірбек екеуміздің достығымызды бәрі біледі. Қарым-қатынасымыз теріс емес, оң!", - дейді Дастан.

Қайрат Нұртас "Сұранамын" - Мирбек Атабеков "Суранам"

Отандық әншілердің репертуарында қырғыз елінің композиторы Мирбек Атабековтың әнін алатындар өте көп. Оның шығармашылығынан Қайрат Нұртастан бөлек, Төреғали Төреәлі, Марсель секілді отандық әншілер әндер алған.

Отандық арналардың біріне берген сұхбатында Қайрат қырғыз бауырларымен әндер жиі алмасып тұратынын айтқан. Сондай-ақ әнші ондай әндерді плагиат санамайтынын жеткізген.

Айта кетейік, әншінің"Туған күн" әні қырғыз әншісі Нурлан Насиптің орындауындағы "Бугун сенин туулган кунун" әні болса, "Күттім-ай" де қырғыз орындаушысы Джоннидың "Куттум ай" деген әні екен.

Мақпал Исабекова, Дильназ Ахмадиева "Қимадың" - Zaho "Dima"

"Қимадың" әнінің бейнебаянының тұсаукесерінде Мақпал мен Дильназ бұл Алжир әншісі Захоның Dima әнінің қазақстандық нұсқасы екенін ескерткен. 

Төреғали Төреәлі "Анашым-ай" - Мирбек Атабеков "Энекем-ай"

Бұл әннің қырғызша нұсқасы Қырғызстанның отандық фильміне арналған саундтрек. Ал әннің қазақша нұсқасы қырғыз елінің фильміне арналған қазақша саундтрек. 

Бұл ғана емес, әншінің "Төрешің" атты ән румын композиторының әні. Ал қазақша нұсқасының сөзін ақын Қайнар Алагөзов жазған.

Серікбол Сайлаубек "Ой жеңге" - Гулжигит Сатыбеков "Лейлектик кыз"

Орындау мәнері бөлек және ерекше дауыс иесі. Халық арасында әншіні қазақтың Лепсі деп атайды. Бір кездері тойдың сәніне арналған бұл ән қырғызстандық әнші, композитор Гулжигит Сатыбековтің әні. 

Әнші отандық бағдарламалардың бірінде, осы әнге қатысты өз ойын айтқан.

"Мен ол әнді алып, жамандап жүрген жоқпын. Ең бастысы екі тарап келісімге келіп, дұрыс болса, авторлық құқық не істей алады?", - деп ағынан жарылды әнші.

Альбина Шардарова, Қуандық Рахым "Болайық бірге" - Дилноза Акбарова, Жасурбек Жабборов "Азизим"

Қазақ эстрадасының жаңа жарық жұлдызы Қуандық Рахым Альбина Шардаровамен дуэт құрып, өзбек халқының әні "Азизмның" сазына жазылған "Болайық бірге" әніне бейнебаян түсіргені бәрімізге белгілі. Айта кетейік, өзбектің ерекше сазды "Азизим" әні Жасурбек Жабборов пен Дилноза Акбарова орындауында танылған. Осы әнге қырғыз әншілері Нурлан Насип пен Самара Каримова да "Бололу бірге" деп ән жазып, өз нұсқаларында бейнебаян түсірген. 

Қуандықтың айтуынша, бұл ән плагиат емес. Яғни автордың өзінен рұқсат сұрап алынған ән дейді. Сондай-ақ ол бұл әннің құқығы бізде, яғни өзбектерде емес екенін айтқан. 

Серік Ибрагимов пен "Лашын" тобы, "Әсем ән" - Neda Ukraden, "Naj naj"

"Лашын" тобы мен Серік Ибрагимов біресіп орындайтын ән молдаван әні екен. Басы дауға қалғанын қаламаған топ, мәселені алдын-ала ашып алған көрінеді.

"Бұл ән молдаван әні, біз кавер орындаймыз. "Ұрлап" алды дегендерге жауап. Бұл әлемдік тәжірибеде бар құбылыс", - дейді топ.

"Алау" тобы "Гүл әпше" - Ro-Mania "Sanie cu zurgălăi"

Алаулықтар әннің өзгертілген нұсқасы яғни Ро-Маниа тобының әнін алған екен. Ал топтың продюсері Баян Мақсатқызы әнді ұрлады деп айыптағандарға, бұл жағдайды жауапсыз қалдырмай, ән ұрлық емес, кавер нұсқа екенін жеткізген. 

Ернар Айдар "Сүйіп алам" - Nicolae Guta "Vine vara"

Ернар Айдар жақсы әнді қазақша нұсқада жеткізу негізгі мақсатым дейді. Отандық арналардағы бағдарламаның біріне берген сұхбатында әнші барлық әнінде авторлық құқық сақталған деп айта алмайтынын жеткізген. 

"Кавер нұсқадағы әндер танымал болуыма көмектесе алды. "Сонда да сүйем", "Сүйіп алам", тағы біраз әндер - басқа елдің шығармалары. Мәселен, "Сүйіп алам" - грек әні. Әннің авторын мен білмеймін. Орындаушысын танимын. Бірақ, барлық әндерде авторлық құқық сақталған деп айта алмаймын. Себебі, біз ол жаққа шықсақ та, олар жауап бермейді. Содан кейін күтіп жүрмін", - дейді әнші.

Айқын "Жалаң аяқ қыз" - Шохруххон "Нима килиш керак"

Әнші бұл әннің бейнебаянын Америка құрама штаттарында түсірген. Айқынның бұл әні өзбек елінің "ромеосы" Шохруххон Юлдашевтың орындауындағы ән. 

"Бұл ешқандай да плагиат емес, Мұқағали Мақатаевтың сөзіне жазылған сазды өңдеген осы өзбек әншісі Шохруххан", - дейді ол.

Нұрболат Абдулин "Сен қорқақсың" - Serdar Ortac "Sor"

Отандық әншілер көршілес елдерден бөлек, түрік халқының әніне құмар екенін жиі байқаймыз. Соның бірі Нұрболат Абдуллиннің "Сен қорқақсың" әні. Бұл ән түрік әншісі Сердар Отачтың репертуарындағы ән екен.

Әбдіжаппар Әлқожа "Кешірім жоқ" - Asif Meherremov "Gece gece"

Әншінің айтуынша, бұл Иранның әні. Бұл әнді өзбектер, тәжіктер, әзірбайжан мен түрік халқы да көшіріп айтқан дейді. Барлық нұсқасын тыңдап көрген әнші, бұл ән елімізде де айтылса екен деген ниетте орындап шыққан екен.

Осы әнге байланысты Әбдіжаппар мен Ернар Айдардың арасында дау туған болатын. Бұл әнді Ернар осыдан бірер жыл бұрын басқа мәтінмен орындаған екен. 

Сұхбаттарының бірінде Әбдіжаппар осы мәселеге байланысты пікірін айтқан. Оның айтуынша, әнші аранжировканы жазып қойғаннан кейін ғана бұл әнді Ернардың орындағанын білген. 

"Содан кейін дауыс жаздық, Ернарға хабарласатындай уақыт та болмай қалды. Қатты болмаса да, аздап қателігім бар шығар. Дауыс жазып жүрген кезде көрдім, бірақ сонда да өз қалауыммен шығардым", - деген екен әнші.

Айбек Қоңырбай "Әдемі" - Willy William "Ego"

Қазақ эстрадасындағы жас әншілердің бірі Айбек Қоңырбай әріптестерінен ерекшеленіп, әнді бірден батыс елінен алған екен. Ол француз әншісі әрі композиторы Уилли Уиллиамның әнін алған екен.

Музарт "Арман-ай" - Чубак Сатаев "Арман"

Аға буын өкілі Музарт тобының бәрімізге белгілі "Арман-ай" әні қырғыз елінің әншісі әрі композиторы Чубак Сатаевтың әні. Ол бұл туындыны 80-жылдары жазған.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 474.5   490.7   5.52 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети