ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
16 февраля 2021 | 13:15

"Гарри - Хәрри", "Гермиона - Хәрмиона". Кітап аудармасына наразы болған әнші Айқын сынға қалды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Кітаптың мұқабасы Кітаптың мұқабасы

Джон Роулингтің "Гарри Поттер и философский камень" атты кітабының қазақша нұсқасының аудармасына наразы болған әнші Айқын Төлепберген сынға қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Джон Роулингтің "Гарри Поттер и философский камень" атты кітабының қазақша нұсқасының аудармасына наразы болған әнші Айқын Төлепберген сынға қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Айта кетейік, былтыр ақпанда англиялық танымал жазушы Джоан Роулингтің сиқыршылар әлемі жайлы романдар сериясы қазақ тілінде басылып шыққан еді. Оқырман Harry Potter романын қазақ тілінде оқи алады. Алғашқы кітапты аудармашылар "Хәрри Поттер мен пәлсапа тас" деп аударған.

Әнші кітаптағы кейіпкерлердің қазақтың төл дыбысталуымен жазылғанына наразы болған. Бұл туралы әнші Instagram желісіндегі парақшасында жазды. Әншінің сөзінше, сіңіп кеткен сөздерді өзгертудің қажеті жоқ.

"Осы аудармашыларды түсінбеймін. "Шаш ал десе, бас алатын". Гарриді-Хәрри қылып, Гермионаны-Хәрмиона, Джонды-Джөн қылып не керек? Онда Ингләнд, Скотләнд, Айриш, Стэйт, Фғансе, Джунго (Қытай), Холланд, Бғазил, Португэл деп бүткіл атауды өзгертіп тастайық. Сіңіп кеткен сөздерді өзгертудің қажеті жоқ деп ойлаймын. Одан соң аэропорт, витамин т.б халықаралық, аударуға келмейтін сөздерді, әуежәй мен дәрумен деудің не қажеті бар?!", - деп жазды әнші. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Aikyn Tolepbergen (@aikyn)

"Аудармасы өте дұрыс, мамандар ағылшын түпнұсқасынан аударған. Ал сіз орысшасына құлағыңыз үйренгендіктен анайы болып естіліп тұр", - деп жазды Раушан есімді оқырман. 

"Сонда да 20 жыл Гарри деп келген адамды Хәрри деп айту қиын. Онсыз да тіліміз ақсаңдап тұрғанда оны күрделендірудің қажеті жоқ. Философияны аударудың тіпті қажеті жоқ", - деп жауап берді әнші. 

Әншінің қателескенін айтып, оны сынап тастағандар да болды.

"Айқын аға, одан да әніңізді айтып жүре беріңізші. Rowling деген орыстың тегі емес, ағылшын әйел, РоулинГ емес, Роулиң деп оқылады. Harry деген Гарик Харламов емес, Хәрри деп оқылады. Босқа ұятқа қалмай, кішкене біліп барып, зерттеп барып сын айту керек шығар?", "Кім аударса да тамаша аударған! Ағылшынша да, қазақша да сауатты маман жасаған. Орысшаға үйреніп кеткендер ана тіліндегі таза дыбысты қабылдай алмайды. Ал негізі нағыз аударма осылай жасалады", - деп жазды Санжар Керімбай есімді оқырман. 

"Біріншіден, РоулиНГ емес, РоулиҢ (ағылшынша оқып үйрену керек). Екіншіден, адам есімдерін ешқандай да өзгертпеген, оригиналда қандай болса, дəл солай жазылған. Негізі, əр саланың өз маманы бар. Олармен таласпай-ақ қойған дұрыс", - деп жазды Адема Бегайдарова есімді оқырман. 

"Дұрыс қой енді. Ағылшынша Хәрри болып айтылады. Гарри деп орыс тіліне ыңғайлап айтады. Ағылшын тілінде ң және ә дыбысы бар, ал орыс тілінде ондай дыбыстар жоқ. Сондықтан орыс тілінде ол дыбыстарды басқа дыбыспен алмастырады. Ң, Ә болуы дұрыс қой. Егер кітап қазақ тілінде болса, неліктен орыс тіліне ыңғайлануымыз керек?", - деп жазды тағы бір оқырман. 

"Онда Ингләнд, Скотләнд, Айриш (Ирландия), Стэйт (штат), Фғансе (Франция), Хиндустан (Индия), Джунго (Қытай), Бғазил (Бразилия) деп бәрін аударып шығайық", - деді әнші.

Ал әлемге танымал роман қазақ тіліне қалай аударылғаны туралы мына сілтеме арқылы оқи аласыздар. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer