ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
05 августа 2022 | 09:52

"Халықтың еркесі деген сайын". Сахнада фонограммамен ұсталған әншілер

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Әлеуметтік желіде сахнада шалыс басқан әншілердің әрекеттері жиі сынға қалып, талқыға түседі. Massaget.kz тілшісі осындай жағдайларға шолу жасады.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Әлеуметтік желіде сахнада шалыс басқан әншілердің әрекеттері жиі сынға қалып, талқыға түседі. Massaget.kz тілшісі осындай жағдайларға шолу жасады.

Бұған дейін әншілер фонограммамен айтатынын концерт алдында ескертуге міндеттелуі мүмкін екені айтылған болатын. Бұл ұсынысты Мәжіліс депутаттары қозғаған еді. 

"Заңнама Қазақстан аумағында қолданылады. Ереже қабылдаған жағдайда кез келген шетелдік, қазақстандық әртіс заң шеңберінде жұмыс істейді. Бұл норма әлі қабылданған жоқ, бірақ депутаттар оны қолдады. Басқа мемлекеттік органдар тарапынан наразылық болған жоқ", - деп түсіндірген еді былтыр Мәдениет және спорт министрлігі мәдениет және өнер істері департаментінің директоры.

Оның сөзінше, фонограммаға тыйым салу туралы да сөз болған, бірақ бұған әлі дайын емеспіз. Бұл уақыт өте келе енгізілуі мүмкін.

"Ұят болған екен"

YouTube желісінде Қайрат Нұртастың видеосы жарияланған. Пікір білдірушілердің бір бөлігі әншінің ән айта алмайтынын сынға алса, енді бір бөлігі видео жай ғана монтаж екенін жеткізген:

Жанды дауыста айту оңай емес, əрине. Өнері өрге жүзе берсін.

Ұят болған екен, бүкіл халықты жинап алып.

Тамағы ауырып тұрған шығар.

Мынау жалған! Видеомонтаж! Сенбеңіздер!

Кейінірек концерт ұйымдастыру ісімен айналысатын жеке компанияның дыбыс режиссері Мұрат Имахан Қайрат Нұртас Шымкентте өнер көрсеткен кезде қандай олқылық болғанын айтып берген.

Оның пікірінше, мұнда басты қате жабық залдарда, концерт залдарында қолданылатын микрофонның таңдалуында болған. Сондай-ақ, ол бұл жағдайда пультте отырғандар, яғни дыбыс режиссерлері қателескенін жеткізген.

"Негізі, концерт кезінде дыбыс режиссері кейін өңдеуде жоғалтып алмауы үшін барлық микрофонды қосып отырады, солайша сақтанады. Міне, осы кезде видеоға жақын микрофондағы дыбыс бірінші жетіп, әншінің ілеспе, яғни сүйемелдеген дауысы ғана естіліп қалған. Әйтпесе, Қайрат Нұртастың жанды дауыста жақсы ән айтатынын білемін", - деп пікір білдірген болатын маман. 

Топтаманың толық нұсқасын мына сілтеме арқылы өтіп оқи аласыздр. 

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer