ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
07 февраля 2020 | 17:30

"Instagram-дағы лотерея". Танымал қазақстандықтар жаңа талапқа қатысты пікір білдірді

Даурен Ерболат
Даурен Ерболат Журналист
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Tengrinews.kz коллажы Tengrinews.kz коллажы

Мәдениет және спорт министрлігі әлеуметтік желілерде заңсыз лотерея өткізген азаматтар мен ұйымдардың жауапқа тарту туралы заң жобасын әзірледі. Бұл талапты орындамағандар қомақты айыппұл төлеуі мүмкін. Осы орайда Tengrinews.kz тілшісі бұл мәселе жөнінде шоу-бизнес өкілдерінің пікірін білді.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Мәдениет және спорт министрлігі әлеуметтік желілерде заңсыз лотерея өткізген азаматтар мен ұйымдардың жауапқа тарту туралы заң жобасын әзірледі. Бұл талапты орындамағандар қомақты айыппұл төлеуі мүмкін. Осы орайда Tengrinews.kz тілшісі бұл мәселе жөнінде шоу-бизнес өкілдерінің пікірін білді.

Осыған дейін мәжілісте лотереялар және лотерея қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлданды. Жаңа талап бойынша әлеуметтік желілерде лотерея өткізуге тыйым салынады.

"Халықтан ақша жинағым келмейді"

Танымал тележүргізуші Аша Матай осы уақытқа дейін Instagram-да лотерея өткізбегенін, бірақ ұсыныстар түскенін ашық айтты.

"Заңдағы өзгеріске қатысты жеке пікірімді білдіре алмаймын. Бірақ мен әлеуметтік желіде лотерея ойнатқан жоқпын. Негізі лотерея ұйымдастыруға ұсыныстар түскен. Бірақ маған хабарласқандардың арасында "Салық төлейміз. Тиісті құжаттарды береміз" дегендер болды. Бірақ "Халықтан ақша жинағым келмейді" деп бұл ұсыныстан бас тарттым. Мен тек Instagram-дағы жеке парақшамда тек демеушілердің көмегімен конкурс өткіземін", - дейді ол.

Сондай-ақ тележүргізуші желіде лотереяны заң бойынша ұйымдастырып жатқандар барын атап өтті.

"Әлеуметтік желіде лотерея ұйымдастырып жатқанның біразы салық төлеп, оны жүзеге асырып жатыр. "Ақшаны өз қалтасына салып жатыр" деп барлығына топырақ шаша бермеу қажет шығар", - дейді Аша Матай.

"Лотерея ойнатқан емеспін"

Әнші Бағдат Сәмидинова мұндайды ұнатпайтынын айтып, ағынан жарылды.

"Іnstagram желісінде лотерея ойнатқан емеспін. Ондайды ұнатпаймын.
Әншілердің арасында лотерея ойнатып жүргендері бар ғой. Бірақ оның қаншалықты пайдалы екенін білмеймін. Өзім бұл мәселеге мән бермеппін. Менің ойымша, маңыздысы халыққа зияны тимеуі керек", - дейді ол.

"Олардың еңбегі адал болуы керек"

Сонымен қатар, әнші желіде алаяқтықтардың құрбаны болып жатқандар барын, халықтың алдында жүрген адамдардың беделіне нұқсан келмеуі керегін атап өтті.

"Өнерде жүрген адамдар халыққа қарыздар ғой. Сондықтан еңбегі адал болуы керек. Мұны "елдің алдында жүрген адамдардың атына кір келмесе екен" деген оймен айтып отырмын. Заңдағы норма бұл мәселені тәртіпке келтіреді деген үміттемін", - деді әнші.

"Бұл лотерея емес"

Аталған мәселе жөнінде айтыскер Айнұр Тұрсынбаеваға да хабарластық. Алайда сұрақтарымызға оның заңгері Айжан Орынбаева жауап берді. Ол айтыскер Instagram-да лотерея ойнатпағанын, тек ұтыс ойындарын ұйымдастырып жүргенін жеткізді.

"Біз лотерея емес, ұтыс ойындарын ойнатып жүрміз. Қазіргі таңда Айнұр Тұрсынбаева кітап шығарып жатыр. Оның сатылу ауқымын үлкейту үшін және оқырмандарды ынталандыру мақсатында ұтыс ойындары өткізіліп жатыр. Мемлекетке тиісті салық төленген", - деп заңгер жауабын қысқа қайырды.

"Алаяқтар азаяды"

Ал вайнер Нұрдәулет Бектұрсын әлеуметтік желіде көлігін ұтысқа тіккенін айтады. Бірақ оған қатысу тегін болыпты.

"Мен Іnstagram-да BMW 525 көлікті ойнаттым. Оны досымнан алдым. Бұл конкурсқа қатысу тегін жүргізілді. Жалпы оған 350 мың адам қатысты. Басты талап, "подписчиктер" маған тіркелуі қажет болды. Кейін конкурста студент жеңіске жетті. Конкурстың қалай өткенін YouTube-тан көруге болады", - дейді ол.

Сонымен қатар, вайнер заңға енгізілген жаңа норма желіде алаяқтардың азаюына ықпалын тигізуі мүмкін деген пікір білдірді.

"Бүгінде көптеген адам әлеуметтік желіде лотерея ұйымдастырады. Бірақ ол әділ өтіп жатыр ма, жоқ па, ол жағы белгісіз. Сондықтан заңдағы жаңа норма желіде алаяқтардың азаюына ықпалын тигізетін сияқты", - дейді Нұрдәулет Бектұрсын.

"Халықты алдаған"

Оның пікірін "Жігіттер" тобының мүшесі, әнші Бағлан Әбдірайымов қолдады.

"Менің ойымша, алаяқтар азаюы мүмкін. Себебі, әлеуметтік желіде менің атымнан бірнеше парақша ашып, алаяқтықпен айналысып жүргендермен бірнеше рет сөйлестім. Олар "осы нөмірге ақша аударсаңдар, осындай ұтысқа ие боласыңдар" деп халықты алдаған", - дейді ол мәселенің мән-жайын түсіндіріп.

Сонымен қатар, әнші алаяқтарды қалай тауып алғанын айтып берді.

"Оларды kaspi gold-тағы нөмірі арқылы тауып алып, әрқайсымен жеке-жеке сөйлестім. Оларға заң аясында жазаланатынын айтқамын. Олар "Болды, аға" деп бірден парақшасын өшіріп тастады. Менің ойымша, мұндай жағдайлар енді азаяды", - деп түйіндеді сөзін Бағлан Әбдірайымов.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer