ОЦЕНИТЕ РАБОТУ АКИМА
05 января 2021 | 10:58

Жаңа жылда 50 мың теңгенің отшашуын атқан Айқын Төлепберген сынға қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадры Видео кадры

Жаңа жыл түнінде 50 мың теңгелік отшашу атқан Айқын Төлепберген сынға ұшырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Иконка комментария блок соц сети

Жаңа жыл түнінде 50 мың теңгелік отшашу атқан Айқын Төлепберген сынға ұшырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Әнші видеоны TikTok желісіндегі парақшасында бөліскен. Бүгінде видеоға 90 мыңнан аса лайк басылып, 1894 пікір жазылған. Тағы 2 мыңға жуық адам видеоны бөліскен. Ал жалпы видео 1,5 миллион қаралым жинаған. 

"50 мың теңгенің отшашуы. Көрейік қалай жарылатынын", - дейді әнші. 

@aikyn_tolepbergen

@zhuldyzomirgali_official #салют2021

♬ оригинальный звук - Aikyn

Артынша видео басқа да әлеуметтік желілерде тарап кеткен. 

Әншінің бұл әрекетіне қатысты пікірлер қақ жарылған. Бірі Айқынды сынап тастаған. 

"50 мың теңге аспанға ұшты", "Ақшаңызды босқа құртыпсыз, біреулер 5000 теңгеге жете алмай жүрсе", "50 мың теңгеге отшашу алғанша, отбасыма сыйлық алып, бір қуантпаймын ба", "Бес минут та болмады. 50 мың теңге жоқ болды", "Бағасын айтпай-ақ қойсаң да болар еді, мақтанып не қажеті бар? Мына жерде сол 50 мың теңгеге зар болып отырған адамдар бар. Ақшаңды шашасың ба, өзің білесің бе, бағасын айтпа", - дейді Желі қолданушылары. 

Енді бірі әншіні қолдаған. 

"Өз ақшасы өзі біледі, не істесе де, жұмысым жоқ. Балалар өскелі отшашу атпайтын болғанбыз", "Біреудің ақшасын санаудың не қажеті бар? Отбасы мен балалары үшін мереке жасағысы келді ғой", "Қанша мың теңгеге отшашу атса да өзі біледі ғой, бастысы өздері бақытты", "Әр адам өзі білер, біреуге 50 000 теңге - 5 мыңның есебі. Біреуге 5 мың елу мыңнның есебі. Өз еңбегі, әр пенде өзі біледі ғой, күнде атып жатқан жоқ, жылына бір атса өз еркі", - деп қолдады Желі қолданушылары. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Курс валют

 494.98   521.17   4.92 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети