Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
23 сентября 2019 10:46

Жанар Хамитованың жарық көрмеген әндері: Сиви Махмуди альбом дайындап жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сиви Махмуди мен Жанар Хамитова © instagram.com/sivi_makhmudi Сиви Махмуди мен Жанар Хамитова © instagram.com/sivi_makhmudi

Әнші Сиви Махмуди Жанар Хамитованың жарыққа шықпай қалған әндерінен альбом шығарады. Бұл туралы әнші Instagram желісіндегі парақшасында мәлімдеген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Әнші Сиви Махмуди Жанар Хамитованың жарыққа шықпай қалған әндерінен альбом шығарады. Бұл туралы әнші Instagram желісіндегі парақшасында мәлімдеген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Әншінің айтуынша, Жанардың қоржынында 10-ға жуық ән болған. Алайда оның бесеуі ғана жарыққа шыққан. 

"Маған Жанар жайлы, әзірше өткен шақта айту, қанша қиын екенін түсінсе екен журналистер қауымы. Қалған ақпараттарды алдағы уақытта айтатын боламын! Әзірге Жанар екеуміз жасаған жұмыстарымыз бен әндерімізді алдағы уақыттарда естелік ретінде мұра қалу үшін салып отыратын боламын", - дейді әнші жазбасында. 

Сиви Махмуди Instagram желісіндегі парақшасында Жанармен дуэт ретінде дайындаған "Неге үндемедің?" атты әнін көпшілікке ұсынған. 

"Жанар екеуміздің осындай әніміз жарыққа шыққан болатын. Жанардың жарыққа шықпай қалған әндерін сіздерге күніне бір әнінен салып тұрайын деп шештім", - дейді Сиви жазбасында. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Сивиетта-Siviyetta❤️ (@sivi_makhmudi)

Сиви Махмуди Жанардың репертуарындағы әндерден альбом шығарғысы келетінін айтқан. 

"Өзі өмірден өтсе де, сыңғырлаған ерекше даусымен өшпейтін із қалдырып кетті. Ендігі ниетім 10 әннен естелік ретінде ән жинақ шығару. Сондықтан қатты сынамай бар дүниені мұра естелік ретінде қалдыру мақсатында шығарғалы отырмын", - дейді әнші. 

Сиви бұған дейін бұл әндер 100 пайыз дайын болмағандықтан жарыққа шықпағанын түсіндірді.

Сонымен қатар, әнші Instagram желісіндегі парақшасында Жанардың "Сен" атты туындысын ұсынған. 

"Көптеген кісілер бүгінгі таңға дейін әндерді неге шығармадың деп қарсылық білдіріп жатыр. Бұл әндерді шығармаған себебіміз Жанар екеуміздің көңілімізден толықтай шықпаған болатын. Сол себептен болашақтың еншісіне қалдырған болатынбыз", - дейді әнші жазбасында. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Сивиетта-Siviyetta❤️ (@sivi_makhmudi)

Сондай-ақ Жанар Сиви Махмудидің қоластында болған кезде әнші Рысбек Аташпен "Айтқым келеді" және "Күннен күнге" атты әнге дуэт жазып, бейнеклип түсірген.

Еске салайық, 16 қыркүйекте Жанар Хамитованың қайтыс болғаны хабарланған еді. Жанар Хамитова шығармашылық карьерасын Нұржан Керменбаевпен бірге "Арнау" тобында бастап, қазақстандық тыңдармандар арасында танымал болған еді. Бұған дейін ол Super Star KZ жобасына қатысқан болатын.

Тұрмыс құруына байланысты шығармашылық үзілісте болған Жанар Қазақстанға оралған соң өнер жолын қайта бастағысы келетінін айтқан. Сол кезде оған әріптесі Сиви Махмуди қол ұшын созған еді. Махмуди Хамитоваға мейрамханада әнші болып қызмет етуді ұсынған. Бірақ көп ұзамай Жанар мен Сиви өзара серіктестігін тоқтатқаны белгілі болды. Махмудидің айтуынша, Жанардың көңіл-күйі жиі өзгеріп, тұрақты жұмыс істеуге дайын болмаған.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 448.12   483   4.85 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети