ПОДЕЛИТЬСЯ
16 сентября 2019 | 15:26
"Жаның қиындық көрмесін". Өнердегі әріптестері Жанар Хамитовамен қоштасып жатыр
Өнердегі әріптестері Жанар Хамитовамен қоштасып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Өнердегі әріптестері Жанар Хамитовамен қоштасып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Марқұммен көп жыл бойы бірге жұмыс істеген әнші әрі продюсер Сиви Махмуди Жанар Хамитованың қайтыс болуына байланысты қайғырып көңіл айтты.
"Бала болып келіп, бала болып кеттің. Аз уақытта бауырыма басып қалған едім. Неге бұлай болды??? Жүрегім қарс айырылды. Әлі де сене алар емеспін. Жаның жәннатта болсын алтыным! Ата-анаңа қайғырып көңіл айтамын! Сен мәңгі менің кішкентай жап-жарық жұлдызымсың! Бақұл бол! Алла алдыңнан жарылқап мейіріміне бөлесінші!", - дейді әнші жазбасында.
Посмотреть эту публикацию в InstagramПубликация от Сивиетта-Siviyetta❤️ (@sivi_makhmudi) 16 Сен 2019 в 2:02 PDT
Сондай-ақ, пародист Асқар Көмекбаев та жеке парақшасында қаза туралы жазды.
"Жанар Хамитова өмірден өтті. Алла күнәларын кешірсін деп дұға жасап қояйық бауырлар. Тірі кезімізде бір-бірімізге жақсы сөз айтып, жақсылық жасайықшы. Өмірден өтіп кеткен соң, кешірім сұрап үлгере алмай қалуымыз мүмкін", - дейді пародист Асқар Көмекбаев.
Посмотреть эту публикацию в InstagramЖанар Хамитова өмірден өтті???? Алла күнәларын кешірсін деп дұға жасап қояйық бауырлар???? Тірі кезімізде бір-бірімізге жақсы сөз айтып,жақсылық жасайықшы. Өмірден өтіп кеткен соң,кешірім сұрап үлгере алмай қалуымыз мүмкін????
Публикация от ???????????????????? ???????????????????????????????????? (@askar_komekbaev) 16 Сен 2019 в 1:51 PDT
Эстрада әншілері Ғани мен Бота туыстарына қайғырып көңіл айтқан.
"Жанар Хамитова өмірден өтті. Өте өкінішті... Жалғыздықтан жапа шекті ғой. Туыстарына қайғырып көңіл айтамыз", - дейді дует жазбасында.
Посмотреть эту публикацию в InstagramЖанар Хамитова өмірден өтті. Өте өкінішті...???? Жалғыздықтан жапа шекті ғой. Балалары күйеуінде. Анасы сөйлеспей қойған. Өмір сынақтарына төтеп бере алмады. Кейде тығырыққа тірелгендей күй кешесің, Бірақ Алла қолдайды ғой... Сенім шырағы сөнбеуі керек.???? Енді амал нешік... Туыстарына қайғырып көңіл айтамыз.????????????
Публикация от ҒАНИ мен БОТА (@ganibota) 16 Сен 2019 в 1:44 PDT
Продюсер Алуа Қонарова да қайғырып көңіл айтқан.
Посмотреть эту публикацию в InstagramИманды болсын????????????????????????
Публикация от Конарова Алуа Курманалиевна (@aluakonarova) 16 Сен 2019 в 1:48 PDT
Әнші Ерболат Құдайберген Instagram жеке парақшасында көңіл айтқан.
Посмотреть эту публикацию в Instagram???????????? Иманды бол Жанар.
Публикация от ЕРБОЛАТ КУДАЙБЕРГЕНОВ???? (@erbolatkudaibergen) 16 Сен 2019 в 1:32 PDT
"Жанар Хамитова дүниеден өтті деген суық xабар естідік Аннадан... Алла мейіріміне бөлесін. Өмір тым қысқа...", - дейді журналист Асхат Садырбай.
Посмотреть эту публикацию в InstagramЖанар Хамитова дүниеден өтті деген суық xабар естідік. Ақпаратты достары растады ... Алла мейіріміне бөлесін. Жақындары мен туыстарына көңіл айтамыз. Өмір тым қысқа...
Публикация от Askhat SADYRBAY (@askhatsadyrbay) 16 Сен 2019 в 1:31 PDT
"Жаным досым. Жаның жәннатта болсын. Сағынамыз. Қайғырып көңіл айтамыз", - дейді әнші Рысбек Аташ.
Посмотреть эту публикацию в InstagramЖаным досым???? Жаның жәннәтта болсын???????????? Сағынамыз???? Қайғырып көңіл айтамыз????
Публикация от Рысбек Аташ (@rysbek_atash) 16 Сен 2019 в 1:09 PDT
"Қайғылы оқиға, жанымызға батарлық жағдай болды бұл. Алла алдынан жарылқасын. Тағдырдың сынағына шыдай алмаған бейбақ сіңілім ай. Өмірдің ғажаптығын білмей кеттің ау?! Өкінгенмен еш шара жоқ. Жаның қиындық көрмесін", - дейді әнші Индира Расылхан.
Посмотреть эту публикацию в InstagramҚайғылы оқиға, жанымызға батарлық жағдай болды бұл. Алла алдынан жарылқасын. Тағдырдың сынағына шыдай алмаған бейбақ сіңілім ай. Өмірдің ғажаптығын білмей кеттің ау?! Өкінгенмен еш шара жоқ. Жаның қиындық көрмесін. ????
Публикация от INDIRA RASYLKHAN (@indirarasylkhan) 16 Сен 2019 в 2:11 PDT
Мұның алдында әншінің қайтыс болғаны хабарланған.
Айта кетейік, "Арнау" дуэтінің бұрынғы солисі Жанар Хамитова Алматыда тұрып келген. Ал әншінің перзенттері Түркияда әкесімен бірге өмір сүріп жатыр. Өнер иесі ұлдарын қайтармақ болып, қорғаушы жалдаған. Алайда ол күйеуінен әлі күнге дейін қорқатынын жеткізген. Балаларын бірден алып кетпегенінің де себебі осы деген еді әнші сұхбаттарының бірінде.
Оқи отырыңыз:
"Тамырымды кесіп, асылып өлмек болдым". Жанар Хамитова соңғы сұхбаттарында не деді?
"Өнерден кетемін. Жұрттың сөзі ауыр тиді". Сиви Махмуди Жанар Хамитованың сырын айтты
Қыршынынан қиылған ғұмырлар. Арамыздан ерте кеткен жұлдыздар
Показать комментарии
Читайте также