Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
17 сентября 2019 14:36

"Өнерден кетемін. Жұрттың сөзі ауыр тиді". Сиви Махмуди Жанар Хамитованың сырын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жанар Хамитова мен Сиви Махмуди. © Instagram Жанар Хамитова мен Сиви Махмуди. © Instagram

Әнші Сиви Махмуди марқұм Жанар Хамитованың өнерден кеткісі келетіні, алда қандай жоспарлары болғаны және соңғы кездесуіндегі бөліскен сырын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Әнші Сиви Махмуди марқұм Жанар Хамитованың өнерден кеткісі келетіні, алда қандай жоспарлары болғаны және соңғы кездесуіндегі бөліскен сырын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазіргі уақытта Сиви Махмуди Жанар Хамитованың туған жері - Қарағанды облысы Қарқаралыға аттаныпты. Ертең, 18 қыркүйекте жерлеу рәсімі өтеді.

Махмудидің айтуынша, ол Жанар Хамитовамен бір жарым ай бұрын әріптестігін тоқтатқан. 

"Жанардың өзі күйзелісте жүрді. Өзі "өнерден демала тұрайын", "есімді жинап алайын" деп өтініш айтқаннан кейін әріптестікті тоқтаттық. Жанар өнерден біраз алшақтап қалып, кейін қайта сахнаға шыққаннан кейін бойында қорқыныш пен үрей болды. Өзі шаршап қалып жүрді. Негізі бәрі жақсы еді. Бірақ ұзақ үзілістен кейін ел алдына шығып, сұхбат бергеннен кейін терең күйзеліске түсті", - дейді ол.


© Instagram.com

Сивидің айтуынша, Жанар жұрттың алдына қайта шығуға психологиялық тұрғыда дайын болған жоқ.

"Менің ойымша, ол дайын болған жоқ. Бекер болды. Ал өнерде мақсаттары көп еді. Жарыққа шықпаған әндері де көп, бірақ бейнебаян түсіріп үлгерген жоқ. Мен бір бейнебаян жоспарап отырған едім, бірақ Жанардың өзі қалаған жоқ. Өйткені менімен әңгімесінде "өнерден кетемін, ешқандай жұмыс жасамай-ақ қояйық" деді. Нәтижесі болмағаннан кейін ән де жазып, бейнебаян да түсірмей-ақ қояйық деді. Өзінің маған айтқан сөзі - "Өнердегі сынға шыдай алмаймын, жұрттың сөзі мен комментарилері маған ауыр тиіп жатыр. Алшақтап кетіппін, үйрене алмай жатырмын", - деп әңгімеледі Сиви Махмуди.


© Instagram.com

Сондай-ақ, ол Жанар Хамитованың соңғы шыққан әні қандай болғанын айтты.

"Жанардың өзгеше тембрі, даусының вибрациясы бар еді. Өзгеше дауыс иесі еді. Қанша жыл ән айтпай жүргеннен кейін, күн сайынғы дайындықтың арқасында одан да құлпыра түсті. "Өнермен гүлденемін" деген әнінің тұсауын түнгі студияда кескенбіз. Ал соңғы шыққан әні Рысбек Аташпен бірге айтқан дуэті болды", - деді Махмуди. 

Еске салайық, кеше, 16 қыркүйекте Жанар Хамитованың қайтыс болғаны хабарланған еді. Жанар Хамитова SuperStar.kz байқауы арқылы танымал болды. Кейінірек ол Нұржан Керменбаевпен бірге "Арнау" тобын құрған. Алайда көп уақытқа жұрт назарынан тасада қалып, биыл ғана сахнаға қайта шыққан болатын. 

Оқи отырыңыз:

"Жаның қиындық көрмесін". Өнердегі әріптестері Жанар Хамитовамен қоштасып жатыр

"Тамырымды кесіп, асылып өлмек болдым". Жанар Хамитова соңғы сұхбаттарында не деді?

Қыршынынан қиылған ғұмырлар. Арамыздан ерте кеткен жұлдыздар

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 451.08   483   4.85 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети