Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
29 июня 2018 19:24

"Жаст май өнивөрс". Қайрат Нұртас тағы да шет тілінде ән жазатынын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бүгін 7 арнадағы "Өз ойым" бағдарламасында "Желіні желдеткендер" тақырыбы қозғалды. Бағдарламаға әлеуметтік желілерде талқыға түскен ағылшынша және қазақша айтылатын My universe әнінің орындаушысы Қайрат Нұртастың інісі Заңғар Нұртас қонақ болды.


Бүгін 7 арнадағы "Өз ойым" бағдарламасында "Желіні желдеткендер" тақырыбы қозғалды. Бағдарламаға әлеуметтік желілерде талқыға түскен ағылшынша және қазақша айтылатын My universe әнінің орындаушысы Қайрат Нұртастың інісі Заңғар Нұртас қонақ болды.

"Көрермендердің бірі қолдаса, бірі қолдамай қазақшалап "Жаст май өнивөрс" деп неше түрлі пародия, вайн түсіріп жүр ғой, әрине оларға еш өкпем жоқ. Бізге бәрібір. Екі-үш рет әнді өңдедік, енді біз ағылшын емеспіз акцентсіз айтатын", - дейді Заңғар.

Сонымен қатар, жас әншіге ән шықпай тұрып сынның астында қаласыңдар деп ескерткендер де болыпты.

"Иә, басында ағылшын өлеңін жаздыртып жатқанда бәрі маған айтты, халыққа ұнамауы мүмкін, бастарың дауға қалады деп. Мен сонда да бой бермей бұл өлеңді жаздырттым. Себебі ағам Қайраттың осы уақытқа дейін басынан небір жағдайлар өтті. Бәрін біліп, көріп өскеннен соң ол жағынан аса қорықпаймын", - деген Заңғар өнерлі отбасынан шыққандықтан ондай қаңқу сөздерге төзе алатынын айтады.

Мұнымен бірге, бағдарлама жүргізушілері Заңғардың ағасы Қайрат Нұртаспен эфир барысында телефон арқылы байланысқа шықты. Қайрат Нұртастың айтуынша, бұл әнге аса қатты дайындық болмаған. 

"Керек болса болашақта тек сол ағылшын әнімен шектеліп қалмаймыз, барлық тілде ән айтатын боламын", - деді танымал әнші. 

Айта кетейік, бір бұрын жарияланған бейнебаян бүгінге дейін 4,5 миллионға жуық қаралым жинаған.

Айта кетейік, "Өз ойым" ток-шоуында жүргізушілер жанжалдасып қалған тараптарды ашық диалог арқылы татуластыруға тырысады, ал көрермендерге жағдайдың анық-қанығына көз жеткізуге көмектеседі. Сонымен қатар, айтылғанның барлығын кесіп-пішіп, шешілмейтіндей көрінген түйінді мәселені тарқатуға тырысады.

Бір жарым сағаттық ток-шоу сейсенбіден жұмаға дейін сағат 15:00-де көрсетіліп жүр. Телеарна студиясы мен сайтындағы интерактив кезінде көрермендердің дауыс беруі жүреді.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 443.2   490.7   4.82 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети