"The Эфир" жобасының жаңа маусымының тағы бір қонағы - корейдің белгілі әншісі, ақын, Boyfriend тобының экс-мүшесі Lee Joengmin. Бағдарлама барысында әнші Қазақстанға сапарынан алған әсерін бөлісті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сонымен қатар, әнші K-pop жайлы ойын және әйгілі болу үшін не істеу керегін айтып берді.
"Әнші болу үшін әуелі тыңдаудан өту керек. Әдетте тыңдау компанияларда өтеді. Келесі кезеңге өтіп жатсаңыз, ары қарай түрлі тренинг, мастер-классқа қатысасыз. Айына бір рет олар емтихан өткізеді. Егер қандай да бір қатысушыны лайық көрсе, дайын екеніне сенімді болса, дебютке дайындайды. Образ, ән барлығын таңдап, біршама уақыт бірге жұмыс істеп көреді. Ойдағыдай өтсе, альбом жазып, ары қарай жоспар құрып, іске кіріседі", - дейді әнші.
Әнші өнерге келер алдында ішімдікке жақын болғанын айтты.
"Бұрын алкоголь ішуді жақсы көретінмін. Жеке әнші ретінде карьерамды бастағалы ішуді қойдым. Қазір спортпен шұғылданамын. Альбом шығару кезінде де уақтылы және дұрыс тамақтануға тырысып жүрмін. Тек көкөніс жеймін", - дейді корейлік әнші.
Айта кетейік, бұл жобаның мақсаты - танымал тұлғаларды жаңа қырынан көрсету, олар туралы жаңа мәліметтерді оқырманға ұсыну.
YouTube-арнамызға жазылуды ұмытпаңыздар.
Ләйлә Сұлтанқызы Facebook, Instagram және Telegram желісінде.