Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
04 марта 2018 18:09

Қайрат Нұртастың балалары әкесінің концертінде тұңғыш рет жұрт алдына шығады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© instagram.com/kair_n © instagram.com/kair_n

Қазақстандық танымал әнші Қайрат Нұртастың балалары әкесінің концертінде тұңғыш рет жұрт алдына шығады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстандық танымал әнші Қайрат Нұртастың балалары әкесінің концертінде тұңғыш рет жұрт алдына шығады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қайрат Нұртас сахнаға балаларымен шығатынын Instagram парақшасында жазды. Айтуынша, концерт Наурыз мейрамына орай, 19 және 22 наурыз күндері өтеді. 

"Жайма шуақ көктемнің нұрын шаша келген Наурыз мерекесі қарсаңында отбасыма қызығушылық танытып жүрген xалқыма бұрынғы концерттерден ерекше концерт ұсынбақшымын! Бұрын соңды болмаған, жанұямның мүшелерінің қатысуымен өтетін, өнер сүйер қауымның ынтыға күткен кештің куәгері болыңыздар! 19 наурыз Астана қаласы, Қазақстан орталық концерт залында және 22 наурыз Алматы қаласы, республика сарайы өтетінін хабарлаймын!!! Біз Сіздерді күтеміз", - деп жазды Қайрат Нұртас.

Сонымен қатар, бұл жөнінде әншінің әкесі Нұртас Айдарбеков те Instagram парақшасында жазды.

"Құдай қаласа немерелерімнің шығатын уақыты келді. Өмірімнің жалғасы, Құдайдың бере салғандарын xалық ұзақ күткен сияқты. Әр нәрсенің өз уақыты бар. Алтындарым тіл-көзден аман болып, концертті абыроймен өткізсек болғаны. Ал, ағайын баламның ән кешінде менде боламын", - деп жазды ол. 

Айта кетейік, Қайрат Нұртастың жеке өміріне және оның отбасына қатысты мәліметтер он жылдан артық уақыт бойы құпия болып келген еді. Әнші жұбайын 2017 жылы қазанда өткен "Арман..." (орысша атауы "Когда ангелы спят") атты фильмнің таныстырылымында ғана ел алдына алып шыққан болатын.

Ал бұған дейін, 2017 жылы маусымда Қайрат Нұртастың анасы, белгілі продюсер Гүлзира Айдарбекова Жұлдыз Әбдукәрімова есімді келінінің барын растаған болатын. Осыдан кейін Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдукәрімова түскен бейнебаян жарыққа шыққан еді.

Осыдан дейін Қайрат Нұртастың әйелі Жұлдыз Әбдукәрімова отбасы жайлы жаңа деректерді айтқан болатын. Ол болашақ жолдасымен қалай танысқанын, осы уақытқа дейін құпия өмір сүруге қалай шыдап келгенін әңгімелеп, қазір екі ұл, екі қыздарының бар екенін мәлімдеді.


© instagram

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 446.78   483   4.85 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети