ОЦЕНИТЕ РАБОТУ АКИМА
18 ноября 2022 | 17:29

Қазақ әншілері ұзату тойларына қанша гонорарға шығып жүр?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шоу-бизнес өкілдері арасында той табыс көзінің біріне айналғаны жасырын емес. Бұл орайда ұзату тойлары да алдыңғы орында. Соған сай әр әншінің қалаға, қонақүйге, билетке сәйкес қойылған өзіндік гонорарлары бары ешкімге жасырын емес. Massaget.kz тілшісі әртістердің өкілдеріне хабарласып, ұзатуға қаншаға шығатынын анықтады.


Иконка комментария блок соц сети

Шоу-бизнес өкілдері арасында той табыс көзінің біріне айналғаны жасырын емес. Бұл орайда ұзату тойлары да алдыңғы орында. Соған сай әр әншінің қалаға, қонақүйге, билетке сәйкес қойылған өзіндік гонорарлары бары ешкімге жасырын емес. Massaget.kz тілшісі әртістердің өкілдеріне хабарласып, ұзатуға қаншаға шығатынын анықтады.

Сара Тоқтамысова

Танымал айтыскер Сара Тоқтамысова қазір жүкті екен. Айтыскер ақынның өкілі осындай жақсы жаңалықты жеткізіп, оның әзірше тойға шықпайтынын айтты. Алайда Сара Тоқтамысованың белгіленген гонорарына бүкіл шығыны кіреді екен.

"Бізде 2000 доллар ғой", - деп жауап берді әртістің өкілі.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Сара Тоқтамысова. (@sarkanai)

Теңгеге шақсақ, бұл шамамен 900 мыңнан асады.

Салтанат Бақаева

Қыз ұзатып жүрген әншілердің бірі Салтанат Бақаеваның гонорары басқа әртістерге қарағанда салыстырмалы түрде арзандау.

"Алматыдағы гонорары - 800 мың теңге. Қызды алып кіреді, екі-үш ән айтады. Алам десеңіздер алдын ала төлем жасалады", - дейді әншінің көмекшісі.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Салтанат Бақаева (@saltanat_bakayeva)

Қарақат Әбілдина

Ал Қарақат Әбілдинаның қыз ұзатуға белгіленген гонорарына басқа шығындары кірмейді.

"Басқа қалаларға гонорары 6000 доллар болады", - дейді әншінің өкілі.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Karakat Abildina (@karakat_a)

Бұл соманы теңгеге шақсақ, шамамен 2 миллион 700 мыңдай болады.

Айдар Тұрғамбек

Қазір шоу-бизнес өкілдері ішінен әйел адамдар ғана қыз ұзатып жүрген жоқ. Айдар Тұрғамбек те ұзатулардан көрініп жүр. Әншінің өкілі тойға шақыратын кезде гонорардың 50 пайызы алдын ала төленуі қажет екенін айтты.

"Бағасы 1 миллион 200 мың теңге. Жолы - бәрі кіреді. Алты өлең айтады. Басында алып шығады. Соңында ұзатып жіберуге болады. Ортасында билейтін өлеңдері болады. Басынан соңына дейін жүреді", - дейді әншінің өкілі.

Дана Кентай

Дана Кентайдың да гонорары өзге әншілерге қарағанда салыстырмалы түрде арзандау.

"Қызды кіргіземіз, соңғы жағында 3-4 өлеңін айтады, соңында ұзатамыз, 400 мың болады. Ал тек ұзату 200 мың болады", - дейді әншінің администраторы.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Дана Кентай (@danakentai)

Роза Әлқожа

Ал Роза Әлқожаның ұзатудағы гонорары теңгеге шақсақ, 1 миллион 300 мың теңгедей болады.

"3000 доллар. Ішіне бәрі кіреді. 10-12 ән айтады. Қызды алып кіреді, алып шығады", - дейді әншінің өкілі.

Дана Аманбаева

Ал әнші Әділ Сламхановтың жары Дана Аманбаеваның гонорары екі түрлі болады екен. Әншінің өкілінің сөзінше, бұл бағдарламаға байланысты.

"Алып кіру, ортасында дуэт, соңында ұзату 300 мың болады. Тек ұзату болса, 200 мың теңге", - дейді ол.

Шоу-бизнес өкілдері тойға шығуға қанша сұрайды?

Еске салайық, бұған дейін қазақ жұлдыздары тұсаукесер тойына келуге қанша гонорар сұрайтыны анықталған болатын.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Курс валют

 523.21   550.47   4.96 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети