ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
27 октября 2019 | 09:17

Қазақша және орысша КВН неге екі әлем? Марат Оралғазин мен Еркебұлан Мырзабек "The Эфир" қонағы болды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

КВН-нен шығып, ал бүгінде "Хабар" арнасындағы "ҚызықTimes" бағдарламасының танымал жүргізушілері Марат Оралғазин мен Еркебұлан Мырзабек Ләйлә Сұлтанқызы жүргізетін "The Эфир" жобасына қонақ болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

КВН-нен шығып, ал бүгінде "Хабар" арнасындағы "ҚызықTimes" бағдарламасының танымал жүргізушілері Марат Оралғазин мен Еркебұлан Мырзабек Ләйлә Сұлтанқызы жүргізетін "The Эфир" жобасына қонақ болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сұхбатта тележүргізушілер әлеуметтік желілердегі хейтерлер, қазақ КВН-ы мен орыс тіліндегі КВН ойындарының айырмашылығы және қазіргі қазақ телевизиясындағы сериалдардың бір типті болуы мәселелері аясында сөйледі. 

"Хейтерлерді қатты жақсы көремін. Әзілдесіп жауап берген жақсы, маған разминка. Әзілмен жауап бересің, сосын ол жынданады. Сосын оның жауабын Stories-ке салып қоясың. Менің парақшамда белсенділік болады сол хейтінің арқасында. Ал мақтаған пікірге не дейсің, "рақмет" деген соң бітеді", - деп әзілдеді Еркебұлан Мырзабек. 

Оның айтуынша, жамандап жазатындар - бақытсыз адамдар. "Олар көре алмайды. Егер сен бақытты болсаң, сенің біреуде шаруаң болмайды, оған ештеңе де айтпайсың. Жазудың да қажеті жоқ, өздері кіріп, зерттеп, соған уақытын арнайды", - дейді Еркебұлан. 

Ал қазақ тіліндегі және орыс тіліндегі КВН-ді тележүргізушілер екі әлем деп атады.

"Екі жақ - екі әлем. Бір-біріне әзілдерін өткізе алмайсың. Біздікі қазаққа тән әзілдер", - дейді Еркебұлан. Марат Оралғазиннің айтуынша, қазақ аудиториясына әрекетпен көрсететін әзілдер жақын болса, орыс тілді көрерменге "құлақпен тыңдайтын" әзіл өтімді.

"Қазір, байқасаңыз, фильм болсын, сериал болсын алып қарасаңыз, КВН-шілер жүреді. Авторы, жүргізушісі, продюсері, тіпті гримері болса да жүреді. Бірақ бізде бір уақытта осы нәрсе тоқтап қалды да, қазір авторлардың тапшылығы пайда болды. Мысалы 2007 жылға дейін КВН ойнағандар Нұрлан Қоянбаев, Тұрсынбек Қабатов, Асқар Ұзабаев, барлығын КВН-шілер. Содан кейін буын тоқтап қалып, бізде авторлар тапшы болды", - дейді Марат Оралғазин. 

Сонымен қатар, танымал тележүргізушілер саясатқа көзқарасы, қазақ киносы және отбасылары жайлы айтып берді. 

Айта кетейік, бұл жобаның мақсаты - танымал тұлғаларды жаңа қырынан көрсету, олар туралы жаңа мәліметтерді оқырманға ұсыну.

YouTube-арнамызға жазылуды ұмытпаңыздар.
Ләйлә Сұлтанқызы Facebook, Instagram және Telegram желісінде.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer