Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сай премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Қазақстанда іс-шараларды өткізуге тыйым салу туралы айтты. Осыған орай отандық жұлдыздар жоспарланған шараларын кейінге қалдырып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сай премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Қазақстанда іс-шараларды өткізуге тыйым салу туралы айтты. Осыған орай отандық жұлдыздар жоспарланған шараларын кейінге қалдырып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Әнші Айқын Төлепберген түсірген "Где мое кольцо?" фильмінің тұсаукесері 9 сәуірде өтуі керек болған. Алайда әнші бүгін Instagram желісіндегі парақшасында премьера белгісіз уақытқа шегерілгенін хабарлады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
"Достар, баршаңызға сәлем! Коронавирустың тарауына байланысты кинотеатрлардың жабылуына байланысты "Где мое кольцо?" фильмінінің шығу күні белгісіз уақытқа шегеріледі!", - дейді әнші жазбасында.
Кинотеатры работать не будут - вице-премьер
Сонымен қатар, әнші Қайрат Нұртас 21 наурызда Нұр-Сұлтанда өтетін ән кеші болмайтынын мәлімдеді.
"ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың мәлімдемесіне орай, Нұр-Сұлтан қаласында өтетін, менің 21 наурыздағы "Тартылыс күші" атты ән кешім кейінге шегерілгенін хабарлаймын! Кештің нақты болатын күні алдағы уақытта белгілі болады. Еліміз тыныш, халық аман болсын! Жаратқан Ием сақтасын!", - дейді Қайрат Нұртас.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Одан бөлек, танымал ақын Ақберен Елгезек 14 наурызда сағат 15:00-ге жоспарланған "Болмаған балалық шақ" кітабының тұсаукесері өтпейтінін хабарлады.
"Кешелі бері өзім және маған тілектес ағайын-достарым "Болмаған балалық шақ" кітабының тұсаукесеріне шақырған болатынбыз. Бүгін ел басшылығы әлемде тарап жатқан короновирус індетіне байланысты адам көп жиналатын барлық шараларға тыйым салу жөнінде мәлімдеме жасады.
Соған байланысты сенбі күні, яғни, 14 наурызда сағат 15:00-ге жоспарланған тұсаукесер болмайтын болды. Құдай бұйыртып, індеттің беті қайтқан кезде өткізе жатармыз. Мен үшін кітаптың тұсаукесері емес, сіздердің денсаулықтарыңыз бен амандықтарыңыз қымбат! Сол себептен, менің бұл хабарламамды дұрыс қабылдайсыздар деген сенімдемін", - деп жазды ақын Facebook желісіндегі парақшасында.
Сонымен қатар, 22 наурызда Алматы қаласындағы "Балуан Шолақ" спорт сарайында "Өнер барысы" өтуі керек болған. Шара ұйымдастырушыларының айтуынша, мерекенің өтуі жайлы ақпарат әлі талқыланып жатқанын айтты.
Одан бөлек, әнші Нұрболат Абдуллиннің ән кеші 3 сәуірде Республика сарайында өтеді. Концерт ұйымдастырушысының сөзінше, шараны кейінге қалдыру жоспарда жоқ.
"Ол мерекелік шара емес қой, ол жеке концерт. Бізде әлі ондай жоқ. Әзірше белгісіз, бірақ мен әлі естімедім ол жаңалықты", - дейді концерт ұйымдастырушысы.
Сонымен қатар, "Өнер қырандары" ұжымының концерті 19 сәуірге жоспарланған. Кеш ұйымдастырушысының сөзінше, іс-шара өтеді.
Запрет массовых мероприятий введен в Казахстане
Еске салайық, бүгін Қазақстандағы адам көп жиналатын барлық шараға тыйым салынды. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов мәлімдеген еді.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!