Қазақстандық актер Тәуекел Мүсілім карантинде "ұсталды", - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстандық актер Тәуекел Мүсілім карантинде "ұсталды", - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"ҚызықLive" жобасының жүргізушілері Марат Оралғазин мен Еркебұлан Мырзабек "Мен алдандым" айдарына бұл жолғы кейіпкер ретінде Тәуекел Мүсілім мен Жанель Мақажанованы таңдаған.
"Мен алдандым! "Папа поневоле" фильмінің тұсаукесерінен кейін танымал актер Тәуекел Мүсілім мен актриса Жанель Мақажанова ресторанда отырамыз деп тексеріске ілініп қалды. Алдауға көмектескен "Сағыз" сериалының жұлдызы Ернар Сакупов та күлкіге қарық қылды. Сонымен нәтижесі не болар екен? Штраф ала ма екен? Әлде кешіріммен құтыла ма екен?" - деді жүргізушілер You Tube желісіндегі эфирде.
Тамақтану орындарында қаланың бас санитар дәрігерінің қаулысы бойынша сағат 23.00-ге дейін отыруға болады. Алайда жүргізушілер актерлік құрамды 22.00-ге дейін ғана отыруға болады деп алдаған.
"Мейрамханада түнгі сағат 22.00-ге дейін отыруға болады деп, карантин уақытында мейрамханада отырғаны үшін осы актерлерді "кішкене қайраймыз", - деді Марат Оралғазин карантин ережесінің сақталуын "тексеретін" ер адамдарды таныстырып.
Осылайша пранк сағат 22.20-да басталған. Видеода қонақтардың жиналып жатқан сәті көрсетіледі. Бір кезде жиын басталып, Тәуекел Мүсілім сөз сөйлеп жатқанда есіктен "тексерушілер" кіріп, өзін таныстырды.
"Қазір Алматы "сары" аймаққа көшті, карантин күшейтілді. Білесіздер ме? Бұл отырысты кім ұйымдастырды? (...) Ұйымдастырушы 15 күнге уақытша ұстау изоляторына қамалады, ал қалған азаматтарға айыппұл салынады немесе олар қаланы көгалдандыру, қар тазарту секілді қоғамдық жұмыстарға жұмылдырылады", - дейді "тексеруші".
Бір сәтте келесі "тексеруші" Тәуекел Мүсілімнің жанына келіп, телефон камерасына түсіре бастайды.
"Осындай адамдар ғой халықтың қиналып жатқан кезінде той тойлап... Адамдар қырылып жатыр. Жазда білесіздер дәрі болған жоқ. Қазір қандай жағдайда болып жатқанын білесіздер", - дегенде Тәуекел Мүсілім оның сөзін бөледі.
"Эмоцияға беріліп айтудың қажеті жоқ. Жоқ сіз қазір адамның жеке басына тиісіп жатырсыз... Сіздің қандай құқыңыз бар? Маған осылай айтуға қандай құқыңыз бар", - деп наразы болады актер.
Содан кейін "тескерушілердің" бірі ұйымдастырушылар кешірім сұрап жатқанын айтып, залда отырған танымал адамдардан камераға қарап кешірім сұрауды ұсынды. Сол сәтте "тексерушілер" қонақтардың бірінің атын атап, залдан шығуын сұрайды. Қалған адамдар бұған күдікпен қарап, "бәріміз біріміз үшін" деп қалжыңдайды.
"Ассалаумағалейкум. Мен - Тәуекел Мүсілім. Осы карантин шараларын, тәртіпті бұзғаныма кешірім сұраймын. Қазір сағат 10-нан (кешкі - авт.) асты. 11 болып қалды. Біз енді түсірілім тобымен киноны бітірген сәтімізді тойлап едік... Сол үшін кешірім сұраймын. Мұндай енді қайталанбайды. Өз-өздеріңізді сақтаңыздар, денсаулықты күтіңіздер", - деп кешірім сұрады Тәуекел Мүсілім.
Содан соң актриса Жанель Мақажан да кешірім сұрады.
Дегенмен "тексерушілер" олардың үйге қайтуын сұрап, видеолар сотқа жіберілетінін түсіндірді. Кейін сот шешім шығаратынын айтады.
Сөйтіп тұрғанда есіктен жоба жүргізушілері Марат Оралғазин мен Еркебұлан Мырзабек кіріп келді. Отырысқа жиналғандар бірден пранк үшін жасалғанын түсініп, күліп, қол шапалақтайды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!.