Әнші Мадина Сәдуақасова дүние жүзінде тараған коронавирус пандемиясына қатысты ойын білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Әнші Мадина Сәдуақасова дүние жүзінде тараған коронавирус пандемиясына қатысты ойын білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұл туралы әнші Instagram желісіндегі парақшасында жазды.
"Көрерменсіз концерт концерт па?! Адамдардың энергетикасы, күлімдеп тұрған көздері, эмоциялары, әніңе қосылып ән шырқайды, сыйлаған гүл шоқтары, шапалақтары... Концерттен кейін шығып бәәрімен сүретке түсесің, арасында сұрақтарға жауап бересін, автограф жазып бересің , тілектерді "өлтіріп", қалжыңдасасың!...Осы ғой нағыз өнер адамына керегі", - дейді ол.
Әнші барша халық карантинге бағынуы керегін айтады.
"Ал қазір карантинге бағынуымыз керек, өйткені, вирус бар! Ешкімді аяп жатқан жоқ, біреу жеңіл түрде ауырса, біреуінің ағзасы көтермей жатыр! Сақтанайық, абай болайық, ауырып жатқандарға емдері шипа болсын, жақсы күндер болады алдымызда, күтейік, сабыр сақтайық! Ал осындай телеконцерттердің ұйымдастырушыларына рахмет үлкен, телевидение арқылы болса да көрерменемен қауыштырып жатқандарыңыз үшін!Амандықта, саулықта, концерттерде жолығайық, ағайын! "Воздушный поцелуй"-імді қабыл алыңыз!", - дейді әнші.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
"Басында мен де күмәнмен қарадым". Айқын Төлепберген коронавирустың барына қалай көзі жеткенін айтты
Еске салайық, бұған дейін әнші Айқын Төлепберген коронавирусқа қатысты ойын бөліскен болатын. Әншінің айтуынша, ол басында бұл ауруға күмінмен қараған.
"Достарым, таныстарым ауыра бастады. Ауруханаларда орын жоқ. Арақашықтықты сақтаңыздар", - деді әнші.