Әнші Нұржан Керменбаев қызды болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Әнші Нұржан Керменбаев қызды болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Сүйінші хабарды әнші Instagram желісіндегі парақшасында хабарлады.
"Аллаға шүкір қызды болдық. Елдегі соңғы қайғылы жаңалықтардан шаршаған шығарсыздар. Ленталарыңызға қуанышты хабарымды бөліскенді жөн көрдім. Жақсылыққа толы жаңалықтарымыз көп болғай. Не жыларымды, не күлерімді білмей отырмын. Есімін кім деп қояйық?", - дейді әнші.
View this post on Instagram
Айта кетейік, Нұржан Керменбаев 1989 жылы 17 ақпанда Қарағанды облысының Жезді ауылында туған. 2006 жылы ол Superstar.kz-3 телевизиялық шоуына қатысып, жеңімпаз атанды. 2009 жылы Жезқазған музыкалық колледжін тәмамдаған. Сол жылы әнші Қазақстанды Юрмаладағы "Новая волна" атты жас орындаушылардың халықаралық байқауында таныстырып, 14-орын алды.
© instagram.com/nurzhan_kermenbayev
Әнші 2015 жылы Назерке есімді қызға үйленген. Үйлену тойы 26 наурызда Жезқазған қаласында - орындаушының туған жерінде өтті. Нұржан мен Назеркенің жас айырмасы алты жыл. Бүгінде олардың Мүслім және Омар есімді ұлы бар.