ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
10 октября 2019 | 09:56

Люкс бөлме мен бизнес-класс. Қазақстандық жұлдыздардың райдері қандай?

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Райдер дегенде жеке ұшақты таңдап мінетін, әлемдегі ең қымбат көліктің алып кетуін сұрайтын шетелдік жұлдыздардың жоғары талаптары ойға келеді. Ал қазақстандық жұлдыздардың райдері қандай? Әншілердің ұйымдастырушыларға талабының қандай екенін Tengrinews.kz тілшісі анықтап көрді.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Райдер дегенде жеке ұшақты таңдап мінетін, әлемдегі ең қымбат көліктің алып кетуін сұрайтын шетелдік жұлдыздардың жоғары талаптары ойға келеді. Ал қазақстандық жұлдыздардың райдері қандай? Әншілердің ұйымдастырушыларға талабының қандай екенін Tengrinews.kz тілшісі анықтап көрді.

Сәкен Майғазиев

Сахнада жүргендеріне 18 жылдан асқан "МузАРТ" тобының мүшесі Сәкен Майғазиевтің көмекшісінің айтуынша, әнші тек техникалық райдерін жариялайды екен.

"Сәкен ағамның техникалық райдерін айта аламын. Талабымыз аппараттың таза шығуы, қанша киловатт болуы, монитор, лед, жарықтың түсуі, дыбыстың дұрыс шығуы, міне, осындай талаптар қоямыз. Сәкен ағаның жақсы көретін шур деген микрофоны бар", - дейді әншінің көмекшісі.

Жазира мен Жанболат

Жазира мен Жанболат мерекеңізде өнер көрсеткенін қаласаңыз, Air Astana әуе компаниясынан 3 билет алуыңыз керек. Дуеттің талабын қанағаттандыратын жаңа көліктің болуы да маңызды екен.

"Жазира мен Жанболатқа 2 бизнес билет, көмекшіге 1 эконом билет алуыңыз керек. Қонақүй 5 немесе 4 жұлдызды болуы керек. Әуежайдан 2015 жылдан бергі шыққан көлікпен қарсы алуыңыз керек. Әуежайға сол көлікпен шығарып салуыңыз керек. Мерекеге дейін 50 пайыз алдын ала ақысын төлейсіз, қалған бөлігі мереке уақытында төленеді. Тойда 2 рет 4 әнмен өнер көрсетеді. Жазира қыз ұзатады, қалыңдықты шығарып салады және қарсы алады, одан бөлек сәукеле кию рәсімін орындайды", - дейді дуэттің көмекшісі.

Мадина Сәдуақасова

Әнші Мадина Сәдуақасованың райдері өзге жұлдыздардан ерекшеленбейді.

"Аса жоғары санаттағы көлік, 5 жұлдызды қонақүй болуы керек. Мадинаға ұшақ тек бизнес-кластан болуы маңызды. Қонақүйді таңдауға келгенде, өзіміз жақсы білетін қонақүйді ұйымдастырушыларға жібереміз", - деп әншінің көмекшісі ағынан жарылды.

Нұржан Керменбаев

Нұржан Керменбаевтың директорының сөзінше, райдердегі талап аса көп емес. Әнші люкс бөлмені де сұрамайды екен.

"Бір бөлмелі нөмір болса жарайды. Ұшақ міндетті түрде Air Astana болуы керек. Себебі, одан өзге әуе компаниялармен ұшып жүргенде, 1-2 рет құлай жаздағанбыз. Әрбір қалада өте жақсы деңгейде қызмет көрсететін қонақүйлер бар. Ең бастысы тойханаға жақындау болса болды. Тойхананың үстінде болса тіпті, керемет. Неге десеңіз, көбірек демалуға мүмкіндік береді. Таңғы 6-да баратын болсақ, таңғы 3-те тұруымыз керек. Қонақүй тамақ, суымен қамтамасыз етсе, тіпті жақсы. Кейбір қонақүйлерде асхана болмайды. Тойда асабаның сценариі қалай болады, солай өнер көрсетеміз. Техникалық райдер жағына келетін болсақ, Нұржан Керменбаев жанды дауыста өнер көрсететін болғасын, жақсы микрофон мен дауысты есту үшін монитор керек екен. Асып бара жатқан райдер жоқ", - дейді директоры.

Төреғали Төреәлі

Төреғали Төреәлінің райдері әр қалаға әртүрлі.

"Әншінің Алматыда өнер көрсеткені 7 мың доллар тұрады, өзге қалаларға ТТТ 8 мың долларға өнер көрсетеді. Өнер көрсетуі 2 бөлімнен тұрады. Төрт-төрт әннен жалпы сегіз ән. Одан өзге, жолақы мәселесі. Ұшаққа билетті әншіге бизнес-кластан алу керек", - дейді әншінің өкілі.

Асхат Тарғын

"Мария Магдалена" әнімен танылған Асхат Тарғын райдердің халықтың жағдайына қарай жасалғанын айтты. Тойға жиі шақыру алатын хитменнің сөзінше, оның қатаң райдері жоқ.

"Менде аса қатаң райдер жоқ. Кейде қарапайым отбасылар шақырады, достарымыздың тойына барамыз. Енді шамасы келгенше, жақсы көлікпен күтіп алғанын қалаймыз. Негізі, көлік талғамаймын. Ауқатты адамдардың тойына барып жатамыз, мейлінше шетел көлігі, жататын қонақүйіміз 4 немесе 5 жұлдызды, таза болуы керек. Себебі қаладан қалаға гастрольге көп барамыз. Дұрыс демалуымыз керек. Қонақүйдің қызметіне тамақ және газдалмаған су кірсе, тіптен жақсы болар еді. Жататын жерім таза болуы керек. Қонақүйді таңдағанда, өзіміз барып жүрген қонақүйді той иелеріне хабарлаймыз", - дейді ол.

Той-томалақты ұнататын халықпыз. Өнер иелеріне сұраныс барда райдердің құны да соған лайықты болмақ.

Мақаланы дайындаған: Гүлбақыт Жанұзақ

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer