ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
20 мая 2022 | 13:47

"Мына жақта масқара болып жатыр". Шоу-бизнестегі даулар

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Шоу-бизнесте танымал өнер адамдары арасында дау-дамайлар көп. Tengrinews.kz тілшісі кейінгі кезде танымалдардың басы қандай дауға қалғанына шолу жасап көрді. 

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Шоу-бизнесте танымал өнер адамдары арасында дау-дамайлар көп. Tengrinews.kz тілшісі кейінгі кезде танымалдардың басы қандай дауға қалғанына шолу жасап көрді. 

"Ақ жол емес, сор жол". Айгүл Елшібаеваға қандай жала жабылды?

25 наурызда танымал дәстүрлі әнші Айгүл Елшібаева Facebook-парақшасында жазба жариялаған болатын. Онда Алматыға барар жолда жолсерікпен арада түсініспеушілік болып, арты дауға ұласқанын айтты.

"Бұл ақ жол емес, сор жолға айналарын кім білген? Қаскелеңдегі Қарақалпақ, Түркімен, Өзбекстаннан көшкен ағайындардың көрісу күніне, Айгүл келіп жырласын дегесін, бағалары басқа компаниядан қымбат болса да, Air Astana ұшағына билет алып, "Алматым, қайдасың?" деп, көптен жыр тыңдайтын ортаға түспегесін, алып ұшқан көңілім, түнімен ұйықтамай, домбыраммен қуанып бара жатқан сәттерімде осындай жайға ұшырайды деп кім ойлаған?" - деп жазды әнші.

Ол мәселенің жай-жапсарын түсіндіріп берді.

"Air Astana жолсерігінің, басқа ұлт өкілінің қазақ тілінде менің айтқан сөзімді түсінбей жала жапқаны, үстімнен әуежай полициясына арыз жазғаны жаныма батты. Ұшақ ұшып-қонар кезде , "орындығыңды түзе" дегесін, 3 рет бастым. Орындық ақауы бар екен, орнына түспей, 3-рет артымдағы адам итеріп қалпына келтірді. Жабық терезені аш деді, оны аштым. "Қақылдап қоймады ғой, қанды ішіп, мына қыз, ұйықтап жатқанда" дегеніме, жаман сөз айтқандай, орысша тәртіпке келтіріп жатқан соң, "ұйықтап жатырмын, мазамды алма" дедім. "Девушка, я буду на вас жаловаться" деп салонға естірте айтқан соң, намысыма тиіп, шыдай алмай, "Если, кресло не работает, я виновата что-ли, тогда ремонтируйте" деп айқайлап жібердім. Салон естіді, екінші жолсерік "тише-тише" деп жатқан соң, ұйқымды жалғастыра бердім", - деді әнші парақшасында.

Айгүл Елшібаева Facebook-парақшасынан алынған сурет

Кейін жолсерік полицейлерді ертіп келген.

"Борттан шығып келе жатсам екінші жолсерікпен бірге қасында 4 полицей мені күтіп алды. Қолымда домбырам, жолсерік "вот это, вот она" дейді, қылмыскерді ұстағандай. Амандасқан соң, екі полицей кетіп қалды, екі полицей қалды. Полицейлер "мына стюардесса ішіп алған, бағынбайтын жолаушы деген соң төртеуміз шықсақ" деп қарап тұр. Күлейін бе, жылайын ба? Бір ауыз қазақша түсінбейтін жолсерік орыс қыз жала жауыпты. "Сіз сау екенсіз ғой, сізді мас деп жүрер, анықтама алыңыз" деген соң өмірі арақ ішіп көрмеген ғазиз басым, бөлімшеге барып, құрылғыға үріп "сау" деген анықтама алдым", - деді әнші ашынып.

Мақаланың толық нұсқасын мына жерден оқуға болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 522.58  course up  549.54  course up  5.08  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer