ОЦЕНИТЕ РАБОТУ АКИМА
24 июля 2019 | 17:02

#nomakeup. Танымал қазақстандықтардың сіз үйренбеген мейк-апсыз бейнесі

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz коллажы © Tengrinews.kz коллажы

Өнер әлемінің мамандары үнемі жарқырап, құлпырып жүретін адамдар деп ойлаймыз. Жұлдыздардың мейк-апсыз, қарапайым жүргенін үнемі көре бермейсіз. Tengrinews.kz тілшісі әртістердің өнер әлемінен тыс өміріне шолу жасап, жұлдыздардың сіз үйренбеген мейк-апсыз бейнелерінен топтама жасады.


Иконка комментария блок соц сети

Өнер әлемінің мамандары үнемі жарқырап, құлпырып жүретін адамдар деп ойлаймыз. Жұлдыздардың мейк-апсыз, қарапайым жүргенін үнемі көре бермейсіз. Tengrinews.kz тілшісі әртістердің өнер әлемінен тыс өміріне шолу жасап, жұлдыздардың сіз үйренбеген мейк-апсыз бейнелерінен топтама жасады.

Баян Мақсатқызы

Қазақстанның сұлулық символдарының бірі Баян Мақсатқызының бет әрлеуінсіз суреттеріне жазылған пікірлер 2 топқа бөлінген. Біреулері табиғи сұлулығына тамсанып жатса, ендігі біреулері адамдарды "шошытып" алмау мақсатында мейк-апсыз сурет салмауға кеңес беріпті. 

Айгүл Иманбаева

Жазғы демалыста, теңіздің жағалауында бет әрлеуімен жүру мүмкін емес. Сондай демалыстарының бірінен Айгүл Иманбаева мейк-апсыз суретін салған екен. Айгүлдің оқырмандары жұлдыздың бояусыз суретіне қарап жас көрінетінін айтқан.

Дильназ Ахмадиева

Дильназ парақшасында мейк-апсыз суреттері мен видеоларын жиі бөлісіп тұрады. Әншінің суреттеріне қарап макияжсыз да өзін жайлы әрі сенімді сезінетінін аңғаруға болады. 

Гүлназ Жоланова

Өзінің табиғи сұлулығымен ерекшеленіп жүретін жұлдыздардың бірі - Гүлназ. Гүлназдың мейк-аппен суреттерін арнайы фотосессиялардан ғана байқауға болады. 

Алтынай Жорабаева

Косметологиялық орталықтарға барып, үнемі күтініп жүретін әнші. Алтынай макияжсыз бейнесін жиі сала беретін әнші емес. Әншінің бет әрлеуінсіз суреттерін өте сирек кездестіруге болады.

Тамара Асар

Әншінің газдың алдында тұрып, ас әзірлеп жатқанын күнде көре бермейміз. Тамара Асардың парақшасын қарай отырып ол да әріптесі Алтынай секілді мейк-апсыз бейнесін өте сирек салатынын аңғардық. 

Жания Джуринская

Отандық сериалдардан танымалдығы артқан Жания еліміздің ерекше сұлуы. Оның оқырмандары бет әрлеуінсіз де өте әдемі екенін жарыса жазып жатыр. 

Динара Сұлтан

Динараның сырт келбетіне қарап, оны көпбалалы ана деп айту қиын. Динараның бет әрлеуінсіз суретін табу қиынға соққан жоқ. Себебі ол шығыс әйелдеріне тән өзінің ерекше табиғи суреттерін жиі бөлісіп тұрады.

Ерке Есмахан

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы - Ерке Есмахан. Жұмыс кестесінің тығыздығына қарамастан Ерке үнемі күтініп, өзінің сырт келбетіне ерекше мән беріп жүретіні көрініп тұр. 

"Ал, бояусыз, кірпіксіз әңгіме айтайық! Қалайсыздар?", - деп жазба қалдырған екен әнші.

Мадина Сәдуақасова

Мадина күнделікті өмірде косметологиялық күтімді жиі жасап, бет күтіміне ерекше мән беретін көрінеді. Ал оқырмандары болса оған бояусыз жүрген де жарасатынын айтқан. 

Мақпал Исабекова

Өз жасынан әлдеқайда жас көрінетін Мақпал Исабекова да мейк-апсыз сенімді жүретін әншілердің қатарында. 

Камшат Жолдыбаева

"КешYOU" экс-солисі Кәмшат та макияжсыз қорықпай жүре беретін әншілердің қатарында. Ол парақшасында бояусыз суреттерімен қоса видеоларын да жиі бөлісіп тұрады.

Жұлдыз Өмірғали

"КешYOU" тобының тағы бір экс-солисі, қазіргі таңда екі баланың анасы Жұлдыз мінсіз бет терісінің иесі. Жұлдыз оқырмандарына бет күтімі жайлы ақыл-кеңестерін жиі айтып отырады. 

Ақбота Керімбекова

Ақбота әншінің шынайы түрін көргісі келетін оқырмандарына мейк-апсыз суретін бөліскен екен. 

"Шынайы болуға қорықпаймын да, ұялмаймын да. Бар болмысым осы, шүкір", - деген екен Ақбота.

Айгүл Мүкей

Тележүргізуші Айгүл Мүкейдің асханадан түскен суреті аз. Таяуда ол сондай бір суретін бөліскен екен. Оның оқырмандары суретке қарап макияжсыз да керемет көрінетінін аңғаруға болады дейді. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Курс валют

 494.98   521.17   4.92 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети