Скриптонит алматылық "сыңарын" желіде бұғаттап тастады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Tengrinews.kz коллажы. Фото: instagram.com/tomtimfort Tengrinews.kz коллажы. Фото: instagram.com/tomtimfort

Алматылық Ұлан Дінислам рэп орындаушы Скриптонитке ұқсастығымен TikTok желісінде танылып кетті. Мұны Ұланның өзі емес, оқырмандары байқаған. Бір қызығы Ұланды Скриптонит Instagram-дағы парақшасында бұғаттап тастаған. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Алматылық Ұлан Дінислам рэп орындаушы Скриптонитке ұқсастығымен TikTok желісінде танылып кетті. Мұны Ұланның өзі емес, оқырмандары байқаған. Бір қызығы Ұланды Скриптонит Instagram-дағы парақшасында бұғаттап тастаған. 

Ұланның негізгі табыс көзі әлеуметтік желілер. TikTok-тағы парақшасында 43 мыңнан аса оқырманы бар, 1,4 миллион лайк басылған. 

"TikTok-парақшамды карантин кезінде ашқанмын. Сол кезде түрлі тренд түсіре бастадым. Бірақ маған көптеген адам Скриптонитке ұқсайтынымды жаза бастады. Артынша Скриптониттің өлеңімен видео түсіргенімде жақсы қаралым жинады. Кейде "Алиэкспрестен келген Скриптонит" деп те жатады. Өз басым ұқсастығымызды байқамағанмын. Өмірде қатты ұқсамаймын. Видеода ракурстардан ұқсап кетемін", - дейді Ұлан. 

@tomtimfort

прАстите 😭

♬ рай для ваших уш - Ken.

Кейіннен Ұланның достары да оның рэп орындаушыға ұқсайтынын байқай бастаған. 

"Көшеде басыма кепка киіп алып жүргенімде расында ұқсастығымызды байқап жатады. Өзге адамдар TikTok арқылы танып, ұқсатып жатады", - дейді ол. 

@tomtimfort

)(уевый монтаж 🪄💫

♬ Japanese Stutter Prod Suave Lee - prod.suavelee

Бастапқыда Скриптонитпен ұқсастығын байқап, оқырмандар тарапынан жақсы пікірлер жазылып жүрген.

"Бірақ кейіннен хейтерлер пайда болды. Көбі "көшірме" дей бастады. Скриптониттің образымен видеолар түсіргенімде қаралым да, пікірлер де көп болады. Оқырман саны да өсті. Бірақ маған жаман пікірлер жазыла бастады. Сол кезде қайтадан тренд, би түсіремін деп шештім. Алайда парақшамдағы белсенділік түсіп кетті. Қайтадан Скриптониттің образымен түсе бастағанымда парақшадағы белсенділік артты. Бүгінде одан бөлек мини-сериалдар түсіріп жүрмін", - дейді Ұлан.  

@tomtimfort

♬ оригинальный звук - Отец из Алика 🀄️

Ұлан өмірде Скриптонитке қатты еліктемейтінін айтады. 

"Өмірде еліктемеймін. Шыны керек, тек танымал 2-3 өлеңін білетінмін. Ал жалпы бұл тек TikTok-тағы образ ғой", - дейді ол. 

@tomtimfort

♬ оригинальный звук - Розалия

Ұланның айтуынша, оның видеоларын Скриптонит байқаған болуы мүмкін. Себебі рэп орындаушы блогерді Instagram-да бұғаттап тастаған екен.

"Мен видео түсіре бастағаннан кейін Скриптониттің өзі мені Instagram парақшасында бұғаттап тастапты. Оны мен парақшасына кірген кезде байқадым. Демек, оның образымен түсірген видеоларды көрген болып тұр ғой. Себебі менің видеомды танымал ресейлік топ өзіне жариялаған. Сол жерде желі қолданушылары мені де, Скриптонитті де белгілеген", - дейді Ұлан.   

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Курс валют

 521.53  course down  593.24  course up  6.42  course down

 

Погода

location-current
Алматы
А
Алматы 16
Астана 20
Актау 25
Актобе 25
Атырау 27
Б
Балхаш 24
Ж
Жезказган 21
К
Караганда 16
Кокшетау 21
Костанай 26
Кызылорда 15
П
Павлодар 12
Петропавловск 16
С
Семей 19
Т
Талдыкорган 21
Тараз 24
Туркестан 25
У
Уральск 15
Усть-Каменогорск 23
Ш
Шымкент 15

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro