ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
13 января 2020 | 17:27

Танымал қазақстандықтар қандай темір тұлпар тізгіндеп жүр?

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Сурет әлеуметтік желілерден алынды Сурет әлеуметтік желілерден алынды

Бұрынғының көлігі ат болса, қазіргінің көлігі темір тұлпар. Жігіттің жеті қазынасы деп бұрын қазақтың жүйрік аты аталушы еді, ендігі серілердің тұлпары, анығы автомобилі қандай? Tengrinews.kz тілшісі қазақстандық танымал тұлғалардың қандай темір тұлпар тізгіндегенін анықтап көрген еді. 

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Бұрынғының көлігі ат болса, қазіргінің көлігі темір тұлпар. Жігіттің жеті қазынасы деп бұрын қазақтың жүйрік аты аталушы еді, ендігі серілердің тұлпары, анығы автомобилі қандай? Tengrinews.kz тілшісі қазақстандық танымал тұлғалардың қандай темір тұлпар тізгіндегенін анықтап көрген еді. 

Әнші Төреғали Төреәлі атқа да, темір тұлпарға да қатты қызығады. Онысын желідегі парақшасына үңілсеңіз, бірден аңғарасыз. Қазір оның мініп жүрген көлігі - Toyota Land Cruiser 200. Көліктің бағасы 2016-2019 жылдары аралығында шыққандықтан әрқалай. 

"Сенен менен, одан да өтер өмір,
Сол үшін көңіліңді көтере біл.
Көлікте келе жатып көк киіммен
Көктен келген ой болды Төкеңе бұл.
Көк-төбеден бір шықтым, отырғанда
Алаңдап көшеге бір, кофеге бір...", - деп өлеңдетіпті әнші Instagram желісіндегі бүгінгі жазбасында.

Төреғалидің парақшасынан өнердегі әріптесі Асхат Тарғынның да көлігін көріп қалдық. 2018 жылғы Toyota Corolla-ның бағасы 10 миллион теңге шамасында.

"Асекең ән айтқанда чипылдатып,
барлығын билетеді шиқылдатып.
Туған күн құтты болсын, ел - жұртыңа
жүре бер ән тыңдатып күй тыңдатып,
Бір басың екеу болып ақ жеңгемді
Ақбозатпен алып жүр бипылдатып!", - деп әзілдеген екен Төреғали Төреәлі.

"МузАРТ" тобының әншісі Сәкен Майғазиев болса Lexus 570 көлігін тізгіндейді. Бұл темір тұлпар 30 миллион теңге шамасында тұрады.

Эстрада жұлдызы Меруерт Түсіпбаева сұхбаттарының Toyota Prado көлігінің жаңа үлгісін сатып алатынын жасырмай айтқан еді. Әншінің желідегі парақшаларына көз жүгіртіп, ұлына Tesla көлігін сыйлағанына көз жеткіздік. Айта кетейік, Tesla көлігінің бағасы 35-40 миллион теңге аралығында.

Қайрат Нұртасқа былтыр інілері 30 жасқа толған туған күнінде Cadillac Escalade сыйлаған екен. Америкалық бұл көліктің бағасы - 37 миллион теңге. Ал мемлекеттік тіркеу нөмірі аты-жөнінің бірінші әріптерінен құралыпты - 001 KNN. 

Ресейде танымал әзілкеш Нұрлан Сабуров та Cadillac Escalade мінеді. Комик бұл туралы "вДудь" жобасындағы әңгімесінде айтып берген. Онда көлігін 3,8 миллион рубльге (шамамен 23,5 миллион теңге) алғанын айтқан. 

"Тиімді сауда емес. Бірақ мен армандадым. Бұл тек комплекс. Бірақ маған ұнайды. Жаман дей алмаймын, ыңғайлы, өте жақсы. Ләззат аласың. Өте кең, үлкені болғаны саған біртүрлі көрінетін шығар. Оның үстіне менің екі балам бар", - деген еді олар.

Ал Айқын былтыр жазда туған ауылына барған сәтінде көлігін шаң басқанын көрсетіп, әнмен сүйемелдеген видеосын жариялаған. Видеоға қарағанда, ол Lexus 570 көлігін тізгіндейді, қозғалтқыш көлемі - 5,7 литр. Бұл темір тұлпар комплектациясына қарай 20 миллион теңге шамасында тұрады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Aikyn Tolepbergen (@aikyn)

Айқын қозғалтқыш көлемі 2.7 және 5.7 көліктерін де салыстырып, неліктен салық екі есе емес, 10 есе көп екенін жазған болатын. Оның айтуынша, бензинді де бірдей-ақ жағады

"Тасжолға түсетін қысым да бірдей, шыққан жылы да бірдей, алайда 10 есе айырмашылық болуы ақылға қонымсыз. 1,8 көлемі 9 мың теңге төлейді де, 4,7-сі 280 мың төлейді. Мұндай сандар қайдан шыққан? Бұл байлыққа салынған салық болса, көлемі үлкен, бірақ арзан көліктер не істейді сонда?", - деп шағым білдірген еді.

Lexus мінген тағы бір жұлдызымыз - Ерке Есмахан. Ол былтыр 20 қыркүйекте сыйлыққа су жаңа Lexus 570 алғанын сүйіншілеген болатын. 

"Бұйырған кетпейді, жүгірген жетпейді! 4-месяца без машины и вот бұйырды, шүкір! Осындай сыйлық алдым, достар!", - деп қуанышын бөліскен еді Ерке Есмахан. Айта кетейік, көліктің 2019 жылғы, яғни сыйлық жасалғаны жылы жылғы моделі 40 миллион теңгеден асып жығылады.

Әнші Өмірқұл Айниязов екі ай бұрын ғана су жаңа темір тұлпар мінгенін сүйіншілеп, қуанышын бөліскен. Оның да таңдауы Lexus 570-ке түскен. Бағасы 20 миллион теңге шамасында.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Ал құттықтап қойыңыздар????

Публикация от Өмірқұл Айниязов (@omirqul_ainiyazov)

Ал әнші Беркут Mercedes-Benz S 222 көлігін таңдапты, 2016 жылғы. 007 CTA мемнөмірін таққан оның көлігі 45 миллион теңге шамасында тұрады. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Aibek Janseitov (@berkut_qazaqstan_)

Жұбайы Аишаның тізгіндеген көлігі 2015 жылғы Land Rover Range Rover екен. Қозғалтқыш көлемі - 3.1. Шамамен 20-25 миллион теңге аралығында тұрады. 

Әнші Ернар Айдар болса былтыр сәуірде Toyota Land Cruiser көлігін сыйға алғанын жария етіп, қуанышын бөліскен. "Алмаз бауырым сыйлығыңа раxмет. 001 EAJ | 01 Ernar Aidar Janabaiuly", - деген жазба жариялаған. Land Cruiser 200 көлігінің бұл буынының қозғалтқыш көлемі 4.5 және 4.6 болып екіге бөлінеді. Бағасы шамамен 18-24 миллион теңге.

Жалғасы бар...

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer