ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
05 августа 2019 | 17:50

"Үйде көкем деп атаймын". Қазақстандық танымал жұптардың махаббат хикаясы

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Tengrinews.kz коллажы © Tengrinews.kz коллажы

Еліміздегі әрбір жұлдызды жұптың махаббат хикаясы бар. Олардың арасында қарым-қатынастарын жасырып қалғысы келгендер де болды. Tengrinews.kz тілшісі еліміздегі жұлдызды жұптардың махаббат оқиғаларына шолу жасады. 

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Еліміздегі әрбір жұлдызды жұптың махаббат хикаясы бар. Олардың арасында қарым-қатынастарын жасырып қалғысы келгендер де болды. Tengrinews.kz тілшісі еліміздегі жұлдызды жұптардың махаббат оқиғаларына шолу жасады. 

Төлеген Мұхамеджанов пен Нұржамал Үсенбаева

Композитордың сүйікті жарына арнаған әндері көп. Оның барлығын Нұржамал ханымның репертуарынан таба аласыз. "Сезім мен сарқылмас сыйластықтың сыры неде?" деген сауалға Төлеген мырза: "Нұржамал - менің музам" деген екен.


© instagram.com/nurzhamal_ussenbayeva

Қанат, Айткүл Құдайбергеновтер

Домбыраны қолға алып, алғашқылардың бірі болып  дуэт құрған өнер адамдарының сахна төрінде жүргеніне 2016 жылы 40 жыл толған. Төрт баласы да ата-анасының ізін басып келеді. Мәселен, Айбол - күйші, әнші, әрі сазгер. Ал Ербол шертер аспабында ойнайды. Ерболат - халыққа танымал эстрада жұлдызы.  Салтанат қыздары ән айтумен қатар, актрисалық өнерін де алып жүр.


© instagram.com/bigalievaaitgul

Тұңғышбай Жаманқұлов пен Дәрия Жүсіп

Актриса Дәрия Жүсіптің айтуынша, ол Тұңғышбай Жаманқұловты үйде "көкем" деп атайды екен. Екеуінің жас айырмашылығы - 24 жас. Отандық басылымдардың біріне берген сұхбатында Дәрияның тұрмысқа шығуын туыстары ауыр қабылдаған көрінеді.

"Өнер академиясында оқып жүргенімде ағай бізге 4 жыл сабақ берді. Содан кейін театрда бір-екі жыл әріптес болдық. Бір-бірімізге деген сезіміміз бір-ақ күнде пайда бола салған жоқ. Бірте-бірте, уақыт өте бір-бірімізді тани, араласа келе үлкен сезімдерге ие болдық. Қиындықтар да болмай қалған жоқ", - дейді Дәрия Жүсіп. 

©instagram.com/tungyshbaizhamankulov

Қанат, Света Айтбаевтар

Өнерде де, өмірде де жұлдызы бірге жанған жұптардың бірі. Қанат Айтпаевтың айтуынша өнер жұлдыздары студенттік шақта институтта "Қыз сыны" байқауында танысқан. Жұлдызды жұп ерекше дауыс иесі Димаш Құдайбергеновтің ата-анасы. Сондай-ақ жұптың Раушан есімді қызы және Әбілмансұр есімді ұлдары бар. 

©instagram.com/kanat_sveta_aitbayevtar

Айбек Жансейітов (Бүркіт) пен Аиша

Еліміздің еңбек сіңірген қайраткері Бүркіт лақап атымен белгілі Айбек Жансейітов пен Аиша. Аишаның Instagram парақшасына қарап оның шын есімі Виктория екенін байқауға болады. Жұлдызды жұптың Зейін мен Омар есімді екі ұлы және Сафия есімді қыздары бар. 


© instagram.com/berkut_qazaqstan_

Жазира Байырбекова мен Жанболат Ербатыров

Жұлдызды жұп студенттік шақтан бері таныс. Екеуі бір колледжде оқыған. Тіпті жатақханада көрші бөлмелерде тұрған. Олар Жанболат колледж бітірген кезде шаңырақ құрған. Ол кезде Жазира колледждің соңғы курсында оқыған. Жұлдызды жұптың Қазбек есімді ұлдары бар.


© instagram.com/zhanbolat_erbatyrov

Қарақат Әбілдина мен Қыдырәлі Болманов

Жұбайынан едәуір кіші Қарақат Қыдырәлімен студент кезінде бас қосқан. Екеуі үш жыл араласып, төртінші жылға аяқ басқан жылы Көктөбеде үйленуге ұсыныс жасаған. Ол кезде Қарақат консерваторияның соңғы курсында оқып жүрген. Жұлдызды жұптың төрт ұлы және бір қызы бар. 


© instagram.com/karakat_a

Мирас пен Құралай

Отандық сайттардың біріне берген сұхбатында Мирас пен Құралай үйленгеннен кейін төрт жыл бойы балалы бола алмағандарын айтқан. Тіпті Құралай "мені жібер, үйге кетейін" деген кездері де болған екен. 

"Бүгінде осы қиындықтың бәрі артта қалды, Алла Тағала бізге 3 қыз, 1 ұл нәсіп етті. Бәрі иман мен сабырдың арқасы. 17 жыл анамызбен бірге тұрып келе жатырмыз", - дейді жұп.


© instagram.com/miras_kuralay_official

Тоқтар Серіков пен Бейбіт Сейдуәлиева

Көптен бері сахна төрінен көрінбей кеткен жұлдызды жұп бір-біріне деген сезімдерін білдіру оңайға түспегенін айтқан. 

"Шыны керек, танысқан күннен бастап, 6-7 жыл уақыт бойы бір-бірімізге аға-қарындас есебінде қамқоршы болып, қолдан келгенше көмектесіп тұруға тырыстық. Тоқтарды алғашында әріптес әрі ағам есебінде қабылдағанымды жасырмаймын. Кейін сол достық сезімінің ғашықтыққа ұласқанынан көпшілік хабардар", - дейді Бейбіт.


© instagram.com/toktar_beibyt

Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдукәрімова

Қайрат Нұртастың 10 жыл бойы жасырған жарын ел алдына шығаруы 2017 жылы отандық шоу-бизнес әлеміндегі ең үлкен жаңалық болды. Әншінің жары көрерменге актриса ретінде танылып "Арман" фильмінде басты рөлде ойнаған. Фильм тұсаукесерінен кейін танымалдығы артқан Жұлдыз қазіргі таңда әлеуметтік желінің белсенді қолданушысы. 


© instagram.com/kair_n

Арман Қоңырбаев пен Аша Матай

Жұлдызды жұп "Сынақ" бағдарламасында танысқан. Арманның айтуынша, ол жары өнер адамы болады деп елестетпеген. Қазіргі таңда жұлдызды жұптың бір қызы бар.


© instagram.com/asha_matai

Майя Манеза мен Вячеслав Ершов

Майя мен Вячеслав 2008 жылы Қазақстан атынан жарысқа шығып жатқан кезінде танысқан. Спорт жұлдыздарының Арсений есімді ұлдары бар. Қазір екеуі де үлкен спорттан кетіп, жеке кәсіппен айналысып жатыр. 

"Спорт  болмағанда біз қарапайым өмірде кездеспес те едік. Мені Қазақстан құрамасына шақырған, ал Майяны Қытайдан", - дейді Вячеслав.


© instagram.com/mayamaneza

Мөлдір Мұқанова мен Тұрсынбек Қабатов

Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатов пен жары Мөлдір екеуі 2000 жылдары КВН сахнасында ойнап жүрген кезде кезіктірген. Ол жас домбырашы қызды бірден ұнатып, сезімін досы арқылы жеткізген. 8 ай бойы оның жауабын күтіп, кейіннен бір жарым жыл кездескен. 2003 жылы үйлену тойлары болды. Жұлдызды жұптың үш қызы және екі ұлы бар. 


© instagram.com/moldir.mt

Ерлан Орынбасаров пен Баян Нұрмышева

Ерлан мен Баян 2008 жылдан бері жақын араласады. Бұл туралы Баян Нұрмышева Instagram желісіндегі жеке парақшасында жазған.

"Сол уақыттан бері жақсы пікір таластыратын досым, қазіргі уақытта продюсерім", - деп жазба қалдырған Баян. Қазіргі таңда Ерлан мен Баянның екі ұлы бар. 


© instagram.com/erlan_orynbasarov

Дәурен Айдарқұлов пен Ақбота-Нұр Сейтмағамбет

2016 жылы Қазнетте Дәурен Айдарқұлов пен Ақбота Сейітмағамбеттің қарым-қатынасы қызу талқыланған. Кейін Дәурен мен Ақботаның үйленіп, балалы болғаны хабарланған. Қазіргі таңда Ақбота екі баланың анасы. 


© instagram.com/akbotanurabaykyzy

Айқын Төлепберген мен Жұлдыз Өмірғали

2017 жылы қызу талқыланған жұлдызды жұптардың бірі. Айқынның айтуынша, Жұлдыз екеуі концертте танысқан. Қазіргі таңда жұлдызды жұптың бір ұл, бір қызы бар. 


© instagram.com/zhuldyzomirgali_official

Садриддин Ахметов пен Ақбота Құрманғали

Көзге көп түсе қоймаған КешYOU-дың экс-солисі Ақбота Құрманғали мен кәсіпқой боксшы Садриддин Ахметов күні кеше ғана шаңырақ көтерген болатын. 21 жастағы Садриддин мен 18 жастағы Ақбота жаңа өмірге қадам басып, үлкен тойларын 3 тамыз күні Нұр-Сұлтан қаласында өткізген.

© instagram.com/kasipkoyboxing

Альбина Шардарова мен Бауыржан Сатов

Интернет желісінде гитарамен ән салып, танымал болған Альбина Шардарованың таңдауы Бауыржан Сатовқа түскен. 2018 жылы шаңырақ құрған жас жұп 9 маусым күні ата-ана атанған. 


© instagram.com/baurzhansatov

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer