Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
07 октября 2019 12:48

Зағип қызды ұзатқан Жазира Байырбекова жұртты жылатты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадры. © instagram.com/zhazira_bairbekova Видео кадры. © instagram.com/zhazira_bairbekova

Зағип қызды ұзатқан әнші Жазира Байырбекова көз жасына ерік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Зағип қызды ұзатқан әнші Жазира Байырбекова көз жасына ерік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Ұзату тойынан видеоны әнші Instagram желісіндегі парақшасына жүктеген. Видеода әншінің "Ақботам" әнімен зағип қалыңдықты ұзатқан сәті түсірілген. Үзату тойы Алматыда өткен. Видео бір тәулікке жуық уақытта 300 мыңға жуық қаралып, 4 мыңнан аса пікір жазылған.

"Бүгін ұзатылған қыздың екі көзі көрмесе де достарының арасында сыйлы болып, өмірде өз орнын, теңін тауып ұзатылып бара жатқаны көп адамға мотивация", - дейді әнші. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Бүгін ұзатылған қыздың екі көзі көрмесе де достарының арасында сыйлы болып,өмірде өз орнын,теңін тауып ұзатылып бара жатқаны көп адамға мотивация. Тек әнімнің аяғында қатты жылағаным үшін осы жерде болғандардан кешірім сұраймын!???????????? Қыз бен жігіттің өмірге деген құштарлығына,батылдығына,ақылдылықтарына қарап риза болғаннан қатты толқып кеттім! Шын жүрегімнен аттасым Жазира мен күйеу жігітке бақыт тілеймін!????????

Публикация от Жазира Байрбекова (@zhazira_bairbekova)

Әнші әнінің аяғында қатты жылағаны үшін сол жерде болғандардан кешірім сұраған. 

"Қыз бен жігіттің өмірге деген құштарлығына, батылдығына, ақылдылықтарына қарап риза болғаннан қатты толқып кеттім! Шын жүрегімнен аттасым Жазира мен күйеу жігітке бақыт тілеймін!", - дейді әнші. 


© instagram.com/zhazira_bairbekova

Зағип қызға желі қолданушылары да қолдау білдіріп, ақ тілектерін жазған. 

"Әр адам бақытты болуға лайықты! Бақытты болсын", "Ештеңе етпес, тек бақытты болсын. Тілекшіміз", - дейді желі қолданушылары. 

Сонымен қатар әншінің жазбасына өнер адамдары да пікір білдірген. 

"Жаным-ау, бақытты болсын!", - дейді ақын Сара Тоқтамысова. Зағип жанға өзінің ақ тілегін әнші Мақпал Жүнісова да жазған. 

"Бақытты болсыншы", - дейді Мақпал Жүнісова.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

#ҚазақҚызыӘдемі әні сіздерге ұнады ма??? #қызұзату#ұзатутой

Публикация от Жазира Байрбекова (@zhazira_bairbekova)

Айта кетейік, Жазира Байырбекова 1978 жылы 30 қыркүйекте Оңтүстік Қазақстан облысы Бөген ауылына қарасты Пақташы атты жерде дүниеге келген. Қазақ қыздарын ұзатып жүргеніне біраз болған. Үш миллионға жуық оқырманы бар әнші өнер көрсететін үйлену той, ұзату тойынан видеосын жиі бөлісіп тұрады. Әншінің "Армансыз күнім болмайды", "Қыз бақыты", "Арман-ау арман" атты әндері жұртышылыққа кең таралған. 

"Үйде көкем деп атаймын". Қазақстандық танымал жұптардың махаббат хикаясы

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 446.77   483   4.85 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети