КРУШЕНИЕ САМОЛЕТА В АКТАУ: ONLINE-ТРАНСЛЯЦИЯ
14 августа 2019 | 17:22

Алмазбек Атамбаевтың алты баласы қайда жүр?

Камила Долаева
Камила Долаева Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевтың ісіне қатысты күн сайын жаңа ақпарат мәлім болып жатыр. Оны бүкіл әлемдік БАҚ өкілдері таратып, болып жатқан оқиғаларды қадағалап отыр. 7 тамызда болған Атамбаевтың үйіне басып кіру операциясынан бері оның отбасы мүшелері де бей-жай қарап отырған жоқ. Атышулы экс-президенттің отбасы жайлы не білгілі? Tengrinews.kz тілшісі баяндайды.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевтың ісіне қатысты күн сайын жаңа ақпарат мәлім болып жатыр. Оны бүкіл әлемдік БАҚ өкілдері таратып, болып жатқан оқиғаларды қадағалап отыр. 7 тамызда болған Атамбаевтың үйіне басып кіру операциясынан бері оның отбасы мүшелері де бей-жай қарап отырған жоқ. Атышулы экс-президенттің отбасы жайлы не білгілі? Tengrinews.kz тілшісі баяндайды.

Алмазбек Атамбаевтың өзі - саясаткер, Қырғыз Республикасының атқарушы билігінің бұрынғы басшысы, 2011 жылдың желтоқсанынан 2017 жылдың қарашасына дейін Қырғызстан президенті қызметін атқарған.

Ол 1956 жылы 17 қыркүйекте Бішкекке 15 шақырым жерде орналасқан Арашан ауылында дүниеге келген. Алмазбек Атамбаев үйдегі төрт баланың кенжесі, қарапайым шаруа отбасынан шыққан. Ата-анасы Стрельникова атындағы совхозда жеміс ағаштарын өсірген. Қолда бар мәлімет бойынша, Алмазбек бала кезінен еңбекқор болған екен, бос уақытында балалармен ойнаудың орнына бау-бақшаны қарап, шөп шауып, кітап көп оқыған, мектепте белсенді болып, үздік бітірген екен.

Сонымен қатар, гитарада ойнай алады, кезінде өзі ән шығарып, достарының арасында орындайды екен. Оған қоса, қырғыз шығармаларын орыс тіліне аударған. Ал 1980 жылы Мәскеу институтын тәмамдаған, мамандығы - экономист.


© ҚР президентінің баспасөз қызметі / Сұлтан Досалиев

Ал Алмазбек Атамбаевтың өз отбасына келер болсақ, ол екі рет үйленген. Бірінші жары - Буажар Теңізбаева, одан төрт баласы бар. Ұлдары Сейітбек пен Сейтек және егіз қызы Диана мен Динара.

1988 жылы Атамбаев екінші рет үйленген, әйелінің есімі - Раиса Атамбаева. Ол дәрігер, медицина ғылымдарының докторы. Одан екі бала дүниеге келген, ұлы - Қадыр, қызы - Әлия. Әйелі қайырымдылықпен белсенді айналысады.

Экс-президенттің үлкен екі ұлы туралы мәлімет жоқтың қасы. Сейітбек пен Сейтек бизнеспен айналысады. Сейтек электр жабдықтарын өндірумен айналысатын компанияның құрылтайшысы. Ал Сейітбек - электр энергиясын сатумен айналысатын компанияның тең құрылтайшысы және басшысы. Екеуі де үйленген, балалары бар.


Сейтек Атамбаев. © instagram.com/seitek_atambaev

Алмазбек Атамбаевтың ісі басталғанда оның ұлы Сейітбек тергеуге шақырылған. Оның айтуынша, тергеу 4 сағатқа созылған. Десе де желіде жалған ақпараттар да тарап үлгерген. Соған байланысты Сейтек Атамбаев Instagram желісіндегі парақшасында оны ешкім қамауға алмағанын, тек ағасы Сейітбекті тергеуге шақырғанын мәлімдеді. Сонымен қатар, ол халықты арандатуға ермеуге шақырған. "Қазір мемлекетімізге тыныштық керек" деп жазған ол.

Сондай-ақ, Атамбаевтың Диана және Динара есімді екі үлкен қызы бар. 

Динара Атамбаева 2003 жылы Семетей Сұлтановқа тұрмысқа шыққан. Оның әкесі Алымбай Сұлтанов 2012-2015 жылдары қазіргі есірткіге қарсы күрес жөніндегі мемлекеттік қызметтің төрағасы болған. Ерлі-зайыптылардың ұлы мен қызы бар. Семетей 2012 жылдан 2019 жылдың ақпанына дейін Қырғызстан футбол федерациясының президенті болған. Ал Динара - жеке кәсіпкер. 

Динара Атамбаеваға қатысты даулы ақпараттар да шыққан. Экс-президенттің қызы мен кеден қызметі басшысының бұрынғы орынбасары Раим Матраимовтың сіңілісі арасында болған жанжалдан кейін Атамбаев ағасын жұмыстан шығарып жіберген деген де мәліметтер болған. Оған 2017 жылы қастандық жасалғаны да белгілі. Екі белгісіз әйел оны соққыға жығып, көлігін сырып кеткен.

Ал егіздің біреуі Диана Атамбаева жайлы мәлімет көп емес. Оның күйеуі - Азизбек Оморкулов, ол "РСК банкінің" басқарма төрағасы. Ақпарат бойынша, олар ажырасқан.

Алмазбек Атамбаевқа іс қозғалғаннан кейін сұхбат берген оның жалғыз ұлы - Қадыр Атамбаев, ол бұрынғы президенттің ұлдары арасындағы ең кішісі, Түркияда оқу бітірген. "Новые лица" басылымына берген сұхбатында ол әкесінің ұсталуына қатысты пікір білдірген. Ол 7-8 тамыз күні Ыстықкөлде анасымен бірге демалыста болыпты. Ал болған оқиғаны жаңалықтардан көрген. 

"Менің ойымша, бұл мұқият жоспарланған арандату, бірақ оның мұқияттылығы - бейберекет шығару. Оқиға салдарынан құрбандардың саны көп болып, оның барлығын әкеме жабу үшін жасалған".

"Куәгерді мәжбүрлеп алып кету үшін олар таңғы 5-те келуі керек болған, бірақ олар кешкі 8-де келді, ол кезде мұнда тұрғындар көп жүрген. Әкем күнде жарты сағатқа аулаға шығады. Бұл әйелдер мен балалар келетін кез. Дәл осы сәтте билік шабуыл ұйымдастырды, бұл енді шеттен шыққандық. Шабуылға орталық қақпадан шыққан, қашып құтылмақ болған тұрғындар не де болса арнайы жасақпен кездесіп қалатыны айғақ. Яғни, біздің барлық жақтасымыз, әйелдер мен балаларды қоса алғанда, жағдайдың тұтқыны болды", - деген еді Қадыр Атамбаев.

Сонымен қатар, ол арнайы жасақтың 20 адамы ғана келсе де, кейін 40 қару жоғалғанын мәлімдеген МҰҚК-ге наразылығын айтты. Оның пайымдауынша, олар Атамбаевтың жақтастары бұл қаруды қолданғанын қалаған. 

Ұлының айтуынша, әкесі ешкімге оқ атпаған, жай өтірік алдауы ғана мүмкін. Себебі үйіндегі барлық қабатты тексеріп шыққан, бірақ қан іздерін таппапты. "Әкемнің қару ұстағаны мүлде есімде жоқ", - деп ант су ішті ол.  

Ол қаза тапқан сарбаздың отбасына көңіл айтты. Бірақ оның өліміне Атамбаев емес, билік өкілдері кінәлі екенін мәлімдеді. "Үйге шабуыл кезіндегі арандатушылықтарды көре отырып, енді биліктен шындықты естимін деп ойламаймын", - деді Атамбаевтың ұлы. 

Атамбаевтың балаларының арасында ең танымалы - кенже қызы Әлия Шагиева. Ол 21 жаста. Жас суретші ұзақ уақыт бойы президенттің қызы екенін жасырып келген, ол туралы БАҚ өкілдері тек 2016 жылы ол картиналарын сатып, түскен 200 мың сомын қайырымдылыққа жұмсағанда білді. Сол жылы ол бағдарламашы Константин Рязановқа жасырын тұрмысқа шыққан. Жас жұптың қазір екі баласы бар - ұлы мен қыз.

Әлия Шагиева әлеуметтік желілерде белсенді, 76 мыңға жуық оқырманы бар. Оның суреттері мен жазбаларына қарап отырсаң, Әлияның саясатқа мүлде қызықпайтынын және араласпайтынын байқауға болады. 


Әлия Шагиева. © instagram.com/chestnayaaa

Әлия Шагиева да әкесінің кінәсіз екеніне сенімді. Ол Instagram желісіндегі пақшасында жазған бір жазбасында былай деген:

"Әке ... Адал. Батыл. Ең жақсы. Шындық біздің жағымызды! Махаббат заңсыздықтан күшті! Әділдік орнайды! Біз сенімен біргеміз!", - депген ол бала кезінде әкесімен түскен суретін жариялап. 

Ол әкесінің тұтқындалуына байланысты видеомәлімдеме де жасаған.

"Мен суретшімін. Саясатқа ешқашан араласқан емеспін. Бірақ қазіргі биліктің жасап жатқан шектен шыққан ісіне қарап отырып, менің әкемді заңсыз және әділетсіз ұстауына байланысты бұдан былай үндемей отыра алмаймын", - деді Шагиева.

Оның айтуынша, қазір елде құқықтық нормалар бұзылып жатыр, оппозициялық телеарналар өшіріліп, БАҚ бойынша жалған ақпарат таратылып жатыр.

"Отбасым үшін, бейбіт азаматтар үшін қорқамын", - деді қыз. Әлия Шагиеваның айтуынша, әкесін  ұстап алу үшін сылтауратып тергеуге шақырған.

"Қылмыскер Батукаевты Қырғызстаннан шығару бойынша дейді. Бірақ шын мәнінде әкемді оппозициялық қызметі үшін тұтқындағысы келді. Осылай оның көптеген жақтастарын қамады. Мысалы, Кубан Кулпатов пен Сапар Исаковты куәгерлік айғақ алу үшін әкеліп, мән-жайды анықтамастан тұтқынға алды. Әкем биліктен Конституциялық Соттың шешімін күтуді талап етті. Алайда ол БАҚ-қа Батукаевтың ісі бойынша білгендерін айтып берсе де, тергеу органдарына жазбаша түрде толық ақпарат беруге дайын болған. Әкем жағдай құқықтық арнаға түспейінше, Конституциялық соттың шешімі болмаған жағдайда, біз өзімізді қорғауға құқымыз бар екенін айтқан. Бұрынғы президенттің үйіне жасалған кез келген шабуыл автомат түрде заңсыз болып саналады", - деді Шагиева.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Aliya Shagieva (@chestnayaaa)

Еске салайық, Алмазбек Атамбаев Қырғызстанды 2017 жылдың қарашасына дейін басқарды. Ол заң бойынша енді өзінің кандидатурасын ұсына алмағандықтан, орнына - Сооронбай Жээнбеков лайықты екенін айтқан, сөйтіп ол сайлауда жеңіске жетті. Көп ұзамай бұрынғы және жаңа президент арасында жанжал шығып, Атамбаевтың сыбайластары тұтқындала басталды.

Қазір Атамбаевқа қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Маусымда Бас прокуратура ел парламентінен саясаткерді экс-президент мәртебесінен айыруды сұраған. Депутаттар оған дауыс беріп, шешім қабылданды.

Бірақ Атамбаевқа әлі ресми айып тағылған жоқ. Прокуратура бірнеше рет оны аталған істер бойынша жауап алуға шақырған, бірақ ол президенттік дербес құқықтылығынан заңсыз айырылғанын айтып, онда барудан бас тартып жүрген. 

Міне, дәл осы бас тартуларға байланысты шабуыл жасалған. Осылайша Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков 8 тамызда таңертең шабуылдан кейін Атамбаевтың мәртебесі өзгергенін мәлімдеді. "Бұрын Атамбаев куәгер ретінде ғана жауап алуға шақыртылса, енді ол ауыр қылмыстарға күдікті ретінде шақырту алады, - деп мәлімдеген Жээнбеков Қырғызстан парламентінің кезектен тыс отырысында.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 515.11  course down  535.94  course down  5.16  course down

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer