КРУШЕНИЕ САМОЛЕТА БЛИЗ АКТАУ: ХРОНИКА АВИАКАТАСТРОФЫ
17 августа 2021 | 10:29

2 мың доллар табыс. Зауыттан кетіп, өмірлік кәсібін тапқан Асқардың хикаясы

Камила Долаева
Камила Долаева Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© instagram.com/bumagaz © instagram.com/bumagaz

34 жастағы Асқар Бумага - Атырау тумасы. Алматы Энергетика және байланыс университетінің Инженерлік кибернетика кафедрасын тәмамдаған. Бес жыл ЖЭО-2-де жұмыс істеп, инженер лауазымына көтерілген. Алайда бүгінде ол Қазақстандағы топ фотографтардың бірі. Асқар Бумаганың өмірін өзгерткен не, оны зауыттан "сатып алған" кім және фотограф ретінде миссиясы қандай? Осы сұрақтардың жауабы Tengrinews.kz тілшісінің материалында.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

34 жастағы Асқар Бумага - Атырау тумасы. Алматы Энергетика және байланыс университетінің Инженерлік кибернетика кафедрасын тәмамдаған. Бес жыл ЖЭО-2-де жұмыс істеп, инженер лауазымына көтерілген. Алайда бүгінде ол Қазақстандағы топ фотографтардың бірі. Асқар Бумаганың өмірін өзгерткен не, оны зауыттан "сатып алған" кім және фотограф ретінде миссиясы қандай? Осы сұрақтардың жауабы Tengrinews.kz тілшісінің материалында.

Оның суретке деген махаббаты 13 жасында оянған екен. Ата-анасы пленкалық фотоаппарат алып бергеннен кейін Асқар күнде оны өзімен мектепке тасып, достарын, өзін, айналасындағы заттарды түсіретін. Бірақ сол кезде ол мұның сүйікті жұмысына айналарын білген жоқ. Кейін жазда 3/4 суретке түсіретін шағын дүкенде қосымша ақша таба бастаған.

Асқар Бумаганың айтуынша, ол әскерден келіп үйленбек болғанда әпкесі "Не сыйлайық?" деп сұраған. Ол жарымен келісіп фотоаппарат деген екен. Дәл осы сыйлық оның фотограф өміріне жақындатқан.

"Той алдында фотосессияға тапсырыс бердік, бізді студияда түсірді. Сол кезде фотографтың қалай жарық қойғанын, қалай түсіріп, одан не шыққанын көру өте қызық болды. Менің сұрағым таусылмады. Фотодан басқаны ойлай алмай қалдым. Ал фотоаппарат сыйлаған соң оны үнемі алып жүретін болдым. Кейін түсірген суреттерімді "Вконтакте" желісіне жүктей бастадым", - дейді ол.

Бұл кезде Асқар Бумага Алматыдағы Жылу электр орталығында электрслесарь болып жұміс істейтін. Бесінші жылы инженер қызметіне көтерілген. Алайда ол жалақыдан жалақыға дейін қарызға өмір сүргенін жасырмады. Баласына сұраған қымбаттау ойыншығын алып бере алмағанда әке іштей қысылғанын да айтады.

"Зауытта жаман болды дей алмаймын. Онда тұрақтылық бар, үлкен өмір мектебі болды. Керемет адамдар жұмыс істейді. Бірақ бұл менікі емес екенін түсінетінмін. Маған жаңа жерге бару, көру жақынырақ болатын", - дейді фотограф.

Осылайша бір күні досы Қазақстандағы ірі баспалардың бірі шығаратын балалар журналына фотограф керек екенін, оларға туындылары ұнағанын айтып, сұхбаттасуға шақырғанын хабарлаған.

 "Сұхбатқа келістім. Кеңселері "Нұрлы тауда", 20-қабат, терезеден тау көрінеді, адамдар да сәнді киінген, өзгеше сөйлеседі. Өндірістен кейін басқа әлемге түскендей болдым. Олар маған бас тарта алмайтын ұсыныс жасады. Жалақысы зауыттан 2 жарым есе көп болды. Баспада суретке түсіретін адам, дизайнерлік бағдарламаларды білетін адам және иллюстрация салатын адам бөлек. Ал мен мұның бәрін жасай алатынмын, сондықтан оларды қызықтырдым", - дейді фотограф.

Алайда, Асқардың сөзінше, зауытта жұмыс істегені бекерден емес. Олар оқуын төлеп берген екен. Ал оны өтеу үшін тағы бес жыл жұмыс істеуі керек еді. Не құйған ақшасын қайтаруы тиіс.

"Осылайша журналдың бас редакторы осы ақшаны беріп, мені "сатып алуға" келісті. Оның өтемі жалақымнан алынып тұратын болды. Содан мен мұны жақсы мүмкіндік деп түсіндім. Жарымның, ата-анамның қолдауының арқасында зауыттан кетуді ұйғардым. Қазір шешпесем, мұндай мүмкіндік болмайды дедім", - дейді ол.

Асқар Бумага зауыттан шығып, баспаға бару қиын болғанын айтты. Бір жағынан тұрақты жұмысқа үйреніп қалған, екінші жағынан айналасындағылдар, әсіресе үлкендер сынға алған.

Дегенмен шешімге келгеннен кейін Асқардың өмірі біртіндеп өзгереді. Бастапқыда жұмысының 70 пайызы дизайнға байланысты болған, қалған 30-ы сурет түсіруге. Бірақ 2-3 жылда өзін фотограф ретінде жақсы дамыта алған ол басшылықтың көзіне түсіп, ірі жобаларға араласа бастайды.

"Басшылық сенім артып, ірі түсірілімдерге жібере бастады. Журнал мұқабасын түсірдім, танымал актер, музыканттармен жұмыс істедім, жабық көрсетілімдерге бардым", - дейді ол.

Кейін фотограф машықтары жетілгенін түсінгенде, той, Love story түсірілімдеріне қызығушылығы оянғанын айтады. Осылайша баспадағы жұмыстан жалығып, дамымай жатқанын көргенде, ол жерден шығып, жеке брендін дамытуды шешкен. Сөйтіп 2012 жылдан бері өз бетінше жұмыс істейді екен. Айтуынша, шығармашылықта шек жоқ, жұмыстың бір жақсысы еркіндік бар.

Бүгінде Асқар Бумага шетелде де, өз елімізде де тәжірибесін бөлісіп, студенттерге сурет түсіру өнерін үйретіп жүрген той фотографы, оны жоғары оқу орындары, түрлі шағармашылық форум ұйымдастырушылары спикер ретінде қонаққа шақырады. Қазір өзінің бірінші кітабын жазып жатыр. Ал 19 қыркүйекте Алматыда алғашқы фотокөрмесі өтеді. Асқар Бумага бір түсірілім үшін жұмыс көлеміне қарай 800-ден 2 мың долларға дейін алатынын айтты.

"Суреттің құндылығы жыл сайын арта береді. Уақыт өтеді, заттар жоғалады, адамдар кетеді, бірақ естелік әрдайым жадыңда. "Сурет - уақыт машинасы сияқты" деген сөз менің ұстанымым. Мен адамдарға ең керемет сәттеріне оралуға мүмкіндік бергім келеді, сондықтан уақыт машинасын жасаймын. Мұның құндылығын көп жыл өткенде ғана білеміз, деймін мен адамдарға. Өзім түсірген адамдар кейін мені жақсы оймен есіне алып отырса, миссиям орындалғаны", - деді фотограф. 

© Суреттер: instagram.com/bumagaz

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 516.05  course up  536.88  course up  5.2  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer