Бүгін 7 арнадағы "Өз ойым" бағдарламасында "Тоқал болғым келеді" тақырыбы қозғалды. Бағдарламаға қонақ болған 21 жастағы Меруерт тоқал болудан қорықпайтынын мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл қадамға қазіргі жас жігіттердің қаражатының аздығы себеп екен.
"Құрбыларым жүретін жігіттердің жасы 21-23 аралығында. Ақшасы жоқ. Құрбыларыма олар ешқандай да ақша бермейді. Ал маған айына миллион теңге қажет", - деп ашығын айтқан қыз бұл қадамынан еш ұялмайтынын жеткізді. Ал өзіне сонша ақша беріп, асырауына алатын адамына ол бар махаббаты мен уақытын арнаймын дейді. Десе де, бұл шешімін қыздың әке-шешесі білмейді де екен.
Ток-шоуға қонақ болған екі әйелі бар қонақ Асылбек Жүсіп қыздың бұл қылығын ішінара қолдайтынын айтады. Алайда, ақша үшін тоқал болуы тұрғысында қарсылығын білдірді.
"Тоқалдан дені сау адам тумайды деу қате. Абай мен Шәкәрім де тоқалдан туған. Керемет адамдар тоқалдан туған әрбірден соң. Әр нәрсенің ризығы бар, қазақ "Келіннің аяғынан, қойшының таяғынан" дейді. Бұл нені білдіреді? Егер қойшың жақсы болса, ризық қойшыңмен келеді, малың көбейеді. Ал ризық үйге әйелмен, баламен келеді. Қазақта "Бас екеу болмай, мал екеу болмайды" дейді. Сондықтан одан ешқашан қорқуға болмайды. "Бір қозы артық туса, бір шөптің басы артық шығады" деген тағы бір сөз бар. Біз қазір еліміздің болашағын ойлайтын азаматтарды тууды ойлауымыз керек", - деп құптады ол тоқалға шыққысы келген қызды.
Бағдарламаға 25 жасында өзінен 24 жас үлкен отбасылы ер адамға еш қорықпай тоқал болып тұрмысқа шыққан Алтай қазағы да келді. 16 құрсақ көтеріп, заңға қайшы болса да бірінші әйелден баласы бар еркекпен бас қосқанын тоқал Жеңісгүл Ермұқамбет 8 баласын алдыртып тастағанын, қазір 8 баланың анасы екенін айтты. Ол енді күйеуіне үшінші әйел әперетінін де айтып салды.
14 жыл бұрын Қазақстанға қоныс аударған ана қазір жары және балаларымен Астанада тұрады. Жеңісгүл Ермұқамбеттің айтуынша, жақын арада 70-ке таяп қалған қайратты жарына үшінші әйел алып беруге ниетті екен.
Айта кетейік, "Өз ойым" ток-шоуында жүргізушілер жанжалдасып қалған тараптарды ашық диалог арқылы татуластыруға тырысады, ал көрермендерге жағдайдың анық-қанығына көз жеткізуге көмектеседі. Сонымен қатар, айтылғанның барлығын кесіп-пішіп, шешілмейтіндей көрінген түйінді мәселені тарқатуға тырысады.
Бір жарым сағаттық ток-шоу сейсенбіден жұмаға дейін сағат 15:00-де көрсетіліп жүр. Телеарна студиясы мен сайтындағы интерактив кезінде көрермендердің дауыс беруі жүреді.
Для удобства наших пользователей настроили автоматическое определение местоположения авторов комментариев
Мозгов ноль вот и будет всю жизнь на втором плане ходить дура )))))
Чайка!!! которая хочет все готовое!
Ақшасына қарап бай таңдасаң қарық болған екенсің! Ақша үшін жақсы көріп тигенді қандай еркек сыйлап,жақсы көреді!?
омир не болып барады акша ушин ар намысты умытты гои жастар
а никто не задумывался куда у нее миллион в месяц уходит ,даже по фото видно пухленькая сельская девушка,точно ни в себя вложения идут )))) может даже такую сумму в руках не держала,на ура сказала ,авось по тв кто увидит,откликнется)))
Она не любовника с женой ищет, она ищет спонсора, так что тема не полностью раскрыта, таких девушек сейчас много
Если кто нибудь купит тебя, он будет обращаться с тобой как вещью. Не станешь нужна,встретится такая же новая вещь,выкинет в мусорку...
Осыныда жаналык етип жаздындарма.кошеде екинин бири арыктагысы келеди по калгандары семиргиси келеди.
Чего можно ждать от такой, бессовестно заявляющей на всю страну о своей продажности?! И как можно ее после этого называть? На ум приходит только одно название...
Мужчины думают в токалки соглашаются девушки от большой любви?Соглашаются те кому негде и не на что жить,или те которые не хотят работать но при этом жить хорошо,или те которые рассчитывают все таки со временем довести его до развода,где тут любовь?
Ериккендер
Аппетит не плохой у сестренки
Сөздеріне "Алла қаласа" деп "қалайтын не қаламайтынын " қайдан біледі? Өздерінің "қалайтындарын " Құдайға іле салып... Құдайшыл болса білу керек емес пе "Адам мен тек оған жар қылып Хауаны жаратқанын".Хауадан соң тоқал жаратқан жоқ ! Өздерінің пенделік "нәпсілерін" тыққыштап "бұйыртқыны" деп сөйлегіштер...
Это актеры? Так как в очках, но всеравно же узнаваема внешность
Абай тоқалдан туылған жоқ ! Абайдың шешесі Құнанбайдың інісінің әйелі , Құнанбай әулетіне тоқал боп келген жоқ ,сол әулетке- Құнанбайдың інісіне алғашқы жар болып саналады ! Ол інісі өлген соң ғана ӘМЕҢГЕРЛІКпен Құнанбай алады.Бұл ӘМЕҢГЕРЛІК САЛТЫ ,еш тоқалдықпен қатысы жоқ ! Тоқал болғысы келетіндер Абайды сөздеріне араластырмау керек ! Абай тоқалдан туылмаған !
мәселе байлықта емес, отбасында ен мныздысы балага тәрбие, билим беру. акша колдын кири бугин бар ертең жок, ал билиммен тәрбие урпактан урпакка жалгаса бермек.
Сейчас многие вдвоём зарабатывают, не покладая рук, к 30 годам смотришь и квартирка небольшая, машина и двумя детьми в Турцию ездят... она тут жизнь не прожила, уже претензии, тьфу на таких..
Лям, это не большие деньги , но лично она даже $100 не стоит! В голове “0” на какую тему с ней говорить ???
Недалекого ума девушка. Пословицы не поняла, да еще и смысл им другой дала. Сама поймёт когда-нибудь. Возможно))
Кто его возмет ?