ОЦЕНИТЕ РАБОТУ АКИМА
19 февраля 2020 | 15:43

30 жыл бойы бала көтере алмаған 54 жастағы алматылық әйел егіз босанды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Алматылық 54 жастағы Қансұлу Әбдімұратова тұрмысқа шыққан соң ұзақ жылдар бойы бала көтере алмаған. Дегенмен үмітін үзбеген ол 30 жыл өткен соң егіз бала босанады. Бұл туралы ол Ұлттық арнадағы "Niet" бағдарламасында айтты.


Алматылық 54 жастағы Қансұлу Әбдімұратова тұрмысқа шыққан соң ұзақ жылдар бойы бала көтере алмаған. Дегенмен үмітін үзбеген ол 30 жыл өткен соң егіз бала босанады. Бұл туралы ол Ұлттық арнадағы "Niet" бағдарламасында айтты.

Қансұлу Әбдімұратова 1992 жылы Өзбекстаннан көшіп келген екен. Бастапқыда сауда-саттықпен айналысса, қазір қаладағы асханалардың бірінде аспаз болып жұмыс істейді.

19 жасында тұрмыс құрған келіншек жолдасымен 30 жыл бойы сәбилі болуды армандап, бармаған жері қалмағанын айтады. Қансұлудың айтуынша, ол көпбалалы отбасыдан шыққан жігітке тұрмысқа шыққан.

"Күрестім, емделдім, қаралдым. Бармаған жерім қалған жоқ. 30 жыл баласыз жүру - мен оны қазір айтып жеткізе алмаймын. Біздің кезімізде ультрадыбыс зерттеуі деген болған жоқ. Дәрігерлер "көтересің, күт, ештеңе жоқ" деді. Содан үмітімізді үзбей жүрдік", - дейді ол.

Видеодан алынған кадр.

Келіншектің айтуынша, дәрігерге жолдасы да қаралған. Алайда дәрігерлер барлығы дұрыс деген.

"Күнде жылап келетін кездер болды. Жолдасыма "балалы бола алмасам біреудің бақытын байламаймын" дедім. Бірақ ол "бұл бір Алланың бізге беріп тұрған сынағы" деді де, бұл сынақты бірге көтерейік деп қол ұстасып жүрдік", - дейді Қансұлу Әбдімұратова.

Осылайша 30 жыл бойы үмітін үзбеген келіншек 49 жасында Кесарево тілігі арқылы егіз ұл босанды.

"Тек мен емес, отбасым емес, қайын жұртым емес, мені таныған бүкіл досым, жолдасым, әріптесім, барлығы, бүкіл халық қуанды", - дейді алматылық келіншек.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 491.74   530.25   5.02 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети