Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
06 сентября 2019 17:47

914 өрт сөндіруші жұмылдырылған - Барахолкада болған ең ірі өрттер

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Жасұлан Нұрқасымов © Жасұлан Нұрқасымов

Бүгін Алматы қаласында барахолка базарының өртеніп жатқаны хабарланды. Алайда бұл базарда болып жатқан алғашқы өрт емес. Tengrinews.kz тілшісі барахолкада бұған дейін болған ірі өрт оқиғаларына шолу жасады. 


Бүгін Алматы қаласында барахолка базарының өртеніп жатқаны хабарланды. Алайда бұл базарда болып жатқан алғашқы өрт емес. Tengrinews.kz тілшісі барахолкада бұған дейін болған ірі өрт оқиғаларына шолу жасады. 

Бәрі 2012 жылы басталды

Осыдан жеті жыл бұрын, яғни 2012 жыл 27 тамызда сағат таңғы 06:09 шамасында болған. Өрт барахолкадағы "Дәстүр" киімдер базарында болған. Өрт аумағы 80 шаршы метрді құраған. Жалын шамамен екі сағаттың ішінде, яғни 08.11-де сөндірілді.


2012 жыл, 27 тамыз. © kursiv.kz

2013 жыл қызыл жалынға толы жыл болды

2013 жылы 30 шілдеде сағат 19:56-да болды. "Адам" базарында халық тұтынатын тауарлардың алты контейнері жанып кетті. Өрт аумағы 80 шаршы метрді құраған. Өрт салдарынан 1992 жылғы азамат зардап шегіп, ауруханаға жеткізілген. Жалын сағат 20:50-де сөндірілген.

Дәл осы жылы 9 тамызда сағат 21:32-де тағы бір өрт болған. Тілсіз жау барахолкадағы "Үшқоңыр-7" базарын шарпыған. Салдарынан 1997 жылғы азамат Асылжан Дандыбаев зардап шеккен. Нәтижесінде зардап шегушіде көз қабығының термиялық күйігі пайда болды. Жалын 300 шаршы метр аумақты құраған. Тіпті өрттің көрші аумақтарға өту қаупі болған. Оқиға орнына 19 техника мен 80 адам жұмылдырылған. Өрт сағат 00:14-те сөндірілген. 

Араға сәл ғана уақыт салып, 2013 жылы 13 қыркүйекте сағат 13:55-те "Олжа" базарынан басталған өрт "Аян" базарына ұласқан. Оқиға орнына 142 техника, 1518 адам мен екі тікұшақ жұмылдырылған. 


"Олжа" және "Аян" базарындағы өрт. 2013 жыл, 13 қыркүйек. Фото © Роза Есенқұлова

"Олжа" және "Аян" базарында болған өрт салдарынан екі адам зардап шеккен. Ауруханаға жүгінген бірінші адамның үстіне металл конструкциясы құлап, салдарынан аяғы сынған. Ал екінші адам денсаулығының нашарлауына және бас айналуына шағымданған. Сондай-ақ төрт адам медициналық көмекке жүгінген. Кейіннен брифинг барысында Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері өрт аумағы 5400 шаршы метрді құрағанын мәлімдеген еді. Шамамен 200-ге жуық бутик өртенген. 13 қыркүйек сағат 13:55-те басталған өрт 14 қыркүйек сағат 06.38-те сөндірілген. 

Өрт салдарынан зардап шегуші Жанар Примбетованың айтуынша, өрт кезінде адамдар бутиктерді тонауға тырысқан.

Барахолка аймағында болған бұл өрттен келген зардап құны 25 миллион теңге болған еді. 

2013 жылы 17 қарашада "Құлагер" және "Арал" базарлары өртке оранды. Куәгерлердің айтуынша, өрт түнгі үштер шамасында басталған. Өрттің алдын алуға барлығы 300 адам мен 40 техника жұмылдырылған. 

Өрт сағат 11:08-де сөндірілген. Жалынды ауыздықтауға Алматы облысының өрт сөндіру өкілдері де көмектескен. Өрт аумағы 3000 шаршы метр болды. 

Бутик иелері өрт сөндіру кезінде тонау көп болғанын айтады. Артынша сол кездегі Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов тонауға жол бермеуге тапсырма берді. Кейіннен барахолкадағы өрт кезінде алты адам бутиктерді тонағаны анықталған. Ұсталғандардың екеуі Өзбекстан азаматы болып шықты. 21 жастағы азаматтар "Арал" базарындағы бутиктерге кіріп, жалпы құны 250 мың теңге болатын тауарды қолды қылған.

2013 жылы 12 желтоқсанда "Алатау-2" базарының бес контейнері өртеніп кетті. Өрт аумағы - 150 шаршы метр. Жалынды екі сағат бойы 107 адам мен 34 техника сөндірген. Зардап шеккендер болмады. 


Видео СТВ телеарнасының "Территория происшествий" бағдарламасынан

2014 жылы 4 ақпанда шамамен сағат 21:00-де "Юпитер" базары өртенген. Өрт аумағы - 400 шаршы метр. Жалынның тіпті "Алатау-1" базарына өту қаупі болған. Өртті ауыздықтауға 914 адам жұмылдырылған. Жалын сағат 23.52-де сөндірілген. 

2016 жылы 18 тамызда "Олжа" базары өртке оранған. Өрттің жалпы аумағы 3000 шаршы метрді құраған. Барлығы 110 адам, 30 техника мен КА-32 тікұшағы жұмылдырылған.  

2018 жылы 1 қарашада сағат 13:41-де барахолкадағы "Адем" сауда үйінде қоймалар өртенген болатын. Болжам бойынша өрттің аумағы 3000 шаршы метр. 

2019 жылы 6 қыркүйекте сағат 13:30-да металлпластиктен жасалған бұйымдар сақталған бір қабатты қойма өртенді. Оқиға орнына Ми-8 және К-32 тікұшақтары және 64 өрт сөндіруші мен 13 техника жұмылдырылған. Өрт сағат 17:09-да сөндірілді.


Оқиға орнынан видео

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 443.2   490.7   4.82 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети