Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
18 октября 2019 15:25

"Ақ орамал мен қызыл халат - қазақ келінінің дресс-коды"

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақ босағаны аттап, келін атану өмірдегі ең бақытты сәттердің бірі деуге болады. Жаңа отбасы, жаңа туыстар, жаңа өмір. Оған ең алдымен психологиялық тұрғыдан дайын болу керек. Себебі ол үлкен жауапкершілік екен. Ата-ананың, жолдасының алдындағы жауапкершілік. Қазақ келінінің алғашқы бір айдағы өмірін баяндаған ашық әңгімесі Tengrinews.kz тілшісінің материалында. 


Ақ босағаны аттап, келін атану өмірдегі ең бақытты сәттердің бірі деуге болады. Жаңа отбасы, жаңа туыстар, жаңа өмір. Оған ең алдымен психологиялық тұрғыдан дайын болу керек. Себебі ол үлкен жауапкершілік екен. Ата-ананың, жолдасының алдындағы жауапкершілік. Қазақ келінінің алғашқы бір айдағы өмірін баяндаған ашық әңгімесі Tengrinews.kz тілшісінің материалында. 

Ақ орамал мен қызыл халат

Ақ орамал мен қызыл халат - қазақ келінінің дресс-коды. Ұзатылған соң жаңа үйге кіргенде анам екі қызыл халат пен екі ақ орамал дайындап қойыпты. Соны кидім де, беташар басталатын уақытты күттім. Беташардың өзіне 60-қа жуық адам келді. Бетімді ашқан соң барлығы құттықтап, тілектерін айтты. Артынша асүйге бардым да, үй тірлігіне кірістім. Сағат 14.00-ден бастап түнгі 11-ге дейін асүйде болдым десем өтірік айтпаймын. Әрине, мен оған моральдық тұрғыда дайын болдым. Шаршап тұрсаң да, барлығына жылы қабақ таныту керек. Себебі сен - келінсің. Осылайша келін ретіндегі алғашқы күнім асүйде өтті. Ал келесі күні таңғы 7-де тұрып, қайын ата мен енеме сәлем салып, шайын беріп, жұмысқа шығарып салдым. Осылай әрі қарай жалғаса берді. Бірінші аптада күнделікті 3-4 сағат қана ұйықтап жүрдім. Кейін ол режимге де үйреніп кетеді екенсің.

Жаңа "Папа" мен жаңа "Мама"

Бұрындары өзіңнің ата-анаңнан басқа адамды "папа", "мама" деп қалай айтуға болады деп ойлайтынмын. Бірақ расында мүлде олай емес екен. Әрине, бастапқыда мама деп айтуға ыңғайсызданатынмын ба - біртүрлі болатынмын. 

Оған қоса, жаңа отбасыға әлі үйренген де жоқпын. Бірақ келесі күні-ақ үйреніп кеттім. Керісінше, өзіме ұнай бастады, одан бөлек сәлем салу бар. Қалай дұрыс сәлем салу керек деп ойланып жүретінмін. Сәлем салуды беташар кезінде көріп, үйреніп алдым, Енді күнделікті таңертең ата-енеме және қонаққа келген үлкен кісілерге ата-апаларға сәлем саламын.

Келін шай

Тұрмысқа шыққанға дейін де келін шай дегенді жиі еститінмін. Өзіме қызық болып көрінетін. Келін шайдың қалай болатынын өзім де көргім келетін. Келін шай жаңа түскен келіннің қолынан шай ішу үшін жасалып, жаңа туыстармен жақын танысып, тату-тәтті қарым-қатынас осы келін шайдан басталады екен. Бірақ келін шай бір рет шай берумен аяқталмайды.

Қонақтар "келіннің қолынан шай ішейік" деп кез келген уақытта шайға келе алады. Ең қызығы, шай құйып жатқанда үлкен қариялар, әжелер бос пиалаға ақша салып жібереді. Келінге деп, пиалаға 2000, 3000 теңге салып береді.

Өмірімде ешқашан тамақ дайындап көрмегендей сезімде болдым

Жаңа отбасында алғаш тамақ дайындаған сәтте қатты қобалжыдым. Қобалжығаным соншалық - өмірімде ешқашан тамақ дайындап көрмегендей сезімде болдым. Ұнамай қала ма немесе дәмсіз болып шыға ма деп қорықтым. Ол кезде енемнен басқалары барлығы жұмыста болды. Анам "палау дайындай сал" деді. Содан әдеттегідей тамақ дайындауды бастадым, дегенмен қобалжып тұрдым. Барлығы жұмыстан келіп, дастарханға отырды. Дайындаған палауымды қойдым. Қуанышыма орай, ойдағыдай, дәмді болып шықты. Бірақ қобалжығанымды сөзбен жеткізу мүмкін емес. 

Тойға бір күн қалғанда...

Келін боп түскеннен кейін екі апта уақыттан соң үйлену тойы өтетін болды. Барлығы екі апта бойы қарбалас болды, уақыт та тез өтіп кетті. Тойға дейінгі екі апта қалай өтер екен деп ойлап жүрген едім. Күнде келін шай, күнде қонақ болды. Той өткен соң ғана қонақтар саябырсып, жаңа отбасыма үйрене бастадым. 

Бірақ тойға бір күн қалғанда естен кетпес жағдай болды. Бір ай бұрын макияж жасайтын қызға жазылып қойған болатынмын. Бірақ тойға бір күн қалғанда ол қыз маған ауырып қалғанын айтып, хабарлама жазып жіберді. Содан есім шығып, Интернетке кіріп, тез арада макияж жасайтын мамандарды іздей бастадым. Өміріңдегі ең маңызды күні осындай жағдайды ұмытпайтынымыз сөзсіз. Әйтеуір, бір маманды тауып, соған жазылдық. Үйге таңғы сағат 8-де келіп, құрбым екеумізді бояндырып берді. Бастысы барлығы ұнады.

Енді той өтіп, барлығы тынышталған соң бір жарым айлық еңбек демалысынан жұмысқа шықтым. Осы күнге дейін жаңа отбасыға кішкене болса да үйреніп қалған сияқтымын.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 449.3   483   4.85 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети