ОЦЕНИТЕ РАБОТУ АКИМА
13 августа 2019 | 11:38

Әкім пакетпен жүр ме? Желіде Бақытжан Сағынтаевтың суреті талқыланып жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев

Әлеуметтік желілерде Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың мешіттен шығып бара жатқанда түсірілген суреті талқыланып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Әлеуметтік желілерде Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың мешіттен шығып бара жатқанда түсірілген суреті талқыланып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Журналист Ришат Асқарбекұлы "Пакет көтерген әкім" деген әзіл жазбасын жариялап, әкімнің суретін жүктеген. Бейнеде көзілдірік киген әкімнің мешіттен шығып бара жатқанын көруге болады. Сол қолының тұсында сары зат бардай. 

"Алматы әкімі орталық мешітке келіп, құрбандық шалыпты. Құрбандықтың етінен сары пакетке өзіне тиеселіні салып беріпті. Үйдегілер де ауыз тисін дегені ғой. Не деген қарапайымдылық! Пакет көтерген әкімді бірінші рет көруім", - деп жазған журналист. 

Алайда, қулықты көзі қарақты қолданушылар әкімнің сол қолының тұсынан көрініп тұрған сары құбырдың бір бөлігі екенін бірден аңғарған. 

"Елдің көбінің ойлағаны сары пакет болды", "Ришат, өлтірдің)", "Рәке, қатырдыңыз ғой) Пакет деп қалдық)" деп жазып жатыр Желі қолданушылары.

Айта кетейік, Сағынтаев биыл маусым айының соңында оңтүстік астананың әкімі болып тағайындалған еді. 

"Түнгі көбелектермен" күрес, аурухана мен полицияға тапсырма - Сағынтаевтың бір аптасы қалай өтті

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Курс валют

 498.51   521.12   4.87 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети