ОЦЕНИТЕ РАБОТУ АКИМА
24 июля 2019 | 12:47

Алматы метросында скрипкада ойнап, жұртты таңғалдырған кім?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоғжан Шакеримова. © Tengrinews.kz коллажы Тоғжан Шакеримова. © Tengrinews.kz коллажы

Алматы метросында скрипкада ойнап, жолаушылардың көңілін көтерген қыз Instagram оқырмандарын да тәнті етті. Көптеген халықтың назарын аударған скрипкашы қызбен Tengrinews.kz тілшісі сөйлесіп көрді. 


Иконка комментария блок соц сети

Алматы метросында скрипкада ойнап, жолаушылардың көңілін көтерген қыз Instagram оқырмандарын да тәнті етті. Көптеген халықтың назарын аударған скрипкашы қызбен Tengrinews.kz тілшісі сөйлесіп көрді. 

Бейнеролик желідегі парақшаларда тарап кеткен. Видеоның басты кейіпкері - Тоғжан Шакеримова. Тоғжанның жасы 17-де. Қазір 12-сынып оқушысы. Оның айтуынша, скрипкамен бала күнінен айналысып келеді екен.

Роликтегі оқиға 22 шілдеде таңғы уақытта болған. Ол өзін біреулердің видеоға түсіріп тұрғанын байқамаған екен. Метрода ол канадалық композитор әрі әнші Леонард Коэннің Hallelujah композициясын орындаған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Безумно подняла настроениe и раскрасила серые будни в алматинском метро многих пассажиров????

Публикация от ZHEST_KZ (@zhest_kz)

"Анам мені Күләш Байсейітова атындағы музыка мектебіне апарған болатын. Сөйтіп осы мектептің бірінші сыныбына түстім. Шынымды айтсам, скрипкада ойнауға деген құлшынысым 14 жасымнан басталды десем болады", - дейді ол.

Тоғжанның айтуынша, оның скрипкаға деген махаббатына Айман Мұсаходжаеваның шығармашылығы әсер еткен. 


© instagram.com/sou1_rhythm

Тоғжан кенеттен кездейсоқ жерлерде өнер көрсеткен ұнайды дейді. Метрода ойнауының себебі де осы екен. 

"Метро - менің ең сүйікті жерім. Ондай жерлерде адамдар ерекше дүниелерді күтпейді. Барлығы ойында ештеңе жоқ, өз жұмысымен жүреді немесе үйге қайтып бара жатады. Одан бөлек, Арбатта да ойнаймын", - дейді Тоғжан. 


© instagram.com/sou1_rhythm

Тоғжан оны сыртта көрген адамдар қораптағы скрипкасына қызығып, сұрақтар қоя бастайды дейді.

"Мен өнерім үшін ақша сұрамаймын. Маған жан-жағымдағыларға көңіл-күй сыйлаған ұнайды. Көбі қашаннан бері скрипкада ойнайтынымды, қиын ба жоқ па деген сияқты сұрақтар қоя бастайды. Кейде тіпті өнер көрсетіп болғаннан кейін алғыс айтып жатады. Осыдан айналамдағы адамдарға бұл қызық деп ойлаймын", - деді ол.

Бейнероликті көрген желі оқырмандары "Керемет!", "Жарайсың" деп таңғалыстарын жасыра алмады.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Курс валют

 494.98   521.17   4.92 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети