КРУШЕНИЕ САМОЛЕТА БЛИЗ АКТАУ: ХРОНИКА АВИАКАТАСТРОФЫ
11 июля 2018 | 10:51

Алматылық балгердің шытырман әңгімесі немесе түс жору жайлы

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
©TUT.BY ©TUT.BY

Ұзақ уақыт бойы ғалымдар түстің не екенін білмей келеді. Ал қазіргі заманғы ғылыми деректерде келтірілген дәйектер мен болжамдарға сүйенсек, түс көруге байланысты көптеген гипотеза бар. Сол гипотезаның бірі - түс басынан өткен оқиғаны көрсетеді десе, екіншісі түс - болашақтың айнасы деген тұжырымға тоқталады.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Ұзақ уақыт бойы ғалымдар түстің не екенін білмей келеді. Ал қазіргі заманғы ғылыми деректерде келтірілген дәйектер мен болжамдарға сүйенсек, түс көруге байланысты көптеген гипотеза бар. Сол гипотезаның бірі - түс басынан өткен оқиғаны көрсетеді десе, екіншісі түс - болашақтың айнасы деген тұжырымға тоқталады.

Адамдар түсті қаншалықты жиі көреді, ол нені білдіруі мүмкін? Ғалым, психолог, емші, экстрасенстердің айтуынша, адамдар түсті өте жиі көреді, тіпті күніне 3000-нан аса түс көреді-мыс. Психологтардың пікірінше, адам баласы 8 сағат ұйқының шамамен 90 минутында түс көреді екен. Адамдардың көбі тіпті түске үңіліп аса қатты мән бере қоймайды. Егер маманға я болмаса түс жорамалға жүгінер болсақ, ең қарапайым түс дегеннің өзіне де, таңғаларлық түсінік табылып жатады.

Балгер болып жұмыс істеуінің мақсаты ақша табу үшін емес, әжесінен дарыған қасиеті арқылы адамдарға көмектесу деген Амина түсті жақсы жори алатын адам ғана айту керек екенін мәлімдеп отыр. Оның айтуынша, түсті мүмкіндігінше көрген-түйгені мол, ақыл тоқтатқан кісіге жорытқан абзал. Сондай-ақ әзілдесіп ойнайтын құрдастарға, ойланбай сөйлейтін бала-шағаға айтпаған жөн.

"Егер түсті жақсы деп ырымдаса жақсыға жорысын, жақсыға ырымдамаса да жақсыға жорысын я үндемесін" , - дейді балгер.

Түс оңалмай, іс оңалмас...

"Бір клиентім келді. Оған түсін кім жорып бергенін, қалай болғанын бәрін көзіне жас алып тұрып баяндап берді. Бар мәселесі түсті жақсылыққа жорымағаны. Яғни, жору арқылы өзінің болашағын алдын ала жоспарлдап қойды. Бұл жағдай клиентіме түсті әркімге жорытып, айта бермеу керек деген сабақ болды.

"Клиентім бір тауар сататын компанияның сатушысы болып қызмет атқаратын. Отбасымен бірге Алматы тұрды. Туған анасы әкесімен ажырасып, басқа әйелді алған. Оған шыдамаған Шыңғыс бала-шағасымен бірге басқа қалаға көшіп кетті. Шыңғыстың айтуынша, ол жарты жыл бойы тек бір ғана түсті қайталап көріп жүрген. Түсіне бейтаныс кейуана кіреді.Сол түсінде Шыңғыстың жалғыз ұлы әлгі бейтаныс әйелмен қол ұстасып тұрады. Бірақ, Шыңғыс түске, ырымға аса сене қоймағандықтан, мән де бермеген. Бір күні Шыңғысты туысқандары бас қосуға шақырады. Туыстар арасында бұрынғы кездерді еске алып, ескі альбомды ақтарып отырған кезде әлгі түсіндегі кейуананы көріп қалады. Қара терге түскен Шыңғыс "Бұл кім?" деп сұрағанында, оған "Өгей шешең" деп жауап берді. Аң-таң болған Шыңғыс түсін туыстарына айтып, оған "Балаңа абай бол да, өгей шешеңе құран бағышта" деп айтқан. Алматыға өгей шешесіне құран бағыштауға келген Шыңғыс туыстарымен кездесіп, бір күнге ұшағын кейінге қалдырғанын әйелі білмей "Қайдасың? Тезірек хабарласшы" деген хабарлама жазады. Шыңғыс үйіне келген бойда ұлы мен әйелі көлік апатына ұшырағанын естиді. Әйелі тірі қалып, 3 жасар баласы оқиға орнында жан тапсырған. Ұялы телефонға үңілген әйелі көлікпен 3-4 рет аударылып, көлік қайтадан орнына тұра қалған екен. Таңғаларлығы бұл оқыс-оқиға Шыңғыс өгей анасының зиратына барған кезде болған. Кім білсін, егер Шыңғыстың түсін жақсылыққа жорып, түсі жайлы қорқынышын, ұлы әлгі кейуананың жанында неліктен жүргені деген қорқынышын сейілтіп, жақсылықтың нышаны деп жорыса баласы аман қалар ма еді? Осы оқиғадан кейін Шыңғыс бірде-бір түс көрмеген" , - деп балгер өз әңгімесімен бөлісті.

Балгердің айтуынша, түстің астарында ақиқат бары рас дегенмен, адамға жауапкершілік түсетін уақыт - оның ояу кезі. Адам ұйықтап не талып қалған кезде жауапкершіліктен босатылады.


© estet-portal.com

"Ұйықтап жатқанда түс көру - пенде баласына тән тылсымдардың бірі. Көп адам "түс - дегеніміз аян" деп сеніп, түстің сырын ұғуға тырысса, біреулер "түс - түлкінің тезегі" деп қолын сілтеп, мән бермейді де. Кейде түсінде көргенін, өңінде көріп, түсінде кездестірген адамды өңінде жолықтырып, түсіндегі нәрселер жалғасын тауып жатады. Бірақ, түс тек біздің ойымызда болып жатқанын, түске бар ойымен беріліп кетпей, өзіне жауапкершілік алып, ақиқаттың тірлігін жасау керек. Нағыз шындық ол - ақиқат екенін түсінген абзал", - дейді балгер.

Ал осы оқиға жайлы психолог Назым Ділтайқызы ойдың жүзеге асатынын, не ойласақ соның барлығы міндетті түрде орындалатынын айтады.

Тартылыс заңы

"Адам не ойлайды, не көреді ол соның түпкі айнасы. Бұл психологияда, тартылыс заңы деген терминмен байланыстырылған. Мына жағдайда ер адам өзінің түсін жаманға жорытып, автоматты түрде жамандықты өзіне тартып алған. Тартылыс заңының күшін әлі ешкім жоя қойған жоқ. Жақсы ой болсын, жаман ой болсын ішкі түйсігіміз тез қабылдап алып, сол зат қалай шындыққа айналғанын білмей де қаласың", - дейді психолог.

Маманның пікірінше, бір жаман ой жүз жаман ойды тартады, ал бір жақсы ой жүз жақсы ойды тартады.

"Өзіңнен "Мұның маған қандай жақсылығы болуы мүмкін?" деп сұраған жөн. Адамның ойы деген шексіз ғалам ғой. Тек жақсы ойларға ұмтылу керек. Түсті жорыған кезде де жаман болатынын біле тұрсаң да, игілікке жорып, ауыздан жақсы сөзді шығара білудің өзі - өнер" , - дейді психолог Назым Ділтайқызы.

Әр халықтың тұрмыс-тіршілігі мен салт-дәстүріне байланысты түс жору түрлері де әртүрлі болады. Қазақ халқында түсті тек бабадан дарыған қасиеті бар және ислам дініне негізделіп қана жори алған. Мысалға: түсіңізде, қойды көрсеңіз - бастық боласыз немесе алдыңызда бағындыратын белестер күтіп тұр дегенді білдіреді. Ал етті я тамақты көрсеңіз, онда ол өңдегі ішіп-жемнің белгісі деп жорытқан. Бидайды көрсе, байып дәулетке кенелетін деп жорыған. Ал түсіңізде жабайы жылқыға мінсеңіз, онда оның өңінде дәрежесі өседі деген жорамалардар қаншама.

Жалпы осындай түс жорулар қазақ халқында көптеп кездеседі. Көрген түсінің тек бір әрекеті арқылы мағынасын ашып, түс жори білген. Бірақ, қазақ халқы ежелден ырым мен наным-сенімге терең мән бергендіктен, түс жайлы жорта беруді жөн көрмей, "Түс түлкінің тезегі" деген тұжырымға тоқталған.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 516.05  course up  536.88  course up  5.2  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer