ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
04 декабря 2023 | 09:09

Асыл тұқымды жылқылар қартайғанда соғымға сойыла ма? Атбегілер түсіндірді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: жеке архив Фото: жеке архив

Елімізде асыл тұқымды жылқы өсіріп баптайтын және оны көкпарға қосатын атбегілер көп. Әр аймақтағы атбегілермен асыл тұқымды жылқыны баптаудың қыр-сыры туралы Massaget.kz тілшісі сұхбаттасты.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Елімізде асыл тұқымды жылқы өсіріп баптайтын және оны көкпарға қосатын атбегілер көп. Әр аймақтағы атбегілермен асыл тұқымды жылқыны баптаудың қыр-сыры туралы Massaget.kz тілшісі сұхбаттасты.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

"Асыл тұқымды жылқы әлсіз келеді"

Толсын Бергенов Ұлытау облысы, Жаңаарқа ауданының тумасы. Атасы малшы, нағашылары атбегі болған.

Фото: жеке архив

"Алғашқыда нағашым Дәурен шабандоз болуға баулыды. Кейін сол кісіде атқа шауып бастадым. Атым бәйгеден келе бастаған соң аудандық, облыстық деңгейдегі атбегілердің тұлпарларында шаптым. Сосын ат баптау тәсілін толық үйренгім келіп, Боран ағамның қасында атқосшы, кейін Нұрбек, Жасұлан есімді ағалардың қасында жүрдім. Алғашқы қадамымды атбегі ретінде Мақсат Боранбаев ағамның тұлпарларын дайындаудан бастадым. Қазіргі таңға дейін ат баптаймын. Нәтижесі жақсы деп айтар едім", - деді ол.

Ол қазіргі таңда 11 ат баптап, күтеді.


Фото: жеке архив

"Қазіргі уақытта 11 ат ұстаймын. Оның ішіндегі тұлпарларымның бәрі асыл тұқымды. Бәрі де қазақстандық деп айта аламын. Ат баптау білген адамға өте қиын жұмыс. Ерте тұрып, кеш жатасың. Әр аттың өзіндік мінезі бар, әр атқа бөлек күтім керек. 11 атты он бір түрлі тәсілмен күтемін. Бәйгеде жарақат алса, бәрін мойынмен көтеруге тура келеді. Ал егер бәйгеге қосуға келмесе, яғни, бие болса құлындатып, тұқым аламын. Айғыр болса, үйірге салып тұқым таратқызамыз", - деді ол.

Атбегі асыл тұқымды жылқыны баптаудың өзіндік сыры бар екенін айтты.

"Асыл тұқымды атты баптаудын басты мақсаты - қанға сіңген бәйге спортын дәріптеу, сол арқылы жасөспірім балаларды атқа мінгізу. Мұндай жылқылардың жасы келгенде соямыз. Себебі оны ешкімге сату мүмкін емес. Жалпы, асыл тұқымды жылқылар әлсіз келеді. Қартайса тез өліп қалады. Оларға ерекше күтім керек", - деді ол.

"Ағылшын мен қазақ жылқысынан селекция жасаймыз"

Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданы, Айдархан ауылының тумасы, төрт баланың әкесі Ақылбек Ишанов та атбегілікпен айналысып жүргендердің бірі. Ол бұл кәсіпке дейін дене шынықтыру пәні мұғалімі мамандығы бойынша білім алып, мектеп, колледж, университетте сабақ берген.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer